Жүрексіздер мекені

3 1 0
                                    

Ертеде бір елді мекен болыпты.Ол бір теңіз жағасында орналасқан керемет ел екен.Сулулығына сөз жоқ болатын,адамдары да сондай сулу әрі барлығы бірдей ақылды,тәртіпті халық болыпты.Сөйлеген сөздері де істері де орталарыда да мінсіз болған екен.Ол елді"Мінсіз"-деп аталыпты.Мінсіз елдің халқы тек ақылмен жүретін.
Ал сол елде Лилия есімді кішкентай қыз тұрыпты.Қыздың отбасысында ата-анасы және өзі ғана болып тұратын.Лиляның анасы өте ақылды әйел еді,әкесіде дәл сондай ақылды кісі болыпты.Ал Лилиянын барлық елден ерекшеленетін қасиеті бар болған еді.Ол ақылынан бұрын жүрегін тыңдай білетін.
Бірақ та ата-анасы қыздарының бұл тұсын дұрыс санамайтын;адамға ең бірінші ақыл керек!жүректің таңдауы ол алдамшы!үлкен қателікке бой алдырасын!деп ескертумен болатын.Лилияның әр атқан таңы анасының;Қызым кез-келген жағдайда бізге көмекке ақыл келеді.Не істесенде ақылмен шеш!Жүрек ол мейірімді,ал мейірімділік көп артық жұмысты талап етеді,жүректі тындасан өзге біреуге көмек беремін деп ең соныңда қаласын!деумен басталатын.Дәл осындай сөздермен неше күндер мен айлар жылдар жылжып өтіп жатты.Мінсіз елдің адамдары қанша жылдар өтседе тек ақылмен ғана жүріп тұрыпты.Ал Лилия ата-анасынан қанша қорқып ақылын тындаса да кейде ішінде жасырылған жүрігін тындағысы келіп тұратын.
Бірде халық арасында үлкен атаулы жарыс өтпекші болады.Кімнің ақылы ең көп?кім тапқыр?екенің білмекші болады.Бұл жарысқа дайындық бір ай көлемінде созылады.Қатысу үшін бір отбасысынан бір адамның ғана ойы болуы тиіс еді.Лилияның отбасысы осы мәселені таңғы ас үстінде қозғайды,анасы неше түрлі идеяларды әңгіме қылып айтып отырады Лилия кітаптан көз алар емес тіпті тыныш,асқа да әңгімеге де мән бермеді,анасы қызым!біз маңызды мәселе қозғап отырмыз!не оқып отсын?Исаның  ертегісі демеші!керек емес!айттымғой жүрекке тиетін,жүректі тындайтын авторды оқу қажеті жоқ!-деп анасы тағы бір дүниеге тиым салды.Дастархан басындағы Ай мен ханшайым ертегісін жұлып алып жоғарғы сөрегі тығып тастады,-кім біледі бұлда дұрыс шығар.Сонымен жарысқа бұл отбасыдан әкесі қатысатын болып шешілген еді.Үлкен дайындыққа кірісті.Әкесінің ойына келген бір туынды бар болып шығады.Анасы оны қолдап ол ойын жүзеге асыру үшін өз ақыл көмегін бермекші болады.Өз жерлері теңіз жағысында болғаны үшін бізге жеңіл әрі тез жүретін,адам күшін көп қажет етпейтін қайық жасап шығарамыз деген бітімге келеді.
Ақылға салсақ бұл ұтымды жұмыс болмақ деп ойлайды.Апта басталды іске кірісті,неше түрлі құрылғылармен қайықты істей бастады тез жүретін қайықты ойлап тауып жатқанымен оның теңізге онын ішіндегі тіршіліктерге үлкен зияны бар еді.Бұл жағын тек Лилия ойлап жүрегі ауырып,барлық күшін жинап ата-анасына бұл істері дұрыс емес екендігін,теңіз тіршілігіне үлкен қауіп төндіретіндігін айтып ескерткен болатын.Бірақ анасы қайтадан оның айтып тұрғанын жоққа шығарып,ақылмен жүруге тек ақылмен жұмыс жасауға шақырады.Бір айға созылған жарыс жұмысында Лилияға анасы жарысқа дайындалған әр күні жүрегін тындамауға көндіріп келді,амал нешік құлаққа айтылған сөз ақылға жаттала берді,жаттала берді.Туындының зиян екендігін тындамады істеп шығарды.Нәтижесінде теңіз балықтары мен өсімдіктері уланды.Сонда да мекендегі ең ақылды жұмыс деп „мінсіз"ел қолдау білдіріп жеңіске жетті.Бұл туындынын жеңісін атап өтпек болып жиын ұйымдастырды.Теңіз жағасында той тойлады,көңіл көтерді,кенет Лилияның әкесі өз қайығымен теңізге тағы бір рет жүзіп шықты оның артынан қызық қуып Лилияда қарапайым қайықпен шығады.Тағыда ақылды қайық теңізге зиянын тигізе бастады,улана бастаған балықтар ашуға булығып сол мезет Лилияның әкесінің қайығына шабуыл жасайды,қайықты жан-жағынан тесіп суға батырады.Әкесі көмекке шақыра бастады;Құтқарындар!құтқарындар!Лилия көмекке!Тұрғындардың көмекке келгісі келмеді,олар ақылға салып егер көмек берсек өзімізде батып кетеміз ғой!десіп тарап кетті.Теңіз жағасында тек Лилияның анасы қалды сонда ол;кәне Лилия!мейірімінді,жүректі іске қос!-деді.
       Лилия ;Мен мейірімділіктің не екенің ұмыттым,есіме еш түсіре алар емеспін!оны ойламағаныма біраз болыпты деп айғайлады,жүрегі тасқа айналған Лилияда көмекке бармады.Әкесі өзі улаған теңізге өзі батты.
Анашым ; "Жүрегімді тыңдағым келген жоқ.
Оны жұлып алып теңізге лақтырдым!"
Сол жағдайдан кейін неше айлар неше жылдар өткені белгісіз?!
Сонда бұрын жүрегін тындаған кішкентай Лилия;
    өмір бойы ақылмен жүрсемде бақытты сезіне алмадым анашым!Неге?әлде жүрегім жоқ болғансоң ба?
Бұл сұраққа анасы жауап қата алмай тек өкінішпен  қателікке мойынсұныпты.

     -Теңіз кезіп жүретіндер әлі күнге дейін теңізден жүрек соғысының дауысын естиді екен.Бірақ барып тыңдауға қорқатын болуы керек.
         Мінсіз мекеннің атауы "жүрексіздер мекені"деп ауыстырылып аталып та кетіпті.

Жүрексіздер мекеніWhere stories live. Discover now