Жалғыз жарық

10 2 1
                                    

_________________________________________

Pov/Jisoo

Таңғы тыныштық, айналадағы адамдардың барлығы ұйқылы-ояу кетіп бара жатты. Неге екені белгісіз, бірақ жұмыстан шыққан соң, осы дүкенге кіру менің әдетіме айналып кеткендей. Бәлкім осы дүкеннің тыныштығы ұнайтын шығар немесе... көздерім еріксіз Тэёнға қарады. Неге? Неге ол? Неге Тэён өміріме енгелі өзімді басқаша сезінемін. Міне, ол маған қарап отыр... бірақ оның көзінен ешқандай жеккөрінушілік, ұнатпаушылық көрінбейді. Ол жәй ғана жымиыспен  қарап отыр. Неге? Мен... мен неге Тэёнді ерекше жандай қараймын. Ол да басқалар секілді емес пе? Оның көздері, мені өзіне байлап алғандай.

Телефон шырылы, еріксіз одан көзімді алуыма күш салды. Бірақ телефоннан Джинённің есімін көргенімде, жүрегіме енді ғана орнаған тыныштық бұзылды. Қолдарым еріксіз дірілдей, тедефонды құлағыма зорға апардым. Джинённің қорыққан даусы. Тағы да, оның дірілдеген даусы. Көз алдыма оның қазіргі түрі елестеп тұрғандай. Бәрі анық, ол келді...

-Нунааа, үйгее ол кел...ді,-осы сәт барлығын ұмыттым. Тек ойымды емес, жүрегімді де билеген Тэёнді де ұмыттым. Орнымнан қалай тұрып, дүкеннен қалай шыққанымда есімде жоқ. Тек Джинён маңыздырақ болды. Егер оны да жоғалтар болсам, мен бұл өмірдің қаталдығына қалай шыдайтынымды да білмеймін... Егер Джинёнді жоғалтар болсам, менің бар үмітім үзіледі ғой. Өтінем, өтінем. Тек Джинёнді емес. Өтінем!
Үйді көре, ішке тез кіріп келдім. Джинёнді үйде жоқ болды, тіпті, оның аяқ-киімі де көрінбейді. Бірақ ол үйде болды. Үйде,үстел үстінде, маған жек көрушілік көзімен қарап отырды. Егер менің оған әкеп беріп жүрген ақшам болмағанда, мен баяғы да өліп кетер ме едім? Кім білсін?! Бірақ оның көздері қазір тым қорқынышты болды...

-Джинён қайда?- бар күшімді жинап, оған қарадым. Ол отырған орнында жауапты қысқа қайырды.

-Жоқ!-даусы қатқыл шықты. Қорқынышым күшейе түскендей, бірақ Джинёнді қорғау маған күш береді. Одан айырыла алмаймын!

-Ол қайда? Қайда кетті?!- денем өзіме бағынбай жатқандай, тіпті, даусымды басқара алар емеспін!

-Жоқ, ол! Жоқ!-ол да қарап тұрмай айғайға басты. Қорқыныш бар денемді биледі. Оның көздері, барлығыныкімен бірдей.

-Джинён, сен оны ешкімге берген жоқ шығарсың?- ойыма қаншама сұрақтар келіп жатты,қарап тұрмай Джинённің бөлмесіне кіріп келдім. Бөлмесі шашылып жатты, барлығы! Киім салып жүрген сөресі бос тұрды, тіпті кітаптары да жоқ. Өзіме қанша жоқ дегенмен сезіп тұрдым. Ол Джинёнді... Жындана оның жанына қайтып келдім.

Қателіктер!!!Место, где живут истории. Откройте их для себя