10-11

8 0 0
                                    

10. ҒАНУН

Ұшып бара жатқанда саяхатшылардың денелері қы-
зып, өзгеріске ұшырағандай болады. Дегенімен аспанда көп уақыт ұшу да оңай шаруа емес. Олар біраз уа-
қыттан кейін Ғанун еліне жақындап қалады. Теруес сүт-
тей ұйыған тыныштықты бұзып:
– Ғанун елі! Келіп қалдық, – деді.
– Қане? – деп Райлдың сұрағаны сол еді, алдарында биік тау көрінді. Алыстан үлкен сарқырама бірден көзге түсті. Бір қызығы, сарқырама әдеттегідей жоғарыдан төменге емес, төменнен жоғары қарай құйылып жатты. Элия бірден түсінбегенін көрсетіп:
– Бұл қалай сонда? Сарқырама жоғары қарай ағып жатыр ғой?! – деді.
– Қазір жеткен соң, барлығын түсінесіңдер. Ал, да-
йын болыңдар. Сендерді тосын сыйға толы әлем күтіп тұр, – деп Теруес оларды қызықтыруға тырысты. Тер-
уес бірталай күш жұмсап, Ғанун жеріне қонады.
– Қазір бірден тастардан ұстаңдар, әйтпесе қиын болады, – деп періште ақыл берді.
Жерге қонғанда, олар кенеттен аспанға ұшып кете жаздайды. Өйткені бір жерден ұстап жүрмесе, үрленген шар сияқты аспанға ұшып кетесің.
– Ой, бұл не? – деп тамсана қарады Райл. Элия рен-
жіген даусымен:
– Теруес, ертерек айтсаң болатын еді ғой, – деді.
– Енді ... қызық болсын дегенім ғой. Тосын сый бол-
сын деп ойлағанмын, – деді Теруес еш ыңғайсыздан-
бастан. – Қорықпаңдар, бұл елде кейбір нәрселер ке-
рісінше, соған дайын болыңдар, – деп бір сілкіндіріп қойды Теруес.
«Қызық енді басталайын деген сияқты» деп ішінен ойлап қойды Райл. Олар жерге түсе салысымен аяқ-
тарын жоғары салақтатып, қолдарымен жүре баста-
ды. Әйтпесе, аспанға құлап кетуі мүмкін еді. Жерге құ-
лап үйреніп қалған бұларға қолмен жүру басында қиын болды.
Теруес өз мекеніне оралуға дайындалды.
– Ғанунда ай тұтылғанда, сендерді қайтып осы жерден алып кетем, – деді шаршаған періште.
– Айтпақшы киімінді ұмытып кетпе. Көп рахмет, – деп Элия періштенің жейдесін қайтарды.
– Рахмет, Теруес, сен болмағанда бұл жерге жету бірнеше күн алатын еді, – деп Элия да ризашылығын білдірді. – Сау бол!
– Сау болыңдар, жас қаһармандар! Жолдарың болсын!
– Сау бол!
Қоштасқан соң, Теруес ұша жөнелді.
Сөйтіп олар қолдарымен бұтақтан, тастан ұстап ақы-
рын-ақырын шығысқа қарай жол жүрді.
– Менің түсінгенім мұнда тартылыс күші емес, ите-
ріліс күші жұмыс істейді, – деді Райл.
Элия да іштей «физика мұғалімі Камила апай осында болғанда ғой, көрер еді» деп ойлады.
Райл математиканы қатты жақсы көретін шәкірт ре-
тінде:
– Білесің бе, физика заңдылықтары өзгеріп отыра-
ды екен. Бірақ екі қосу екі барлық жерде төрт, – деп салмақты сөйледі.
– Иә, дұрыс айтасың, тіпті ұйқыдағы түсте де солай: 2+2=4.
Біраз уақыт өткен соң, алдарынан екі таудың арасында орналасқан бір қала көрінеді. Қала аспанға құлап қалмас үшін екі таудың арасындағы көпірге салынған, яғни үйлерінің шатыры көпірден төмен қарап тұрды. Тауға өрмелеу әлдеқайда оңай болғанымен, аһілеп-уһілеп әзер дегенде қалаға жетеді.
Райл әпкесіне қарап:
– Элия, қалайсың? Байқаусызда ұшып кетпе, – деп алаңдайды.
– Ұшып кетсем қайда құлайды екенмін? – деді әпкесі.
– Қайда болуы мүмкін? Аспанға, әрине.
– Қызық естіледі екен «аспанға құлау деген». Хе-хе-хе.
– Иә, бұл «құрғақ су» сияқты естіледі екен, – деді де, Райл да күліп жіберді. –Ха-ха-ха.
– Жарайды, қорықпа, мен жақсымын. Гравитация деген нәрсе болушы еді. Тартылыс күші қайда кеткен?
– Не үшін міндетті түрде «тартылыс» болуы керек, «итеріліс» күші болатын шығар, – деді Райл оқымысты физиктер сияқты. – Иә, әр елдің салты басқа, иттері қарақасқа, – деді ол қызыл тілін іске қосып.
– Хи-хи-хи. Бұл мақалың келіспей қалған сияқты.
Хи-хи-хи.
– Қойшы, Элия. Білетінім бір-екі мақал, айтып қала-
йын дегенмін.
Элия күліп жатып:
– Ал екіншісі ше? – деді.
– Төртеуі түгел болса төбедегі келеді, алтауы ала болса ауыздағы кетеді.
– Бұл мақалды бұл жақта тіптен айтушы болма.
– Не үшін? – деді Райл түк түсінбей.
– Енді бұл елде береке, байлық төбеден емес, жерден келеді. Олардың төбелері жер боп тұр ғой. Тіпті жаң-
быр жерден жауатын сияқты.
– Ал онда былай өзгертеміз. Төртеуі түгел болса жердегі келеді, алтауы ала болса ауыздағы кетеді.
– Керемет! – деді әпкесі таңғалып.
– Ал мынау қалай?
Ет етке, сорпа бетке.
Шоко тұрғанда бәрі шетке.
– Ха-ха-ха. Неткен тапқырлық.
Шоко тұрғанда бәрі шетке,
Тұздың бәрі кетеді текке.
– деп Элия да қосып қойды.
– Ха-ха-ха.....
Олар қалаға жақындап қалыпты. Қала үйлері қанттан жасалған екен. Қақпасыз қалаға ақырындап аяқ басады. Дұрысын айтқанда қол басады. Ғанун тұрғындары оларды қоршап алып, сұрақтарын жаудыра бастайды.
– Екі бөлу нөл неше болады?
Біреуі шығып:
– Жердің ортасында не бар?
– Аспанда қанша жұлдыз бар? – деп сұрады.
Райл мен Элия таңғалып, бір-біріне қарап қалды.
– Әдетте, «сендер кімсіңдер, не үшін келдіңдер?» сияқ-
ты сұрақ қоюшы еді. Мына сұрақтар қызық болды ғой, –
деді Райл. – Жоқ, жоқ, бұл не сияқты ғой ... кейбір адамдар өмірде тек икстің мәнін іздейді, ал кейбіреулер өмір-
дің мәнін іздейді. Сол сияқты ғой.
Элия кішкене ойланып:
– Бұл сұрақтардың мағынасына қарағанда, Ғанун-
дықтар ғылыммен қатты айналысатын сияқты, – деді.
Аз уақыт өткен соң көмекші нөкер келіп:
– Жүріңдер, сіздерді Сірет Аштаппен жолықтырайын, –
деді.
– Ол кім, Сірет Аштап? – деп сұрайды Райл.
Нөкерден үн шықпады.
– Жарайды, бірақ біз ақырын жүреміз, – деді Элия.
Нөкерлер оларды патшаларына алып барады. Патша сарайында оларға мол дастархан жайып, жақсы қарсы алады. Бұл елде сұрақтан бұрын тамақ келеді шамасы. Тамақ ішіп отырып, Аштап қонақтарға бұрылып:
– Қай құйын сендерді қуып әкелді? Кім боласыңдар? –
деп сұрайды.
– Біз Шококенттен боламыз. Қасиетті Қайн кітабының кейбір парақшалары сізде деп естіген едік. Сол парақ-
шалар керек еді. Сол үшін осында келіп отырмыз, – деді Элия сенімді дауыспен.
Патша оны естімегендей:
– Қандай ғажап өнерлерің бар, бізге не көрсете ала-
сыңдар? – деп сұрай жөнеледі.
Сонда Райл:
– Мен жақсы күресемін, – дейді
Элия болса:
– Қырық күн, қырық түн бойы шөлдетпейтін шоколад бар, – деп көптен бері сақтап жүрген сиқырлы алтын шоколадты алып шығады.
Оларды тыңдаған патшаның жүзі күрт өзгеріп:
– Бізді ақымақ көргендерің бе, әлде мазақ қылған-
дарың ба? – деп ашулана кетеді.
– Бұлардың ешқайсысы бізде ғажап емес және керек те емес, – дейді Аштап патша. Шынында, теріс жүрген адамға күрестің пайдасы шамалы. Ал ауа райы бұл жерде суық та емес, ыстық та емес еді. Адамдары сусынды және тамақты тек ләззат алу үшін ғана ішеді екен. Сондықтан, балалардың қабілеттері Ғанун елінде таңғаларлық болмады. Уәзірлердің біреуі тұрып:
– Бұл елде адамдар судың үстінен жүреді, тіпті ұша алатын адамдар да бар, – дейді мақтанып.
Бір қызығы, бұған ешкім таңғалмайды. Жаңбыр да
жерден жоғары қарай жауады. Ал адамдары жүз жыл жасайды екен. Қаhарланған Сірет Аштап оларды зын-
данға тастауды бұйырады.
– Әкетіңдер мыналарды! Зынданға тастаңдар!
Райл бұрылып:
– Тоқтаңдар! Көрсететін өнерім бар. Менде ондай ешқандай ерекше қасиет жоқ, аздап ән айтқаным болмаса. Анам үйреткен еді, – деп ән айтуға дайындалады.
Дегенмен олай айтпаса жақсы болар ма еді. Райл іштей «мына жақта менің даусым қандай әсер береді екен. Құбырдан шығып тұрғандай болар ма екен?» деп ойлайды. Бәрібір де айтуға бел буады.
Райл анасының кішкентайынан құлағына құйған әнін шырқай жөнеледі.
Айын тусын оңыңнан
Жұлдызың тусын соңыңнан
Хабарсыз кетсең тым ұзақ
Сансызбай шығар соңыңнан
...
Сол кезде айналасындағы адамдар ауыздары ашылып тыңдай қалады. Бұл әннен тыңдармандар ләззат алып, жүректеріне нұр төгілгендей болады. Адам түгіл, құстар мен жануарлар да тыңдай қалады. Райлдың дау-
сы күмбірлеп күллі Ғанун салтанатына естіледі. Тіпті, өсімдік пен шыбын-шіркейлер де тыңдағандай болады. Бұрын-соңды ондай әнді естімеген Ғанун тұрғындары:
– Бұл – қандай ғажап дауыс? Бұл – қандай тамаша
ән? – деп сұрай кетеді. Сөйтіп бәрі аң-таң болып қалады.
Сонда Райл былай дейді:
– Бұл әннің аты «Әгугай», жүрекке жылы, құлаққа жағымды. Біздің елде кеңінен жайылған әніміз болып келеді. Ерте заманда ата-бабаларымыз айтатын. Қазір де халықтың аузынан түспейді.
Аштап таңғалып:
– Қалай сонда, «ерте заман» әлі болған жоқ қой? «Болашақ заманда» демейсің бе? – деді.
Райл түк түсінбей:
– Ол ән он тоғызыншы ғасырда айтыла бастаған. Қа-
зір бізде XXI ғасыр. Яғни ертеректе болған... сол үшін, –
деді.
– Ооой, кешіріңдер. Бізде уақыт алдыға қарай жүреді. Сол үшін шатастырып отырмын. Ұмытып кетіппін. Бізде қазір 3111 жыл. Келесі жыл 3110 болады, – деді Аштап басын шайқап.
Элия қабағын шытып:
– Күндер де солай ма? Жексенбі, сенбі, жұма..., – деді.
Жақындау жерде тұрған уәзір әңгімеге араласып:
– Иә, солай басқаша қалай болады? – деді.
Райл да қайтадан сөзге араласты:
– Сонда, ай күндері де сол ретімен бе? 31,30,29,28...
Бағанағы уәзір «мыналар жынды ма» дегендей бір қарады да:
– Иә, әрине! – деді. – Енді, теріс санамайды шығар-
мыз! 1,2,3,4... деп.
Элия шыдамай:
– Бұл теріс емес, сендердікі теріс! – деп айғай салды. Сол кезде қастарына басына ұзын, конус тәрізді қалпақ киіп алған кісі бір нәрсе айтуға келеді. Кәсібі астрономия болу керек. Жеңін түріп алып:
– Мына дүние жоқтан жаратылған ғой. Басқаша BIG BANG дейміз, – деді жайбарақат дауыспен.
– Иә, солааай! – деді екі жас саяхатшы.
– Материя бір кездерде жан-жаққа шашырап, сосын
күші бітіп, қазір кері жиналып жатыр. Қайтадан бір нүк-
теге ұмтылып жатыр. Сондықтан бәрі қайтадан нөл болады. Уақыт нөл болады, кеңістік те нөл болады. Дұрыс қой енді нөлге жақындап келеміз. Басқаша қалай санауымыз керек?
Райл іштей бір нәрсе есептегендей болды. Ол басын көтеріп:
– Ғалымдарыңыздың есептеуі бойынша 3111 жылдан кейін дүниенің соңы болмақ па? – деді байыппен.
– Иә, солай. Оған дейін бәріміз жасарып үлгереміз, – деді Аштап мәз болып.
– Ааа, дұрыс адам қарт боп туғасын жасарады ғой, кешіріңіз, – деді Райл түк болмағандай.
Екі жас батыр не айтарын білмей тұрып қалды. Райл бір кезде төмен қараса ғанундықтар аяқ киімдерін теріс киіп алыпты. Оңды солға, солды оңға. Ол Элияны түртіп:
– Қарасаңшы Элия, аяқ киімдеріне! Ха-ха-ха, – деп күліп жіберді.
– Хи-хи-хи, мен қалай байқамай қалғанмын. Бұл теріс қой! Бірақ аяқтарға пайдалы деп естігем. Хи-хи-хи...
Элия мен Райл таң атқанша ән айтып, Ғанун халқын бақытқа бөлендіреді.
Патша сонда былай дейді:
– Нағыз өнер осы, бәрекелді!
Қонақтар патшаға шоколад сыйлайды. Патша өте риза болып, қонақтарға ерекше көңіл бөледі.
Патша оларға Ғанун елінің таңғажайып жерлерін көр-
сетеді. Ғанун елі сиқырлы әлем екеніне көздері жетеді.
Патша олардан өз елдері туралы айтып берулерін сұрайды. Сол кезде олар:
– Біз жердің үстімен жүреміз, жаңбыр аспаннан жауа-
ды, қыста суық, жазда ыстық, өсімдіктің түсі жасыл, – деп т.б. нәрселерді айтқанда, Ғанун халқы айтқандарына сенгісі келмейді. Өйткені бұл нәрселер олар үшін таң-
ғажайып нәрселер еді.
– Бұл айтқандарың тамаша ғой, – деп қызыққандарын білдіреді.
Сол сәтте Элия:
– Біз ежелгі Қайн кітабының бөліктерін іздеп жүр едік.
Сіздің елде бір бөлігі бар екен, сол бөлікті табуға кө-
мектесе аласыз ба? – деп тағы да қайталап өтініш білдіреді.
Патша:
– Ол парақтар менде. Сендер оған лайықтысыңдар деп ойлаймын, – деп басындағы тәжінің ішінен тығып қойған парақшаларды алып шығады.
– Мінекей, сендер мұнда жазылғандарды бізден жақ-
сырақ түсінесіңдер, – деп Аштап түрегеліп, оларға па-
рақшаларды ұсынады.






11. ЖҰЛДЫЗДЫ САЯХАТ

Райл мен Элия Теруеспен келіскен жерде кездеседі. Теруес жерге кілем төсеп, демалып жатыр екен.
– Теруес мынау кілем неге керек? – деп Элия сұрай кетеді. Дегенмен, сары қыз жауабын сезгендей еді. Өйткені ол да фантастикалық роман оқитын.
– Ммм, бұл ма, ұшатын кілем. Үйден ала салғам, маған жеңіл болсын деп. Кішкене шаршап қалған едім. Сіздерге де ыңғайлы болады.
– Жақсы екен, көрейік, – дейді Райл кілемге отырып. Кілемге отырысымен оның көзі оюларға түсті. Кәдімгі қошқар мүйіз оюларымен безендірілген.
Элия да Теруес әкелген сиқырлы кілемге отырып ала-
ды. Райл:
– Ал кеттік, жер шаршысы да ұшып бара жатыр ғой. Кілемнің үстінде де ұшуға болады, – дейді.
– Оған қарасаң, күллі ғалам ұшып бара жатыр, секундына бірнеше миллион километр, – деді Элия біл-
гішсініп. Райл аспанға қарап:
– Әйтеуір, бір нәрсеге соғылып қалмасақ болды, – деді де, жерге бір қарады.
Кілем ақырын көтеріле бастады. Шығыстан самал жел соғып, балалардың нұрлы жүздерін сипап тұрды. Элияның шашы жалбырап, Райлдың көзіне кедергі жа-
сады. Элия лезде шашын буып алды. Ал Теруес кілемді басқарып отырды. Біраздан кейін олар кілемнің үстін-
де ұйықтап кетеді. Алайда құлап кету мүмкін емес еді, өйткені кілем өзі ұйықтаған адамды сезіп отырады. Олар кітаптың бір бөлігін алу үшін Баяуөлгей еліне ұшып
бара жатты. Теруес те шаршаған еді, бірақ амал жоқ. Түннің бір ортасында ойлаған жерге жақындайды. Элия оянып кетеді. Аспанда кішкентай жұлдыздар жылтылдап тұр.
Бір кезде төменде теңіз көрінеді. Бір таңғаларлық нәр-
се бұл шырын теңізі еді. Түнде теңіз бетінде шағылысқан толған ай ерекше үлкен болып көрінді. Толқынның әсері ме, кім білсін? Теңіздің жағасына жақындап қалғанда алыстан бір кісінің жүргені байқалды. Элия Райл оянып кетпесін деп Теруеске:
– Анау жүрген кісі кім? Білесің бе? – деп сыбырлап еді. Теруес іркіліп қалды. Сол кезде Райл да оянып кет-
ті. Элия шошып:
– Теруес, сен ұйықтап қалғансың ба? Бағанадан бері ұйықтап ұшып келдік пе? – деді ашу аралас үреймен.
– Кешіріңіздер, шаршап кетіппін. Өздігінен ұшу тәр-
тібін қосқан едім. Бірақ оятқаның дұрыс болды, – деп кінәлі дауыспен сөйледі періште.
– Әрине, жақсы болды. Әйтпесе, әуе апатына ұшы-
рауымыз мүмкін еді. Құдай сақтасын, – деп кішкене ренжісін білдірді.
– Сақтандыру жоқ па еді? – деп Райл да қосылып әзілдегісі келді.
– О дүниеде сақтандырудың не пайдасы бар? – деді Элия одан сайын ашуланып.
– Айтпақшы, бағана бір кісіні сұрап едің. Ол кісі қай-
да? – деп төменге қарап іздей бастады Теруес. – Ой, артта қалып қойыпты ғой, – деп Теруес оңға бұрылайын деді. Сол сәтте, қолын сол жаққа сілтеді.
Олар кейін қайтып жерге төмендей түсті. Жақындай келе төмендегі кісінің не істеп жатқаны анық көрінді. Ол ұзын бойлы және арықтау еді. Жасы қырықтардың шамасы болу керек. Нуа ұстаздың айтуы бойынша кітап-
тың он алтыншы бетін табуға осы кісі көмектесе алады.
Ол кісі теңіз жағасына шығып қалған теңіз жұлдыз-
дарын жинап, теңізге қайта жіберіп отырды. Теруес та-
мағын қырнап:
– Бұл кісі күні бойы осымен айналысады. Оның хабары бар ма, жоқ па белгісіз, бірақ әр жұлдызды құтқарған сайын ғарышта бір жаңа жұлдыз пайда болады. Яғни, жаңа жұлдыз туады. Жасағаны үлкен бір іс негізі. Астро-
ном ғалымдар осы сирек ұшырасатын ғажайып құбы-
лысты көрсе қатты қуанар еді, – деді. – Ал қазір дайын-
далыңыздар, жерге қонамыз!
– Ал, бақылап қонайық, – деді Элия уайымдап.
– Жылдамдықты ақырындап азайтамыз. Әйтпесе, инерциямен кілемнен ұшып кетуіміз мүмкін, – деді пилот періште.
– Қауіпсіздік белдігін ойластырмадың ба? – деді Райл байыпппен.
– Ол да жақсы пікір, – деп күлімсіреді Теруес.
Ұшқыштар шаңдатып жерге қонады.
Олар кілемнен түсіп, бағанағы жұлдыз жағушысына қарай бет алады.
Қонақтар жақындап келіп:
– Сәлем бердік, ағатай! – деді.
– Ооо, сәлеметсіздер ме, балақайлар, қош келдіңіз-
дер. Сәлем Теруес, қайдан жүрсіздер?
Теруес оған:
– Достарыма көмектесіп жүрмін. Тұздейімге бара жатыр, – деп мән-жайды баяндады.
– Мен Пекуәмір боламын, – деді жұлдыз құтқарушысы.
– Біз шоколад қаласынан келе жатырмыз, негізі Ар-
қалықтан боламыз. Есімдеріміз – Элия және Райл, – деп өздерін таныстырды.
– Арқалық? – деп бір ойланып қалды Пекуәмір, он-
дай жерді естіген сияқтанып. Пекуәмір қолындағы жұл-
дызды теңізге қоя берді. Түрі бақытқа толы еді.
Элия жақындап:
– Жағада миллиондаған жұлдыз бар, олардың бәрін құтқара алмайсыз және күшіңіз де жетпейді ғой, – деп еді.
Ол мейірімді жан бір жұлдызды көтеріп, балалардың көздеріне қарап:
– Білесіңдер ме, мына жұлдыз үшін бұл өте маңызды, –
деп тағы да жұлдызды құтқарып, суға лақтырып жібер-
ді. Сол сәтте аспанның оңтүстік жағында жарқ етіп бір
жұлдыз пайда болды. Бұл сәт керемет еді. Сол кезде
теңіздің жағасындағы куәгерлер, өмір деген мейірімді-
ліктен пайда болатынын жан дүниесімен сезініп түсінді. Бұл кішкентай адамның жұлдыз жағушы екенін кім біл-
ген? Әлемде қаншама жұлдыз бар, саны шексіз болуы мүмкін. Бірақ жақсылық жасау бір ғаламнан да артық болуы мүмкін.
Элия Пекуәмірге тағы бір сұрақ қойды:
– Кешіріңіз, бір сұрағым бар еді. Сіз кейде жұлдыз ауруымен ауырмайсыз ба? Көргенім, кейбір әнші адамдар жұлдызды ешқашан көрмесе де ауырып жатады. Ал сіз болсаңыз, шаруаңыз тікелей сол жұлдыздармен байланысты ғой.
– Білесің бе, ауыратын уақыт та жоқ. Бірақ ауырып көруге болады, – деп әзілдеп қойды.
– Біз де сізге көмектесейік, кішкене жақсылық жа-
сайық, – деді Элия қолын түріп.
– Жә, болады, бұл жұмыс негізі әркімге нәсіп бола бермейді. Келіңдер, кішкене жұмыс істейік, – деді Пекуә-
мір аспанға қарап.
Қонақтар сол кеш жұлдыз құтқарумен айналысты.
Бірнеше жүз ғаламның пайда болуына себепші болды. Бірақ аттануға тура келді. Өйткені оларды жауапкершілігі үлкен жұмыстар күтіп тұрды. Ол да – бір үлкен аманат.
Райл келіп шаршағаннан жерге отыра қалды. Қасына Пекуәмір жақындап, мамықтай шөпке ол да отыра кетті.
                 Сол уақытта Райл:
          – Тұздейімге бару үшін Қайн кітабы керек.
                     Сол кітап қолымызда, бірақ беттері толық
                                       емес. Жоғалған бір беті
                                                           Баяуөлгей аралында
                                                                дейді. Ол аралға ба-
                                                        ратын жолды тек сіз
                                                           ғана біледі деп
                                                                  естіп едік. Сол
                                              себептен біз
осындамыз.
Сол аралға бізді жеткізесіз бе? Удай Қаруасты тауып дәндерді қай тармасақ, Шококент қирап, жоқ болады, – деп өз уайымын білдірді.
Пекуәмір теңіздің жағасындағы әлі де мыңдап жатқан жұлдыздарға бір қарап, Райлға бір қарады да:
– Білесің бе, менің шаруам көп. Бірақ естуімше тұз-
дейімдіктер теңіз жұлдыздарын ұстап көңіл көтереді екен. Олар менің де дұшпандарым. Сол себептен мына жұмысымды уақытша тоқтатып, сендерге көмектесемін, –
деп сөзін аяқтағанда, Райлдың қуанышында шек болмады. Ол Элияға жүгіріп барып, жақсы жаңалығымен бөлісті.
Сол кеш олар шағын қайыққа отырып, Баяуөлгей еліне жүзіп кетеді. Ал Теруес болса, қайыққа сыймағандықтан қалуына тура келді. Бір жағынан оның да еліне қайта оралу уақыты келген еді. Теруес кетерде Райл мен Элияға бір тал шашын тастап:
– Мен керек болғанда, осы бір тал шашты отқа тұ-
татсаңдар, иісімен сендерді тауып алам. Қош болыңдар! –
деп ұшып кетеді. Олар да адал досының артынан:
– Қош бол, Теруес! – деп шығарып салды.

* * *
Теңізге қайықпен шығу қауіпті еді. Өйткені дауыл бас-
талса, қайық төңкеріліп кетуі мүмкін. Бірақ амал қанша шығу керек.
Райл мен Элия шаршап ұйықтап кетеді. Пекуәмір болса ескегін есіп, жағадан алыстай береді.
Түннің бір уақытында Пекуәмір екі жолаушысын оятады.
– Шыдай алмадым, ренжімеңдер. Қараңыздар қандай ке-
ремет көрініс! – деп қолымен қайықтың сыртын көрсетті.
Шынында да айнала тұп-тұнық. Ай бар нұрымен ша-
ғылысып тұр. Жұлдыздар да айқын шағылысып тұр. Теңіздің беті екінші аспандай көрінді. Судағы түрлі-түсті балықтар аспанда ұшып жүрген тоты құстай қайықты айналып жүр. Балықтардың кейбіреуі ірі, ал кейбіреуі ұсақтау болып келді. Балықтар қайықтың айналасымен
шыр айналып, тыныштықты шалпылдатқан судың әуені-
мен бұзды. Бұл әуеннің кездейсоқ шығуы мүмкін емес еді.
Дәл Құрманғазы күйінің балықтар тарапынан орындалуы болды. Райл мен Элия мынадай тамаша көрініске бірінші рет куә болып отыр. Тереңдеу жерден жасыл-көк медузалар асыр салып ойнап жатты.
Олар да қамажай билегендей айнала бастады. Ас-
панға бір қараса, көрінбейтін бір суретші салып жат-
қандай солтүстік жарқырау басталып кетіпті.
Аспанда жұлдыздар мен ай қатты жарқырап тұр-
ғанымен, солтүстік жарқыраулар ерекше түрлі-түсті ою-
лар құрастырды. Түнгі аспан барынша нәзік, көркем және суретті көрінді. Бұл Құдайдың бізге деген ерекше әуені, жан-жақты түрлі-түсті реңктерге бояп, таңғажайып ертегідей сезіндірді.
Біраз уақыттан кейін Пекуәмір жымиып:
– Кез келген сұлулық құрбандықты талап етеді. Оны жүрекпен немесе басыңмен өтейсің, – деп біртүрлі қа-
рады.
Райл тұрып:
– Не демекшісіз? Бұл сөзіңіз маған ұнамады, – деп алаңдай бастады.
Бір кезде ақырындап жел тұра бастады.
Элия жан-жағына қарап:
– Мен түсіндім. Қазір дауыл басталады, – деп үрейі арта түсті.
Райл Пекуәмірге қарап:
– Сіз бәрін ойластырып қойған шығарсыз. Бұлай болатынын алдын ала білген шығарсыз, иә? – деп уайымын білдірді.
– Қорықпай-ақ қойыңдар. Бәрі жоспар бойынша ғой, –
деп сенімді жауап берді Пекуәмір.
Элия да:
– Сізге сенеміз, – деп айтса да, сенбей тұрғанын жүзі көрсетіп тұрды.
Жел күшейе берді. Басты айналдырған жаңағы сұлу-
лық, білдірмей кейпін ауыстыра бастады. Аспанда қай-
дан екені белгісіз, қара бұлттар пайда болды. Теңіз суы-
ның түсі де өзгергендей болды. Қайық та судың тол-
қынымен тербеле бастады. Бірақ ән айтатын кез емес еді. Екеуі қайықты мықтырақ ұстап алып, іштерінен бір
Құдайға жалбарына бастады. Бір кезде толқындар күшейе
түсіп, қайықты оңға-солға шайқай бастады. Дауыл одан сайын соға түсті. Бір уақытта Пекуәмір ішкі қалтасынан бір парақ алып шығып оқи бастайды.
Элия ашуланып:
– Пекуәмір! Не істеп жатырсыз? Не оқып жатырсыз, оқудың уақыты ма қазір? – деп жан даусымен айғай салды.
Ал Пекуәмір түсініксіз бір тілде бас алмай оқып жатты. Маңызды бір іс жасап жатқанға ұқсайды. Қайық қат-
ты шайқалғаннан Пекуәмір ұшып кете жаздады. Бірақ ол оқуын доғаратын емес. Бір кезде қайық бір қалыпта тұра қалады. Алайда дауыл басылмаған еді. Райл есін жиып, қайықтың сыртынан қараса, теңіз жұлдыздары жан-жақтан жиналып қайықты тұрақты қылып ұстап тұр. Бұл енді әдеміліктің басқа бір қыры еді. Жұлдыздар одан сайын көбейіп, сандары миллиондаған болды. Айнала су теңізі емес, жұлдыз теңізі болып кетті.
Қайық ақырындап жылдамдығын арттыра берді. Жұл-
дыздар қайықты ілгері жүргізіп немесе ұшырып бара жатты десе де болады. Жұлдызды саяхат деп осыны айт. Өйткені қайықтың жылдамдығы бүркіттің биіктіктен төмен қарай самғағанындай еді. Енді Райл мен Элия инерциямен құлап кетпес үшін қайықтың шетіне жабысып алды. Ал, Пекуәмір саспай отырды. Тәжірибесі мол секілді.
– Жаңа мен дұға оқыдым. Жұлдыз достарым осылай-
ша көмекке келді. Бірақ, дауыл осыншама қатты болмауы
керек еді. Тұздейімдіктердің бір бүлігі бар сияқты, – деді Пекуәмір.
Райл қызығып:
– Қандай дұға, бізге де үйретсеңізші, – деді.
– Міне, – деп жаңағы оқыған қағазды қалтасынан алып шықты.
Элияның түрі лезде өзгеріп:
– Мынау біз іздеп жүрген кітаптың парағы ғой, бірақ жартысы ғана. Бұл сізде қайдан жүр? – деп сұрайды.
– Бірнеше жыл бұрын қатты дауыл болған. Дауыл
басылған соң ағам екеуміз теңіз жағасын аралап жүр-
генде, мына парақты тауып алдық. Жай жазу емес екені түсінікті еді. Әріптері жарқырап көзімізді алды. Сөйтіп екеуміз параққа таласып қалдық. Соңында оны екіге бөліп алдық. Жазу жағы менде, ал сурет жағы онда кетті. Содан бері бауырымды көрген емеспін, – деп әң-
гімесін бітірді Пекуәмір.
– Мына парақ менен гөрі сіздерге керек, алыңыздар, –
деп жаңағы парақты оларға тапсырды.
Екеуі қатты қуанып:
– Рахмет, Пекуәмір, – деді Элия. Сол сәтте аспан жарқ ете қалды. Аспанда енді жұлдыз емес, бір ғалам пай-
да болған сыңайлы. Пекуәмірдің жүзі бақытқа толы еді.








ШОКО ƏЛЕММесто, где живут истории. Откройте их для себя