Джису Тэённің аяқ-асты айтқан сөздерімен ойланып тұрды, енді ғана жауап қайтарғалы жатыр еді, өздеріне жақын келген қызды байқады.
-Джису?-Чеён қызды жақыннан көріп, қыздың есімін атады. Джису өзіне таныс жүзді көріп, бір сәтке ойлап тұрғанының бәрі желмен ұшып кеткендей еді. Қыздың үстінен мектептің формасын көріп, бәрін түсінгендей болды. Джису қызға реакциясыз қарап, бұрылып кетті, бірақ Чеён қызды қолынан ұстай өзіне қаратты.
-Джису!-Джису қыздың қолынан өзінікін жұлып, қыздың көзіне тіке қарады. Тэён не болып жатқан түсінбей қалды. Екі қызға кезек-кезек қараумен болды.
-Не керек саған?!-Джису өзінің әдеттегі дөрекілігіне басты.
-Джису, сені көргемелі біраз...
-Ха!(жымысқы күлкі). Иә сені көрмегелі біраз болды деп айтатын өзіңді маған жақын адам санап тұрсың ба?!
-Джису, әлгі оқиға, мені кешірші... мен ол кезде...
-Маған енді келіп не болғанын түсіндірудің керегі жоқ! Егер осы мектепке де мен жайында бірнәрсе айтқың келсе, айта бер! Менде жоғалтатын ештеңе қалған жоқ! Жақын құрбымды, анамды, інімді бәрін жоғалттым! Енді бұрынғыдай сен айтты екен деп қашпаймын! Ұқтың ба?! Маған енді жолама!-Джису осыны айта жындана бұрылып кетті. Тэён қасында мұңлы жүзбен қарап тұрған қызға бір қарап:
-Сенде бәрі дұрыс па?-қыз жәй ғана басын изеді. Тэён оны көріп, Джисудың артынан кетті.
-Джису...-Чеён жәй ғана қыздың есімін атады, бірақ осы бір есімде қанша мұң, қанша көз жасының жасырылғаны белгісіз еді...
-Джису, Джису...-Тэён қыздың артынан қалар емес, бірақ қыз да оны елемеуін жалғастыра берді. Жігіт қыздың артынан жүгіре жетіп, қызды қолынан ұстай тоқтатып өзіне қаратты. Джису қазір оның сұрақтарына жауап беруге күші жетпейтін еді, сонда да өзін-өзі ұстап, жігітке артық сөз айтып қоймас үшін барынша сақ болды. Бірақ не үшін?
-Джису! Тыңдашы мені,-осы сөзден соң, Джису жігітке тіке қарады. Иә, оны тыңдап тұрғанын түсіндіргендей болды. Тэён қыздың өзін бұлай оңай құлақ асады деп ойламаған болуы керек, айтқысы кеп тұрған сөздерінің бәрі жоқ болып кеткендей. Қас қағым сәтте не айтарын да ұмытып қалғандай.
-Сәндердің әлгі қызбен араларыңда не болғанын білмеймін, бірақ сенікі артық кеткен сияқты...

ВЫ ЧИТАЕТЕ
Қателіктер!!!
FanfictionКөпір жиегінде тұрған қыз, бұрылып алып кетіп бара жатқан жігіттің артынан айғайлады: -Тэён, мені жалғыз қалдырма! Өтінем. -Джису, мен Дженниге баруым керек,-жігіт бұрыла қызға тіке қарады. -Сен маған керексің! Егер қазір кететін болсаң, мен мына кө...