Бейімбет Майлин, Күлпаш

77 0 0
                                    

Бейімбет Майлин

КҮЛПАШ

(повесть)

I

Күлпаштың көңілсіздікке түсіп жүрген күндерінің бірі еді...Үстінде,

өрім-өрім болған соң әр жерінен бір түйіп қойған ескі көйлек, оның

сыртында тозығы жетіп тулаққа айналған қысқа ескі тон, басында селдіреген

көне бөкебайдың жұрнағы. Бет-аузы көнектей ісік; тоңып бүрісіп, үйдің

бұрышындағы пешке арқасын сүйеп мұңайып, терең ойға шомған адамша

Күлпаш отыр. Жыртық күпіге оранып, бүк түсіп баласы Қали жатыр. Үй

суық, жамаулы терезенің жыртығынан кірген ызғырық шекеден шыққандай...

үйдің ішін жылытуға - пешке жағатын отын жоқ. Отын табылар жер де жоқ...

қара судан баска дән татпағанына бүгін үшінші күн. Алты айғы қыс тартқаны

- аштықтың зардабы. Бар сенетіні байы Мақтым ел қыдырып, тілек тілеп,

ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ, оныңда табары жоқ...

Әйтсе де, Мақтым кеткенде сол бірдеме әкелетіндей көріп, өзін-өзі

алдастырумен ұзақ күнді кеш қылады. Бұл Күлпаштың бүгінгі әдеті емес,

көптен бергі әдеті. Жағын суалдырып, жүзін сарғайтып адам қарағысыз

қылып барып, ақырында ісікке айналдырған осы әдет, осы шыдамдылық.

Күлпаш осы кезге шейін өзінен бетер баласын аяумен келді.Ауыл-аймақ,

көрші-қоландарынан сұрастырып алған сорпа суын баласына беретін болды.

Соңғы кезде оның өзі де болмай кетті. Бұл ауылда отырғандардың

бірсыпырасы-ақ өлмелі кедей, бәрі де «шықпа, жаным, шықпа» деп отырған

секілді. Бұрынғыдай ауысып тамақ беру абысын-ажын арасынан кеміп кетті.

Шағын тамақтың үстіне біреу келсе, кірпік шешендей жиырылатынды

шығарды. Мұны, әсіресе, Күлпаш сезеді. Бұрынды-соң аш болсын, тоқ

болсын тамақ үшін біреуге телміруді ар көретін Күлпашқа бұл оңай болсын

ба, көрші үйлерге қатынауды сиретіп еді...

Міне, бүгін ақтық азық таба алмағандарына үшінші күн, іші қабысып,

Бейімбет Майлин, КүлпашWhere stories live. Discover now