14-15

8 0 0
                                    

14. АРАМ ОЙ

– Тссссс, ақырын сөйле, – деді Хермес сұр жыландай ысылдап.
– Әкең туралы білгің келсе, әпкеңнен құтыл. Оны үйі-
не қайтарып жібер немесе басқа жаққа жібер. Ол саған кедергі болып жүр. Әйтпесе әкең туралы ештеңе айта алмаймын, – деді кәрі кемпір ала көзін жыбырлатып.
– Жоқ, ол менің туған әпкем. Ол – менің жәрдемшім. Ол қалай маған кедергі бола алады? – деді Райл.
– Сенбесең, әкең туралы сұра. Сенің әкең шокилер-
ге көмектесіп, шайқасқа аттанған. Сен болсаң оны. Тұз-
дейімдіктер әкетті деп ойлап жүрсің. Әпкең болса, әке-
лерің соғысқа кеткенін біледі. Тіпті бірнеше күн бұрын әкеңнен хат келген еді. Әпкең оны жасырып саған айт-
паған. Маған сенбесең, қазір өзінен сұра, – деп күліп жі-
берді.
Херместің күлуінің себебі, Райл оған сенгендей болып көрінді. Райл залға қарай жүгіріп кетті.
– Тамаша! – деді артынан Хермес алақандарын үй-
келеп.
Залға жүгіріп кірген Райл:
– Элия, сен маған әкеміз туралы бар шындықты ай-
туың керек. Не білесің қане! – деді.
Элия болса:
– Сендер қайда жоғалып кеттіңдер? Бағанадан бері сендерді күтіп отырмын, – деді.
Райл одан сайын даусын көтеріп:
– Сен әкем жайлы не жасырып жүрсің?! Барлығын айт! – деді Райл ашуланып. – Мен әкемді ұрлап әкеткен деп ойлап жүрсем, ол басқа жақта екен ғой!
– Жарайды, айтайын. Сен Арцтың үйіне кеткенде Шоқайдың үйіне хат келген еді. Бұл хат әкемнің атынан келген еді. Хатта ол шокилермен бірге шайқасқа кеткенін жазған. Бірақ біз шоки апамыз екеуміз әкем жазғанына сенбедік. Жазуы оныкіне ұқсамады. Сол себептен саған да айтқан жоқпыз. Сені босқа үміттендіргіміз келмеді, кешірші, – деп Элия сөзін бітірді.
– Маған айтуың керек еді. Ол тірі. Мен оны іздеуші едім, – деді Райл даусы дірілдеп, – Мен сені әрқашан маған қамқор болатын ең жақын жан деп жүрсем. Ал сен болсаң, әкеміз туралы білгеніңді айтпадың, – деп Райлдың көзі жасаурап кетті. – Қалай дәтің барды? –
деп мөлдір көздерінен жас тамшылары аға бастады.
– Қойшы, Райл, біз сені ойладық, – деп әпкесі жұ-
батуға тырысты.
– Осыдан кейін сенің туғаның емеспін. Кет! – деді Райл әпкесінің тура көзіне қарап.
Қатты ренжігенін түсінген әпкесі:
– Жарайды, бірақ сен Херместің әсерінде қалып қой-
ған сияқтысың. Ол әкеміз туралы жағдайды қолданып, екеумізді араздастырып қойды. Осыны біліп қой, – деп сыртқа шығып кетті.
Хермес болса, болып жатқан жайтты есіктен сығалап көңілі қуанышқа толы болды.
Элия далаға шығып уақыт өткізуді ойлады. Інісінің ашуы басылғаннан кейін қайтып сөйлесуді жоспарлады.
Хермес Райлдың қасына келіп:
– Сенің әкең Марқаша аралында. Ол арал солтүстік батыс жақта. Сол аралға барып әкеңді құтқара аласың. Ал Тұздейімге бармай-ақ қой. Шоколад дәндерін қайтару мүмкін емес. Тұздейімдіктер өте күшті, шамаларың жет-
пейді. Ең болмаса әкеңді құтқар, – деді.
– Иә, дұрыс айтасыз. Маған сол аралға барудың жолын көрсетсеңіз болды, – деді Райл.
– Жарайды, әрине, – деп Хермес ас бөлмесіне қарай жөнелді.
Ол жерде бағана дайындап қойған сиқырлы лимонад
тұр еді. Хермес үстелге сусынды әкеліп қойды. Сусын-
ның құрамында «зиян емес ЛИМОНАД» деп жазулы еді.
Райл ол жазуды бір оқыды да, ішінен «ішуге болады» деп ойлады.
Хермес қою қызыл сусынды кесеге құйып:
– Ал, ішіп ал, – деп Райлға берді.
Райл бір ұрттап көрді.
– Дәмі керемет екен, тәтті, – деп кекіріп қалды.
– Бұл газдалған сусын, – деп Хермес тағы да кесеге улы сусыннан құйды.
Райл ештеңе ойланбастан, тағы бір кесе ішіп алды.
Біраздан кейін Райлдың басы айналып, терең ұйқыға кетті. Өзі отырған сары диванға жата қалды.
Сол уақытта Элия не істерін білмей, Херместің үйі-
нен ұзап кеткен еді. Інісінің қырсықтығын жақсы білетін. Ол өз-өзімен:
– Сол үйге келген хатты Райлға көрсету керек. Сонда ғана оның көзі жетеді. Ал хат болса, Шококентте. Не істесем екен, аа? – деп сөйлесіп тұрғанда «Теруес бар ғой!» деген ой келеді. Бір кезде Элиядан жоғары тұрған шам жарқ етіп жана қалды.
Элия сөмкедегі сиқырлы кітапты шығарып, жаңбыр дұғасын оқи бастады. Ашық тұрған аспанда тез арада
қара бұлт пайда болды. Аздап жел соқты. Біраз уақыттан кейін аспандағы қара бұлттан H2O тамшылай бастады. Алғашқы жаңбыр тамшылары Элияның айдай жүзіне түсе бастады. Элия аузын ашып қалған еді, бір үлкен тамшы тіліне түсті. Элия:
– Ммм ... ащы екен, – деп айтқаны сол еді, артынан бір таныс дауыс:
– Сәлем, Элия! – деді.
Элия бұл дауысқа таңғалмады, өйткені күткені де сол еді.
– Теруес! Хал қалай! Сені күтіп отыр едім, – деді Элия қуанып.
– Демалып отыр едім. Күтпеген жерден жоғарыдан бұйрық келді. Осылайша, осы жерге келіп қалдық. Сен бұл жерде не істеп жүрсің? – деп сұрады періште жан-жағына қарап.
– Негізі жаңбырды мен шақырттым. Мына кітаптан жаңбыр дұғасын оқыдым, – деді.
– Қалайша! Бұл әркімнің қолынан келе бермейді ғой, –
деді Теруес таңғалып.
– Білмеймін. Әйтеуір не істейтінімді білмегесін сиқыр-
лы дұға кітабы ойыма келді.
– Айтпақшы, Райл қайда? – деді періште.
– Соны айтайын дегем. Бұл жерге осы кітаптың бір парағын іздеп келген едік. Ол шаман Райлды алдап соғып, екеумізді араздастырып қойды. Сенің көмегің қажет, – деді Элия мұңайып.
– Қандай көмек, айта бер. Қолдан келгенше көмек-
тесемін, – деді Теруес кеудесін керіп.
– Шококентке барып, Шоқайдың үйнінен бір хатты же-
дел алып келу керек. Сол хатты Райл өз көзімен көрсе ғана арамыз түзеледі. Райлдың мінезін білемін ғой, бас-
қаша көндіру мүмкін емес.
– Жарайды, үйдің мекен-жайын нақтырақ айтсаң жә-
не хат қай жерде жатыр? – деп сұрады Теруес дайындалып.
– Үй қаланың шығыс жағында. Үйдің шатыры жасыл шоколадтан жасалған. Сол маңайдағы жалғыз үй. Тез табасың деп ойлаймын, – деді.
Теруес енді ұша бергенде Элия:
– Бір өтінішім бар. Апаны бақылай салшы. Хал-жағ-
дайы қалай екен? – дейді уайымдап. Сол кезде Элияның есіне анасы түсіп кетті.
– Жарайды, – деді періште Элияның көзіне қарап.
Теруес Элияның көзінен анасына деген махаббатын көріп, ойланып кішкене кідіріп қалады. Өйткені осындай
мезеттерде періштелер күш қуат алып, ой өрісі кеңейе-
ді. Теруестің білімі артып, дәрежесі бірнеше саты жоға-
рылады. Теруес енді бұл алған күшті 999 миллион жыл
қолданатын болады. Бұл әр періштеге нәсіп бола бер-
мейтін сәт еді. Саны шексіз болған періштелердің көп-
шілігінің бастарына мұндай бақ қона бермейді.
Өзіне сене алмаған Теруес қуанышпен жоғары сам-
ғай кетті. Элия оны артынан тек қана көзбен шығарып салды.
Бір кезде солтүстік жақта кемпірқосақ пайда болады.
Бұл жұмысын бітірген періштелердің жиналып қуанышқа бөленуі еді. Қуаныштарынан әртүрлі түстер жарқырап, жан-жаққа сары, қызыл, жасыл, ... т.б. түстер аға бастады.
Теруес аз уақытта Шококентке жетеді. Шококентте жел
тұрып, шырын жаңбыры жауа бастайды. Қаланың ше-
тінде орналасқан сүп-сүйкімді үйде Шоқайдың апасы бауырсақ пісіріп жатты. Бір кезде үйдің терезесі сарт етіп ашылып, үстелдің үстіндегі хат желмен ұшып кетеді.
Апа хаттың жоғалып кеткенін байқамай да қалады. Ол тезірек барып жаба қойды. Теруес хатты осылайша, апаға білдірмей алып кетеді. Шококентте қайтадан тыныштық орнайды. Теруес хатты алып, Баяуөлгей жақ-
қа ұша жөнеледі. Көзді ашып жұмғанша Элияның қасы-
на келіп қоңады.
– Мінекей, алып келдім, – деп хатты Элияға береді.
– Апа қалай? – дейді Элия бірден.
– Бәрі жақсы. Бауырсақ пісіріп жатыр екен, – дейді Теруес. – Бірақ бір байқағаным, үйде ешкім болмаса да өз-өзімен сөйлесіп жатқандай болды.
– Ууффф, анамның тоқаштарын сағынып кеттім ғой, –
дейді қыз тілін жалап. Оның көзіне сап-сары тәтті тоқаш-
тары елестеп, таңдайына дәмі келгендей болды.
– Рахмет, Теруес! – дейді Элия.
Элия хатты алысымен, Херместің үйіне қарай жүгіріп кетеді. Ал Теруес болса, аспанға ұша жөнеледі.
Осы уақытта Херместің үйінде ұйықтап жатқан Райл да оянады.
– Ұйықтап кетіппін ғой, – дейді көзін уқалап.
Хермес болса, тағы бір сусын дайындап жатады.
– Тұқ-тұқ, тұқ-тұқ, – деген дауыс шығады есік жақтан.
Райл барып есікті аша қояды. Алдында әпкесі тұр.
– Міне, сол хат, өзің оқы, – дейді Элия хатты Райлдың қолына беріп.
Райл еш ойланбастан, хатты сол есіктің аузында оқу-
ға кіріседі. Әр сөзді оқыған сайын көздерінен мөлдір жас аға бастайды. Тұзды тамшылар жерге де тиеді. Бір-
екі тамшы аузына кіріп те үлгіреді. Райлдың көзі ба-
қырайып:
– Ммм, тұз деген ондай жаман емес негізі. Тіпті керек сияқты, – дейді.
– Не деп жатырсың, Райл? Есің дұрыс па? Екіншіден, мына жазу әкеміздікі деп ойлайсың ба? Сен әкеміздің жазуын жақсы білесің ғой.
Райл кішкене ойланып өз-өзіне келуге тырысты.
– Иә, бұл хат әкемдікі емес, – дейді сенімді дауыс-
пен.
– Онда не үшін жыладың?
– Әкемнің жазуының жалғаны да ыстық.
– Шын жазуы болғанда не болатын еді? Ойлағым да келмейді, – әпкесі күлімсіреп.
– Кешірші мені, әпкешім. Мен қателесіппін, – деп әп-
кесін құшақтай кетеді Райл.
– Әрине, інішегім. Біз бауырмыз ғой, – деп оны бауырына қатты қысып алады.
Осы сәтте Хермес келіп қалады. Құшақтасып тұрған бауырларды көріп:
– Не болып жатыр мына жерде! Түк түсінсем бұйыр-
масын, – дейді Хермес.
Райл бетіндегі жасын сүртіп:
– Сен бізді алдадың. Ал жамандық ешқашан жоғалып кетпейді. Оралып өзіңе келеді бір күні, – дейді Херместің көзіне қарап.
Шаман болса иығын көтеріп:
– Не деп жатырсың, Райл? Әкеңді іздемейміз бе? – дейді.
– Біз кеттік! – дейді Райл әпкесінің қолынан ұстап.
– Ең болмаса, мына шарапты ала кетіңдер. Құрамы таза, тәтті, минералдар қосылған, қышқылсыз, – дейді қу кемпір жарнамасын жасап.
Элия бұрылып:
– Жоқ, біз ішпейміз, – деп теріс бұрылып кете барды.










15. ҚОЯНШЫҚ ҚОЯНКІР

Олар шынында да, ақырындап шаманның үйінен алыс-
тай береді. Элия біраз шыдап келіп:
– Бағана тұз туралы не деп сандырақтадың? Түсін-
бедім, – дейді.
Райл қайтадан көзін бақырайтып:
– Мен түсіндім. Тұз көз жасында да бар. Яғни, ол керек зат. Біздің бойымызда тұз бар. Денемізге керек нәрсе, демек тұз керек нәрсе. Сол сияқты тұздейімдіктерге де тәтті керек. Оларды мен енді түсіндім. Олар да тәтті жеуі керек. Сондықтан, олар сиқырлы шоколад дәндерін ұрлауға мәжбүр болды, – дейді. Элия бір күрсініп:
– Енді тұзбен шабуыл жасағанша, адамша сұрауға болатын еді ғой.
– Естуімше, Удайдың елшілері шамандар. Сол шамандар адамша сұрайды дейсің бе, – дейді Райл. Хер-
местің қандай екенін өзің көрдің.
Элия терең ойға батып:
– Негізі тұздейімдіктермен шокилердің тегі бір дейді ғой. Олар шоколад жеп өскен. Бұлар болса, тұзды тағам жеп өскен, – дейді.
– Иә, иә, естігем. Жейтіндері құрт, қатық, тұздалған қияр сияқты тағамдар екен, – деді Элия.
– Бірақ олар сиқырлы дәндерді қалай қолдану керек екенін білмейді ғой.
– Сол себептен шығар тұздың көбейіп кеткені, – деді Райл күмәнданып.
– Онда біз үйретейік, – деді Элия жымиып.
– Бізді тыңдайды дейсің бе? – деді Райл.
– Олар шоколадты жақсы көрсе, бір амалын тауып түсінісуге болады. Адам тәттіні жақсы көрсе, демек ішін-
де бір жақсылық бар.
– Шамандардың тәттіні жақсы көрмейтіні содан екен ғой.
– Олар тұзды да жақсы көрмейді, жасайтындары әйтеуір бүлік.
– Нуа ұстаздың айтуы бойынша олар мына қасиетті кітаптан қатты қорқады екен.
– Бірақ кітабымыз әлі толық емес қой.
– Ендеше Баяуөлгейден бос қайтпайық.
Хермес ең шапшаң адам болса, екінші шапшаң адамды тауып алайық. Хермес соның орнын алып алған ғой. Нуа ұстаздың айтқаны сол кісі болу керек.
– Сенің логикаң мықты екен, иә кеттік, ендеше.
Олар қолдан келгенше жергілікті халықтың көзіне түс-
пес үшін ақырын жүруге тырысты. Қазақтардың отырып-
отырып «жылжиық» деген сөзі осыдан шыққан болу керек. Олар шын мәнінде жылжып бара жатты.
Жолдағы печеньеден жасалған үйлер әдемі салынған еді. Балкондарында раушан гүлдер өсіп, ерекше көрініс беріп тұр.
Алдарынан шыққан бірінші адамнан екінші шапшаң адамды сұрайды:
– Мұұндаа еекііншіі шаапшаан кіісіі кіім?
– Еекііншіі шаапшаан аанаа жаақта көөк қаақпаалыы үүйде тұұраадыы, – деп мекен-жайды түсіндіреді.
Ақырында олар мекен-жайын түсінеді.
Олар көк қақпалы үйді тез арада тауып алады. Екеуі үйдің ауласына кіріп:
– Кім бар! – деп айғай салады.
Аулада сұр қояннан басқа ешкім көрінбейді. Тағы бір рет:
– Ешкім жоқ па! – дейді Элия бар күшін салып.
– Соқырсыңдар ма!? – дейді қоян.
Екеуі ештеңе айта алмай қатып қалады.
– Кешіріңіз, сөйлейтін қоянды еш кездестірмеген едік, –
дейді Элия.
– Сонда сөйлей алмасақ ешкім боламыз ба?! – дейді ашуланып қоян.
– Ғафу етіңіз, біз білмей қалдық, – дейді Райл.
– Өздерің бір қояншық екенсіңдер. Бірақ мен де кө-
жек кезімде қояншық қоян болғанмын. Ха-ха, – деп күліп жібереді сұр қоян.
– Бірақ сіз қоян үшін тым ірі екенсіз. Атыңыз кім болады? Танысып қояйық, – дейді Элия.
– Менің атым Қоянкір немесе қысқаша Коки десеңдер де болады. Достарым мені Коки дейді, – дейді қоян.
– Не үшін Қоянкір? – дейді Райл өзін ұстай алмай.
– Енді ... Менен бұрын туған әпкем мен ағам қояншық болған ғой. Мен де олар сияқты болмас үшін атымды ырымдап, Қоянкір деп қойған. Ал сендердің есімдерің қалай?
– Біз Элия мен Райл боламыз. Шококенттен келе жатырмыз. Бізге бір кітаптың парағы керек еді. Сол парақ Нуа ұстаздың айтуы бойынша сізде екен, – дейді Элия.
– А-а-а, бәрі түсінікті. Бірақ менің бір шартым бар. Бір сұраққа жауап берулерің керек.
– Жарайды, ол қандай сұрақ? – дейді Райл.
– Мұқият тыңдаңдар, сұрақ мынандай: «Тауық бірінші пайда болды ма, әлде жұмыртқа ма?».
Райл бірден:
– Тауық жұмыртқадан, ал жұмыртқа тауықтан шыға-
ды. Иә, бір жерде біреуі бірінші болып пайда болуы керек. Бірақ қайсысы? Ммм ...
Элия кішкене кідіріп:
– Тауық, – дейді қуанып.
– Не үшін тауық? – деп сұрайды Коки.
– Өйткені бірінші жұмыртқа болса, оны бағатын та-
уық керек қой, – дейді Элия.
Райл да:
– Иә, иә дұрыс. Яғни жұмыртқа өз-өзіне қарай алмайды. Ал тауық өз-өзіне қарай алады. Тауық жұмыртқасыз өмір сүре алады, ал жұмыртқа тауықсыз өмір сүре алмайды, – дейді қуанып.
Бірақ Кокидің көңіл-күйі түсіп кетеді. Үйінен бір кітап-
ты алып келеді. Кітаптың бас жағын ашып:
– Сендердің айтқандарың логикалық жағынан дұрыс.
Сонда мына кітапта қате жазылған ба? – дейді таңғалып. – Мұнда жұмыртқа бірінші делінген.
– Бұл тіпті ақылға сыймайды ғой, – дейді Элия.
Бәрі сол кезде күліп жібереді. Коки өз-өзін жинап:
– Осыншама жылдар бойы мен сонда алданғанмын ғой. Өкінішті-ақ, – дейді басын шайқап.
– Кітаптың авторы кім? Қарашы, – дейді Райл.
– Дауын шаман, – дейді Коки.
– Онда түсінікті. Ол кітапты лақтырып жіберсең болады. Олар қара ойларын іске асыру үшін қолдан келген барлық өтірікті айтады, – дейді Элия.
– Ойларың ұшқыр екен. «Асыл тастан, ақыл жастан» деген осы. Жауаптарың дұрыс, – деп Коки кітапты қо-
қысқа лақтыра салады.

Вы достигли последнюю опубликованную часть.

⏰ Недавно обновлено: May 04, 2021 ⏰

Добавте эту историю в библиотеку и получите уведомление, когда следующия часть будет доступна!

ШОКО ƏЛЕММесто, где живут истории. Откройте их для себя