Көпірден өткен соң оларды ақ көл күтіп тұрды. Оның ақ болуының себебі, көлде су емес сүт еді.Екеуі көлге қарай бет алды. Алдарына ақ мата жайылып тұрғандай болды. Ақкөл өте үлкен еді. Қайықпен немесе кемемен жүзіп өту мүмкін емес. Өйткені, кейбір жерлері ашып айранға айналып жатты. Кеме айранды жерде жүзе алмай тұрып қалады. Балықтары да сүт көлінде жүзіп сүтқоректі болып кеткен.
Элия інісіне бұрылып:
- Есіңде ме, Бастуар мырзаның не айтқанын? - деді. - Көлдің арғы бетіне жету үшін тек бір ғана амал бар. Ол - ұшатын кемемен өту.
- Ұшатын кеме көлдің жағасында болу керек, - деді Бемай есін жинап.
- Ия, қай жерде екен?
- Жақын жерде болу керек.
- Көлдің арғы бетінде болса ше?
- Олай жаман ойламашы. Жаман ой жаман нəрселерді тартады. Жақын бір жерде деп үміттенейік, - деді Элия ақылын айтып.
Бұл əпкесінің ақылы Бемайке ұнағанға ұқсайды. Өйткені, ол жымиып:
- Ия, теріс ойлауға ешқандай себеп жоқ, - деді.
Олар көлді жағалап кемені іздеуге кіріседі.
Элия ішінен қайта-қайта:
"Жақын жерде болса екен-ау,
Жақын жерде болса екен-ау,
Жақын жерде болса екен-ау,
...
Жақын жерде болса екен-ау", - деп ыңылдап келе жатты.
Бемай бұны байқап:
- Мың рет айтқан шығарсың енді, - деп өзінше ескерту жасап еді. Элия:
- Іс əрекетке жақсы тілек қосылса нəтиже болады, - деді сөз қайтарып.
- Бірақ сен маңызды нəрсені айтуды ұмытып кеттің.
- Ол не тағы?
- ..."тезірек табылса" дегенді қос.
- Ия, дұрыс айтасың.
Олар күні бойы іздеп, кешке қарай алыстан кемені байқайды.
Элия қуанғанынан секіріп жіберіп:
- Алақай! Таптық! - деп бар даусымен айқай салды.
Екеуі де шаршағандарын ұмытып, кемеге қарай ұмтылады. Ұшатын кеме алыстан көз жауын алып тұр. Ол қара ағаштан жасалып, қызыл ағашпен əрленген еді. Ұшатын кеме үлкен жəне əдемі көрінеді. Жақындаған сайын əдемілігі арта түсті. Кеме жағадағы құмда тұрды. Екі жағынан құлап кетпес үшін жуан бөренелермен бекітіліп қойған. Кеменің қасында иесі жүр. Кеме оған ата-бабаларынан мирас боп қалған еді. Бұл əйгілі капитан Дойын болатын. Дойын бойы ұзын, əрі толық кісі екен. Дастарханға бір отырғанда бір қойды тауысып қоятын. Сондықтан, ол дастарханға отыра бермейді, тұрып жейді екен. Ал жатып жесе, екі қой өмірімен қоштасады. Жуан даусымен:
ВЫ ЧИТАЕТЕ
ШОКО ƏЛЕМ
FantasyЭлия мен Райл шоколад əлеміндегі таңғажайып оқиғалар туралы бұл фэнтезі, тəтті сəттер сыйлайды. Ал Тұздейімдіктер əлемнің барлық жерін тұздап тастағысы келеді. Жеңетін тəтті ме əлде ащы ма..