zhou_linling
Қан мен жалын арасындағы шекара
Лю Цзинь Линь- Лю әулетінің ұрпағы.
Ежелгі көкте отпен туды деп аңыз болған Феникс Патшасының қанын бойына сіңірген әулет. Бірақ ол - патша қызы емес. Оның анасы - бессмертная, ал әкесі - Феникс. Екеуінің одағы көктегі заңдарға қарсы келді.
Анасы жүкті кезінде Тяньлань елінің бессмертныйлары оны жасырын түрде алып кетеді. Олар бұл нәрестеде не жатқанын білмеді. Олар егіз екенін де білмеді.
Ол екі бала туды.
Біреуінің бойында қара феникс - жойқын әрі ежелгі, ұмытылған күш оянды.
Екіншісі - таза мәңгілік нұрмен туды.
Олар - егіздер.
Цзинь Линь мен Цинь Лань.
Бірақ бәрі бұлай жалғаса бермеді.
Олар он үш жасқа толғанда, Тяньланьға шабуыл жасалды. Мо Цзянь - демондар елі - оларды тұтқынға алып, туғандарынан, отбасынан, бір-бірінен айырып әкетті.
Цинь Лань - Хун Сюй жеріне түсті. Жұмбақ әрі жұмсақ табиғаты сақталғанымен, ол жаудың жерінде мәңгі тыныштық іздеп қалды.
Ал Цзинь Линь - сұрапыл әрі суық Зеяньге түсті. Ол жерде оған мейірім көрсеткен ешкім болмады. Бірақ ол - күйреп қалмады. Қайта, қылыш пен садақты меңгеріп, демон күшін бағындырып, мейірімді ж