Мүмкіндік

9 1 0
                                    

Балалар үйі.

Джису Джинёнді шақыруға кеткен бала күтушіні асыға күтті. Есіктен көз алмастан қарап отырды.

-Кешіріңіз, мен сізге ініңізді көрсете аламын, бірақ сіз баланы алып кете алмайсыз,- балалар үйінің директоры, 30-40 жастағы әйел қызға қарап мән-жәйді түсіндірді.

-Бірақ...- Джису сонда да Джинёнді алып кету үшін әрекет жасамақ болды.

-Ешқандай бірақ жоқ, сіз әлі кәмелеттік жасқа да толмағансыз. Сондықтан оның үстіне әкеңіз ішімдікке салынып кеткен. Ол өз еркімен баланы бізге берді. Сол себепті де мен сізге баланы бере алмаймын. Егер оны басқа отбасылар асырап алмаса, кәмелеттік жасқа толған кезде, ол балалар үйінен шығарылады, тек сол кезде ала аласыз деп ойлаймын,- әйел қызға бар мән-жәйді бастан-аяқ түсіндіріп берді.

-Мүмкін тағы бір жолдары бар шығар,-Джису сонда да үмітін үзгісі келмеді. Әйелге көзіндегі жалғыз үмітпен қарады.

-Егер сіздің үйіңіз, тұрақты жұмысыңыз, баланы асырай алатындай жағдайыңыз болса ғана, сіз баланы ала аласыз!-әйел осыны айтып, сөзінің соңғы нүктесін қойды. Джису өзінің ол жағдайға жетем дегенше, қалай өмір сүретіндігін уайымдады. Есік қағылды. Джису бірден көңілін есікке аударды. Жүрегі дүрсілдей, жанына жақын, өзінің жалғыз інісін күтті. Есік ашыла ішке бала күтуші кірді, оның артынан таныс жүз де көрінді. Джису баланы көргеніне қуанып, көзіне еріксіз жас алды. Бір сәтке жоғалтып алдым ба деген інісі көз алдында, жымия қарап тұрды.

Мектеп

Дженни бос сыныптың біріне кірді. Артынан үн-түнсіз кірген жігітке бұрылды.

Pov/Jennie

Тэённің менімен сөйлеспегеніне бір жағынан жыным келсе, бір жағынан мұңайып жүрдім. Мен Тэёнға тек досым ретінде қараймын, бірақ ол менің жігітім. Неге деген сұрақ туатын шығар, шынымен неге? Себебі.... себебі Джэхён! Менің жүрегім бастан-ақ Джэхён үшін соққан болатын. Джэхён екеуміз орта мектепте бірге оқыдық, бірақ ол маған қарағанда емес. Мен оны сыртынан қарап жүргеніме риза болатынмын. Жоғарғы мектепке ауысқанымызда, мен әдейі Джэхён акысқан мектепке келдім. Оның көздері мені де көреді деп ойладым. Сол кезде, Тэён мен Джэхён дос болатын, мен оларды күнде көрсемде, жандары барып, әңгіме айтуға шамам жетпейтін. Тэён қарсы сыныпта оқыса да, ол Джэхёнмен дос болғанына таң қалатынмын. Мен Джэхёнмен тек сыныптың старостасы ретінде сөйлесетінмін. Одан артық ештеңе айта алмайтынмын...

Қателіктер!!!Место, где живут истории. Откройте их для себя