Қайтадан

94 0 0
                                    

ZAQ
Сұрашы саған деген сезімдерімнің өлшемін
Ешкім жауап бермейд(і)
Себебі шексіздік есептелмейд(і)

ALEM
Көзіңді жұм осы бір сәтте
Ештеңеге ойыңды бөлме

ACE
Екі жүрек үнсіз қалсын лүпілімен
Айырылып қалатындаймын бір күні мен

ALEM&ACE (×2)
Саған қалай айта алам(ын)
Айтпай қалай жай табам(ын)
Сол алғашқы жалынды
Жағайықшы кайтадан

ZAQ
Қалдырма мені
Сөнген сезімді қайтар,өзгер
Менімен қайта
айтпа қиын деп
Сайтан алғыр махаббат арадағы бар жараларды ұлғайтады
Арақашықтық сенде болған сезімдерді қашыртты
Бірақ кімде күнә, мұнда жүре күмән туды
Жүрек ауырад(ы), сірә- ғашықпын!
Хмм... Білесің бе...?

BALA
Суынған жүректің ызғарын ыыыы
Өз жүрегіммен жылытамын
Ал сен жанымда бол жай ғана, алаңдама
Менің әлемімде ешкім жоқ,өзің ғана

ALEM&ACE&BALA×2
Саған қалай айта алам(ын)
Айтпай қалай жай табам(ын)
Сол алғашқы жалынды
Жағайықшы кайтадан

A.Z
Жүрегім жабық тым, мен жалықтым
(А..)
Сәулесін сыйлашы жарықтың
Іштей жанып тұрм(ын) түш тоқтатшы мені
Өртеніп барады жаным, ауыр маған
Аламын демді сенен осы шақта
Жүрем өткенге сенем(ін)
Бұрынғы қателік біткен мәселе
Тосқауыл істеме, әйтпесе...

A.Z&ALEM×3
Саған қалай айта алам(ын)
Осының бәрін
Айтпай қалай жай табам(ын)
Айтшы
Сол алғашқы жалынды
Бірге
Жағайықшы кайтадан
Өтінем

BALA
Көзіңді жұм осы бір сәтте...




Вы достигли последнюю опубликованную часть.

⏰ Недавно обновлено: Aug 15, 2016 ⏰

Добавте эту историю в библиотеку и получите уведомление, когда следующия часть будет доступна!

Ninety One Место, где живут истории. Откройте их для себя