Ақжол қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. Әкесі темір зауытында қара жұмысшы, ал анасы жұмыссыз. Ол 7-сыныпта оқиды. Сабақ үлгерімі орташа, бірақ математикадан жақсы оқиды және есептеуді жақсы көреді. Оның интернетті пайдалану мүмкіндігі жоқ, сондықтан интернет пен гаджеттерге түсінбейді.
Бекболат деген сыныптасы бар. Ол интернеттен көп нәрсе біліп алған және орыс тілін жақсы біледі. Ақжол мен сыныптастары Бекболатты "ботаник" деп мазақ етеді. Ақжол жастайынан көп ақша табатын кәсіп иелерін естісе, сол мамандық иесі боламын деп армандайды. Адвокат, дәрігер, банкир болуды мақсат етеді.
Анасы Ақжолды орыс және ағылшын тілдерін үйренуі үшін репетиторға бермекші болады. Алайда Ақжол шет тілдерін білу қажет емес деп ойлайды. "Үлкен жұмыста істесем, адамдар маған мұқтаж болғандықтан мен қалаған тілде сөйлейді", - дейді ол.
Ата-анасы Ақжолға 9-сыныпқа өткен кезінде телефон алып береді. Ол интернетті пайдалана бастайды...
Todos los derechos reservados