Алтын қақпалар

9 0 0
                                    

    Афина асығыс, өлуге жақын шоқ үстіне, кеше ғана жуынуға жинаған қара суды былш еткізіп төге салды. Таң атуға дайын.
-Гектор, Адам. Тұрамыз. Алтын қақпалар жабылып қалады қазір!
Гектор бірден атып тұрды. Аралары 3 жас болса да, Гектор өзін ересек және бастысы саналы ұстайтын.
Он үш жасар Адам, ұйқылы-ояу ұйқысын қиынқырамай көзін әрен ашты.
Анасы шығайын десе, үлкені әлі де бұл қираған құр қабырға бөлмеде тас қаранғыда бірдене іздеп жүр.
-Кітабым қайда менің? Жанып кеткен жоқпа?!
-Мен салып қойдым,- дей анасы сөмкесіне саусағын бағыттап.
-Айттым ғо тимендер деп!
-Шық шық тез, қаламыз қазір!
Афина балаларын бастап, жол бойындағы кішігірім топ артына лесті. Елестей, тек құр кеуде қалған көленкелер, қазір, бұл қираған қаламен қоса, өздеріне ең жақын, біреуіне қызыл тамыр, біріне қара жер отаны, екіншісіне сары дүниясың тастап, өлім құшақтаған кішігірім үміт артынан шекараға қарай бағыттанып барады. Трой мен Габзбург арасындағы соғыс басталмай ақ, батыстан шығысқа соққан желден, тек қара жерге шашылған қызыл бояу мен көз жасы және сүйектен жаратылған батпақ қалатыны айқын еді. Кез келген соғыс тек қайғы мен сындырылған тағдырлардан басқа жақсылық әкелмейді. Бұны біле тұра, Трой халқы құлдық өмірден, бостан өлімді биік қойып бәрібір де шайқасқа түсті. Енді бұл елден де, Афинаның күйеуінен де қалғаны тек күл мен қиратылым. Күйеуі жайлы қалды естісімен, қашу - бұл жағдайда қалған жалығыз шешім болатын. Үлкен ұлы әкесіне тартқан, қырсық мінезді тұғы. Реннесизтің батысынан келген бұл құбыжықтар ешкімді аямас. Осы оймен енді бұлар, бір қауіптен қашып екіншісіне бағыттанып барады.
Анасы балаларының артынан тағы бір-екі еркектің лескенін тек енді байқады. Осынау қиын уақыттар адам бойында не бір хайуан мінез бен қылық оятқанды.
-Бері кел, Адам. Не анау қолындағы?
-Сәлем! Баланыз ба?
-Ия
-Хехех. Аландаманыз, біз шекарада істейміз өзіміз. Баланызға сәл шоколад бергем, ұзақ жол жүрген секілдісіздер.
-Рахмет үлкен, бірақ біз өзіміз ары қарай бірдене қылармыз.
-Мама, су бересіз бе?
-Су інінде
-Адам!...
Кішісі Тесонға кірген соңғы үш күнде ауызында жөнді ештене татпаған. Шірігені сонша қай жидек екені белгісіз бір домалақ пен анасы берген ғажайып талдың бұтақ дәмі ғана қөрек болып келген. Содан енді мұрынына тәтті келісімен ол бірден жоққа айналды. Қақала бастап, анасы табыстаған сумен итере, қалай бұны да жоқ қылғаның өзі байқамады, бірақ ағасы.
-Мал! Өлдін ба! Қалдырмайсын ба!? Өл!- дей інісің соққылай жөнелді.
Басына таяқ тиместен, келе жатқан қауіпті сезе, қоян, анасына жармаса кетті.
-Гектор Айвин Пападокулос, қой дим! Айналада соғыс жетпей енді екеуіннің қырылуын қалды ма?! Сен ағасысын, әкен жоқта, басқа ешкімді, ештенені қорғамасан да, міндетті түрде інінді қорғауын қажет! Түсіндін бе?
-Ия
-Түсінсен алға түс
Ағасына ұрысқанына мәз Адам, мойынындағы тұмарды құшақтап, жарқыраған көзімен анасынан:
-Анашым, біз алтын қақпалардан өткенсін Уинладисға барамыз ба?
-Ия, балам, сәл шыдау қажет.
-Ол жақта тамақ көп-көп, кедейлік, ауыру-сырқау жоқ, сосын кез келген арманың орындалат деген рас па?
-Ия балам. Әкен сол жақта оқыған болатын, және әрдайым оны жер шарындағы кішігірім жұмақ дейтін.
-Жұмақ? Жұмақ деген не?
-Соны да білмейсін ба?- деп ағасы тиісе кетті.
-Ту, не ол?
Тарс етіле ұшқан оқ пен жерге сырқ етіле түскен дене, бұларды кері осы бір зұлым әлемге қайта лақтырды.
-*Келесі!*хайнейше*- қызыл киген шекарашылар өлікті тасып. Бұлар қазір Махаббат үштігі атты белесте тұрған. Жер- Трой, Вестерия және бұрынғы Мин империясы, ендігі, революциядан кейін жаңадан құрылған Хайней Совет Одағы(ХСО) арасындағы ортақ шекара зонасы. Ал он жеті секунд бұрын ақ, әлсіз, жүз алпыс сегіз сантиметр, бір иыққа шолақ кеудеге, қан айдап тұрқан жүректі, артта қалған соғыстың қуып жетіп тоқтатуына себеп бұл жердегілердің бірінің де басында, тіпті алдамшы ой ретінде де жоқ еді. Тек бұйырық. Ал орындалған бұйырық- ол ақша. Кез келген контрабандамен ұсталған ер адамдарды ату, қыз болса күн қылып сату. Габзбургтар соғыс бітпей де ұтқанын біле, бәрібір де болашақ оңтүстік көршісіне хаттама жіберген болатын. Бәрі де келешек Ұлы Габзбург империясының атына, солтүстік көршіден әл алып, кері партизандық шабуылмен лай тастауы мүмкін қауіпті, бесігінде өлтіру үшін. Ал жаңа құрылған кедей мемлекетке, жер өндейтін көліктер, көкпен зат таситын темір ұшақтар сол бір аспаннан түсіп, не ағаш басында өсіп жатқаны жоқты. "Халық, еңбек, достық" ұранының артында сол қара халыққа білуі қажет емес "Билік,ақша,күш" тұрса, болшевик ағаларға надан құмырсқаларды нанмен қамтамасыз ету де оңайырақ болмақ. Ал шекарадан өткізудің қажеті не? Шекарашы Яо Вестериядан әр өткізілген дені сау, жұмысқа жарайтын адам үшін екі күміс шилинг алатын. Ол шамамен жарты кило күрішке парапар. Жиырма адам үшін он кило аласын. Ауысымдағы басқа үшеуіне бір бірден берсен, ауыздарын жабуға болады.
-*Келесі дим!*хайнейше*-дей, тұрып қалған шағын істі қозғағысы келіп ашулана бастады. Тройдың қалдық шекарашыларына қарау мен бағынудан басқа қалған амалдары жоқты. Бастысы қанша мүмкін болса сонша өмірді сақтап қалу. Бұл жерде ертен түп-қара жерден басқа дым қалмақ. Бір әйел баласымен өтіп кетті. Артынша бір ер адам, сосын қыз бала. Кепір мен шалды жібермей қойды. Бір қызды ұзағырақ тексеріп ұстап қалды.
-Бүгін кешке ойыншық табылды.*хайнейше* Тағы бір адам өтіп кетті. Афинаның көзі бағанағы шекараның ар жағында тұрған бағанағы екі шекарашы жігіттің біріне түсті. Шекарашыға оны өтудің қажеті не? Бәлкім қате естіген шығармын.
-Жүріндер, біздің кезек.
Бірінші Гектор кетті. Яоның қасындағы қысқа, қара сүмелек, әрі қарап бері қарап, таяқпен шлагбаумды көтере қойды.
-Құдайға мын алғыс. Енді сен балам.
Адам қанша қорықса да, қадамын жасап қажет жерге жетті. Ағасын тексерген жігіт, сөмкесін қарап шықты. Бәрі таза. Үстіне көзін бір шолтты да, шлагбаумды бұған да ашты.
-Тоқта! Қалталарын ше?*хайнейше*
-Кешірім сұраймын Сержант!*хайнейше*
-Бәрін өзім істеу керек.*хайнейше*
Енді Яоның өзі тіміскелей бастада: екі қол, қолтықтын жаны және төмен, арқа, екі қалта, аяқ. Бәрі таза. -Тоқта!*хайнейше*
Кішігірім капюшенді ұмытып барады. Қолын салып өзінің екі саусағындай ақ ұнтақты алып шықты.
-Мынау не а?!*хайнейше*-дей қолын қыса ұстады.
-Мама!!!
Анасы не болғанын бірден түсіне баласына жүгіре жөнелді. Тройдың шекарашылары оны ұстап үлгермеді. Баласын қорғауға келе жатқан әр ана сондай бір үлкен қорқыныш тудыратынынан ба, әлде алдынғы кештердің бірінде, ұсталаған қызды қинаймын деп, Яоның оны өлтіріп жібергенің көргеннен бе, әлде жәй күздің қара суығының әсерінен бе, әйтеуір қарауылда тұрған сарбаз, мылтығын алға бағыттап, бірден атып жіберді. Афинаның денесі балшыққа дөрс ете құлады. Аяқ-қолы сәл сілкініп, оның да денесі суық айналды. Аналарына жылай жөнелген балалардың бірін, бағанағы шекарашы, екіншісін Яоның өзі ұстап қалды. Бірақ сәл кідірістен кейін жібере қойды. Бұл анасын жоғалтақан балаға деген мейірімнен емес, бірақ қанның иісін сезген хайуанның ойынына бола еді.
-Мамана сәлем айта бар*хайнейше*,- деп тапаншасын бағыттай жөнелді.
-Тоқта*хайнейше*,- деп өз қаруын Тройдын бір шекарашысы Яоға бағыттады. Шекара бойында жағдай қыза бастады. Бәрі қаруларын бір бірлеріне бағыттап, айқалап тұр енді.
-Әй, сен, жаңа жазасы жоқ адам өлтірдің, бала өлтіру қажет жоқ.*хайнейше*-Аристарх бар жинап терген сөздерімен, қаруын жайлап төмендетіп жерге қойды.
-Сержант, бұйырық қандай?*хайнейше*
-Тцц, қаруды түсір. Мына күшікті ана жәлептің қасына лақтыр.Табармыз сатып алушысын.*хайнейше*-Яоға бүгінгі есептеп, күтіп отқан күмісінің бәрін алу маңыздырақ. Баланың екі қол, ауыз байлап артқа қарай беріп жіберді.
Ағасы мен інісінің жолдары осы жерден үзіле кетті. Бұларды енді алда не күтіп тұрғаның тіпті Көк Тәңірінің өзі білмейді тұғын.

The AdamWhere stories live. Discover now