Суджинның жауабын Анна да, Сонхун да күтіп тұрды. Суджин сәл ойланып тұрып, жігітке қарады.
-Бұл ра па?-Суджин жігіттен көз алмай қарап тұрды. Анна қыз бұл жолы да батылдық танытып, "иә" дей ме деп ойлаған болатын. Бірақ қызды тым көп бағалап жібергенін түсінгендей болды. Сонхун да Суджиннен батылдықты күтті. Аннаның айтқанының бәрі өтірік екенін біліп тұрса да, осы арқылы Суджинді тексеріп көрмек болды.
-Иә, бәрі шындық,-Сонхун қыздың көздеріне тіке қарады. Анна таңғалыспен жігітке қарады. Оны шындықты айта ма деп ойлады, бірақ жігіттің де не ойлағанын түсінгендей болды.
-Сонымен, Сонхунды алғың келе ме? Әлде 2 жыл күткің келе ме?-Анна екінші сұрақты әдейі қойды. Егер қыз 2жыл күтемін десе, Сонхунның одан бас тартатынын іші сезіп тұрғандай.
-Сонхун...-қыз не жауап берерін де білмей қалды. Жігітте қыздың қандай жауап беретінін сезгендей болды. Үмітке толы көзқарасы, дем арасында қатқыл, суық көзқарасқа айналды. Анна жігіттің қыздан бастартқанын түсінгендей болды.
-Жақсы, жауап бермесең де болады!-Анна қызға күлімдей қарады. -Сенің жауабыңды түсіндік! Сонхун...-Анна жындана өзінің қолын қысып тұрған, жігітке қарады. Сонхун Суджинге қарап тұрып, оны жиекке итере, Анна қолынан ұстай сыртқа алып кетті. Кей-де Суджинге бір қарап, екеуінің артынан еріп шықты. Сонхун қызды қолынан ұстап, көлік тұрағына келді. Біраз жүре, қыздың қолын жібере салып, Аннаға бұрылды. Ашулы көзімен қызды жеп қоярдай болды.
-Бақыттысың ба?!-Сонхун қызға қатқыл дауыспен сөйледі.
-Сен маған ашуланып тұрсың ба?!-Анна жігіттің бұл сөзін түсінбеді. Сонхун терең тыныстай бастады.
-Сен кеше ғана, бір-біріміздің жеке- өмірімізге араласпаймыз демеп пе едің?- Сонхун қызға тағы да ашулы көз қарасын тастады.
-Ха! Иә,солай дедім! Сен не сол суға шомылып отырғың келіп пе еді?! Сол жерде жексұрын жігіттердің бірі болып отырғың келіп пе еді?!-Анна жігіттің ашуын түсінбей айғайлай бастады.
-Анна!
-Не?! Не, Анна?! Егер әлгі жексұрын, байлық құмар қызбен болғың келсе, сол жерде неге айтпадың?! Егер сенің қызың ештеңеге қарамастан иә дегенінде, мен некеден бастартан едім ғой! Немесе, сен ештеңеге қарамастан менің сөзім өтірік дегеніңде, мен саған тұрмысқа шығудан бастартар едім ғой!- қыздың бұл сөздері, Сонхунды таң қалдырды. Иә, Сонхунның ата-анасына қарсы шығатындай күші жоқ болатын, сондықтан ол еш қарсылықсыз, некеге келісім берді. Бірақ қыздың қазіргі айтқан сөздері, жігітті біртүрлі қалыпқа түсірді.
ВЫ ЧИТАЕТЕ
Қайғылы махаббат оқиғасы
FanficТеңіз жағасында күннің батуын, мұңлы күймен бір қыз тамашалап отырды. Теңізге қарап отырып, көзінен тамшы жастар аға бастады. Қыздың жанына алыстан бір жігіт жүгіріп келіп, қыздың жанына отырды. Қыз теңізден көз алмай: -Кей, мен қорқамын!... Қорқамы...