4 бөлім

54 3 3
                                    

-Біріншіден,мені Энби деп атай берсең болады. Екіншіден,сен өте сұлусың с/е, сенің жан дүниең де өте сұлу, сенің құлақтан құлаққа күлімдеуің өте әдемі. Мүмкін бір күні серуендеп қайтамыз?
С/е Нурлыбектің сөздерінен кейін ұялып, қызарып кетті. С/е:
-Білмеймін,сендердің жұмыстарың көп шығар. Біз тек екеуміз барамыз ба? Әлде бәріміз бірге?
Нұрлыбек:
-Екеуміз жүрген дұрыс деп ойлаймын. Ал жұмысты қоя тұруға болады.
С/е:
-Жарайды, барсақ барайық. Қай күні,қай уақытта?
Нұрлыбек с/е-нің келіскеніне қуанып:
-Сен маған нөміріңді бер, мен саған жазып жіберемін.
С/е:
-Жаз, 87_________. Сен айтып болсаң  бәріне барып, қосылайық,көп күткен шығар.
С/е мен Нұрлыбек екеуі кетіп қалғанда Ақжол Айсұлумен көбірек сөйлесіп,ойнап отырды. Ол Айсұлуға жақынырақ болуға тырысты.
С/е мен Нұрлыбек достарына қосылып,барлығымен бірге ойнап,сөйлесіп отырды. С/е мен Нұрлыбектің кеткенінен кейін Тлеужанның ашуы келіп, көңіл-күйі түсірулі болған еді. Олар келгеннен кейін Тлеужан с/е-мен көбірек сөйлесіп, жақын отыруға тырысты. Ол с/е-мен сөйлесіп отырғанда, с/е күлген сайын Тлеужанның көңіл-күйі көтеріліп отырды.
Үйге қайтатын уақыт болды. Барлығы жиналып,заттарды жинап,үйге қайтайын деп жатырды. Іңкәр:
-С/е,Айс сендер қай жақта тұрасыңдар?
Айсұлу:
-Өте алыс, жетеміз дегенше 1 сағат өтеді.
Іңкәр:
-Онда кеттік біздің үйге. Үй үлкен менің бөлмем үлкен, 3 сиямыз. Бүгінше қонуға барыңдар бізбен,ертең тамақтанып қайтасыңдар жарықта.
Іңкәр кейбір жігіттердің с/е мен Айсұлуды жақсы көріп қалғанын білді. Сол үшін ол "паралар" бір-біріне жақынырақ болу үшін қыздарды өздерімен шақырды. С/е:
-Білмеймін, Айс айтсын келіссе мен тек қуанамын. Қатты шаршап тұрмын. Айс Іңкәрлармен қайтамыз ба?
Айс:
-Иәәә, мен келісемін. Онда кеттік.
Жігіттер 2 такси шақырып, бәрі үйге жетіп алды. Тлеужан:
-Абу бүгін мүлде сөйлемедің ғой. Бір нәрсе болып қалдыма?
Абулхайыр күні бойы Іңкәрға қарап жүрген болатын.Ол күні бойы Іңкәрға жақындай алмай жүрді. Абулхайыр:
-Ештеңе болмады. Жай ойланып жүрдім.
Үйге кірген соң барлықтары жуынып алып, ас бөлмесіне түсті. Бәрінің тамақ ішкісі келді. Сол үшін тамақ заказ беріп, бәрі бір-бірімен сөйлесіп отырды. Тамақ келіп, бәрі жеп болған соң, ұйықтауға бара жатқан кезде Тлеужан бәрін тоқтатып:
-Тоқтай тұрыңдар, мүмкін ойын ойнаймыз. Бір-бірімізді жақынырақ тану үшін жақсы ой деп ойлаймын.
Ақжол:
-О, иә, жақсы ой. Ойнайық?
Абулхайыр:
-Иә, менде келісемін, оған қоса ұйқым келіп тұрған жоқ.
Басқалары да қосылып "шындық немесе батылдық" ойынын ойнайтынын шешті. Іңкәр:
-Мен бастай беремін. Дарк шындық немесе батылдық?
Дарын:
-Шындық.
Іңкәр:
-Саған біреу ұнайды ма?
Дарын:
-Ц, қандай қызықсыз сұрақ. Жоқ,маған ешкім ұнамайды. Енді мен қоямын. Қозы шындық немесе батылдық?
Тлеужан:
-Батылдық.
Тлеужан шындық таңдаса, оған "саған кім ұнайды?" деген сұрақ қояды деп ойлады. Ол с/е-ні ұнатты, бірақ оны айтқысы келмеді. Сол үшін батылдықты таңдады.
Дарын:
-Сен с/е-ні құшақтауың керек.
Тлеужан бір жағынан ұялды, бір жағынан қуанды. Жарайды деді де с/е-ні құшақтады. Сол сәтте с/е ұялғаннан қызарып кетті. Тлеужан:
-Енді мен қоямын. Нұрлыбек шындық немесе батылдық?
Нұрлыбек:
-Шындық.
Тлеужан:
-Саған біреу ұнайды ма? Иә болса онда кім ұнайды?
Нұрлыбек:
-Иә, маған біреу ұнайды. Ол...

Tabyģat Süier QyzМесто, где живут истории. Откройте их для себя