Теңіз жағасында күннің батуын, мұңлы күймен бір қыз тамашалап отырды. Теңізге қарап отырып, көзінен тамшы жастар аға бастады. Қыздың жанына алыстан бір жігіт жүгіріп келіп, қыздың жанына отырды. Қыз теңізден көз алмай:
-Кей, мен қорқамын!... Қорқамын,- қыз көзіндегі жастарды жасыруға да тырыспады. Жігіт қызға мұңлы күймен қарап отырып, қызды құшағына басты. Қызға ештеңе деп айта алмады, не айтарын да білмеді. Жігіт көз жасын зорға ұстап тұрғандай еді...
-Кей, мен оны соңғы рет көргім келеді...-қыз жігіттің құшағында отырып, өзінің соңғы тілегін айтқандай болды.
-Жақсы, сені Сонхунға апарамын! Сен оны көресің,- жігіт қыздың шашынан сипай, қызды жұбата бастады.
3 ай бұрын.
Үлкен екі этажды үйдің алдына соңғы маркадағы қымбат көлік келіп тоқтады. Ішінен биік өкшедегі аяқ-киім киген қыз көрінді. Қара түсті қысқа, кең етекті көйлегі өзіне жарасып тұрғандай, қыздың белінен сәл жоғарыда, толқынданып тұрған қыздың қара тұнық шаштары қыздың әдемілігін көрсеткісі келіп тұрғандай. Көліктің кілтін есік алдында тұрған қызметшіге беріп, өзі қонақ бөлмеге қарай кірді. Диванда қызды күтіп отырған адамдарды көріп, қыз истерикалық күлкімен жымиды.
-Бәріңіз мені күтіп отырсыздар ма?- қыз күле бәріне өзінің келгенін айтқандай болды. Төр жақта өзіне қараған жас жігітті көрді. Қара костьюмдегі әдемі жігіт екен.
-Қызым, келдің бе?-қыздың анасы, жымия қызының жанына келді. Құшақтап қыздың құлағына сыбырлай бастады. -Ешқандай қойылым қойма! Сенің болашақ күйеуің!-деп қайта жымия, қызды қолынан ұстай, диванға жайғасты.
-Қызым, мына кісілер Пак отбасы. Мына кісі (жасы біршамаға келіп қалған еркекті нұсқады) Пак Гону. Ал мына кісі( жымиып отырған әйелді нұсқады) Пак Кёнмин. Ал мына жігіт, сенің болашақ күйеуің (қара костьюмдегі жігітті нұсқады) Пак Сонхун,-қыздың әкесі қызға Пак әулетін таныстырып шықты. -Ал мына қыз...
-Мен өзім! (әкесінің сөзін бөліп, қыз орнынан тұрды). Мен Хан Анна! Хан әулетінің қызы. Танысқаныма қуаныштымын!-қыз жымия, жігітке қарады.
-Кешкі тамақ қазір дайын болады, оған дейін екі жас өзара таныссын,- Аннаның анасы жымия, Сонхун мен қызын, бөлек жіберді. Сонхун иіле, қыздың артынан кетті. Анна өз бөлмесіне келіп, үлкен терезенің алдында тұрған диванға келіп отырды. Жігітте ішке кіріп, қыздың бөлмесін қарап тұрды.
ВЫ ЧИТАЕТЕ
Қайғылы махаббат оқиғасы
FanfictionТеңіз жағасында күннің батуын, мұңлы күймен бір қыз тамашалап отырды. Теңізге қарап отырып, көзінен тамшы жастар аға бастады. Қыздың жанына алыстан бір жігіт жүгіріп келіп, қыздың жанына отырды. Қыз теңізден көз алмай: -Кей, мен қорқамын!... Қорқамы...