Жымиыс

13 1 0
                                    

------------------------------------------------------------

Джисудың үйі.
Джису есікті кілтпен бұрап ашып, ішке Джинёнді оятып алмайын деп жәй қадаммен кірді. Үйде әкесінің жоқ екенін сезді, аяқ-киімін шеше, Джинённің бөлмесінің жанына келді. Есікті жәймен ашып, ішке көз жүгіртті. Джинённің ұйықтап жатқанын көріп, есікті жауып өз бөлмесіне кетті. Бөлмеге кіре сала, сөмкесін жиекке лақтырып жіберіп, төсегіне құлай кетті. Көптен күткен тыныш әрі жалғыз өз бөлмесінде жатыр. Көзінің қалай еріксіз жұмылып кеткенін де сезбей қалды.

Тэённің жұмысы.
Тэён ендігі өзін ауыстыратын жұмысшыны күтіп отырды. Есіктен көз алмай, сағатқа да қайта-қайта қарай берді. Уақыттың өтіп болмайтынын түсінді, сондықтан заттарды түгендеп шықпақ болып, дүкенді аралай бастады. Заттарды санап, азайғандарын қайта толтыра бастады. Сусындардың жанына келіп еді, бір сәтке тоқтап қалды. Таң ата болған жәйт есіне түсті. Джисудың салқын коланы бетіне басқаны, ойынан жүгіріп өтті. Тэён еріксіз жымия, өз ақымақтығына күліп жіберді. Есік сылдыры естіліп, Тэён өз орнына асығып бара жатты, бірақ ішке ұйқылы-ояу кірген жұмысшыны көріп, жымия кетті.

-Қайырлы таң, хён!-қуана сыртындағы форманы шешіп, өзінің күртешесін киіп алды. Үйіне асықты, бір жағынан ұйқы қысып, бір жағынан мектепке асығып дүкеннен шалынып-сүріне шыққанына қуанды. Есіктен шыға сала, үйіне жүгірді. Үйіне кірген бойдан күндегі әдетіне басып газге су қойып, өзі жуынуға кетті. Жуынатын бөлмеге кіріп, беті-қолын жуа, мектеп формасын киіп алды. Асханаға келіп, кешегі тастап кеткен кітаптарын сөмкесіне салып қойды. Сосын өзінің ерекше дәмді тамағы рамёнді дайындай бастады.

Джисудың үйі.

-Нунааа, нунаа тұрсаңшы! Сабаққа кешігеміз. Тұр енді,-Джинён төсекте терең ұйқыда жатқан қызды жұлқылай оята бастады. Қыз кірпіктері сәл-сәл жыбырлап, көзі ашыла бастады. Жанындағы қабағын түйіп тұрған Джинёнға қарап:

-Джинён, оянып алдың ба?-жымиды. Жаңа ғана көзін жұмған секілді еді, лезде 2 сағаттың өтіп шыққанына таң қалды. Тек 5 минут қана ұйықтаған адамдай болып тұрды. Орнынан еріксіз тұра, сабаққа дайындала бастады. Джинён да қызға еріп, өзінің сабағын түгендеп, мектепке баруға дайындалды.

Джэхённің үйі.
Джэхён әлде қашан тұрып, формасын киіп алған. Асханаға келіп, отбасымен бірге таңғы аста отырды, тек әкесі болмады. Бұған Джэхён қуанбаса, мұңаймас. Оның түйілген қабағы мен кемсітіп сөйлейтін дауысын естімесе, бұл күн Джэхён үшін ең жақсы күн болып есептеледі.

Қателіктер!!!Место, где живут истории. Откройте их для себя