Таңертең. Жаз.
Сағат 6:00. Көзімді аштым. Терезеден салқын жел келеді. Жаздың таңғы лебі. Айналама қарасам телефон мен ноутбук. Тағыда түнде сериял қарап ұйықтап қалғанмын. Ас үйде мама таңғы ас дайындап жатыр. Терезеге қарап ойланып, көп отырып қалғанмын.
Мама : Эвелин ! Ояндың ба? Беті-қолыңды жууып кел!- деп мама шақырды.Беті-қолымды жууып, киініп ас уйге бардым. Таңғы асымды ішім болған соң, рюкзакымды алып далаға шығып кеттім. Мама мен Папа менің қосымша жерде жұмыс жасайтынымды білмейді. Оларға да айтпаймын. Өзім қосымша жұмыс жасап, ақша жинап, Канадаға барғым келеді. Мен босқа Мама Папамның ақшасын кұртпаймын. Бірақ олардан сурасам береді ғой , тек өзім еңбектеніп ақша тапқым келеді.
Автобус остановкасында.
Құлағымда наушник. Музыканың дыбысы далағада естіліп тұр. Əдетте мен дыбысын ең соңына қоямын. Себеі даланың шууын, басқа адамдардың сөйлеген дыбысын естігім келмейді. Автобусқа мініп , ең соңындағы орынға отырдым. Ең соңғы орын, жалғыз, музыка, наушник, бұл керемет емес пе?Айтпақшы айтуды ұмытып кетіппін ғой. Мен кафеде жұмыс жасаймын. Осы жыл университет ке түсуім керек. Білемін. Сабақ оқып , дайындалу керек екенін. Бірақ менің түскім келетін университет ол Канада да. Ол жерге мені Мама Папам жібермейтін сияқты.
Кафеге келдім. Ондағы жұмысшылармен амандасып, киімімді ауыстырып жұмыс жасай бастадым. Күндегідей жұмыс. Күндегідей адамдар.
Осылай жұмыс жасап жүргенімде, ыдыстарды үстел үстіне апарып жатқанымда мені біреу шақырды да кенеттен біреу ге соқтығысып қалдым. Ыдыстардың бəрі құлап , сынып қалды. Бəрі маган қарай бастады.
-Кешіріңіз! Байқамай қалдым. Енді қайталанбайды , кешіріңіз, кешіріңіз, кешіріңіз - деп қорыққаннан неше рет айттым. Сонда :
-Ештеңе емес , сізде мені кешіріңіз ! - деген жуан дыбысты естідім. Сол дыбысты естіген сəтте жүрегім лүпілдеп кетті. Жүрегім соншылықта қатты соқанынан дыбысы құлағыма естіліп тұрды. Басымды көтеруге асығып , қандай адам екенін көргім келіп тұрды. Басымды көтеріп қараған кезде жүрегім одан сайын қатты соға бастады.
Қолдары үлкен, қайратты... Көздері мөлдіреген , көк түсті...
Ернінің пішінін суреттпен салуғада келеді...
ВЫ ЧИТАЕТЕ
Сен менің мына тылсым кеудемдесің
Teen FictionЭвелин - 16 жаста. Қарапайым, салмақты қыз. Көп сұлулыққа мəн бермейді. Ол тек қалаған маман иесі болу арманы болып келеді. Махаббат деген не екенін əлі сезген емес... Дэниел - 17 жастағы жігіт. Оған өмірде ең маңызды нəрсе тек əн айту. Оның арманы...