Уақыт неге тым жылдам?

14 0 0
                                    

2 айдан кейін.

Кей қолындағы, жеңілденіп қалған қызды, бөлмесіне әкеліп жатқызды. Жігіттің артынан қыздың анасы да келіп, төсекте ес-түссіз жатқан қызына қарап, жылап тұрды. Кей қыздың анасын көріп, ол кісіні қалай жұбатарын да білмеді. Қыздың үстін жауып, екеуіде сыртқа шықпақ болды. Бірақ қыз көзін жәймен ашып, анасын шақырды.

-Ана..шым,-қыздың жәй дауысы, әйелді тітіркендіріп жібергендей еді. Әйел қызының жанына тез келіп, қолынан ұстады.

-Иә, қызым айта ғой, қандай қалауың бар?-анасы өз-өзін ұстап, қыздың жіңішке суық жолдарынан ұстап, жылытып отырды. Қызы анасына қарап отырды, бірақ бір сәтте көзі анасының артқы жағына қарады.

-Анашым, сендер Сонхунды шақырғансыңдар ма?-қыз анасының артқы жағындағы есіктен көз алмай қарап тұрды. Анасы қызының не айтып жатқанын түсінбей, қызының көз алыссыз қарап жатқан жағына қарады. Бірақ ешкім болмады. Кей-де қыздың бұл сөздеріне таңғалып қалды.

-Анашым, ол маған мұңлы көздерімен қарап тұр. Анашым, ол мені күтіп тұр ма?-қыз сонда да есіктен көз алмады. Бұл анасы қатты ауырлық етті. Қызының көз алдында осыншалықты ауыр халге түскеніне өзі де сене алар емес. Анасы еріксіз жылап жіберді.

-Қызым, ол жерде ешкім жоқ! Ешкім жоқ! Сонхун әлі келмеді, біз оны әлі шақырмадық...-анасы қызының бетінен сипалай, қызын өзіне қаратты.

-Анашым, ол неге әлі маған алыстан қарап тұр?-Анна сонда да, қайта есікке қарады.

-Қызым, Сонхунды шақырамын. Ол келеді. Ол келіп сенің қолыңнан ұстайды. Ал қазір ұйықта, көзіңді жұмып, ұйықтай ғой. Менің сұлу қызым. Аспандағы жалғыз жұлдызым. Ұйықтай ғой...-анасы қызын ұйықтату үшін қызды иығынан қаға бастады. Қызынан көзіндегі жасты қаншалықты жасырса да, қызы оны көріп, естіп жатты.

-Анашым, мен көзімді жұмсам, Сонхунды көре алмай қаламын ғой. Ол әлі маған қарап тұр,-Анна анасына бір қарап, қайта есікке қарады. Кей бұл көріністі көруге шыдамы жетпеді. Есікті жауып сыртқа шығып кетті. Төменге түсе, Анхёктің жанына келді.

-Анхёк, Сонхунды табуымыз керек!-Кей енді ғана Анхёкқа айтып жатыр еді, жоғарыдан анасы жылап түсті.

-Анхёк, отағасы, Сонхунды табыңдаршы. Оны қызымның жанына әкеліңдер! Оны табыңдар!-анасы жан ұшыра екеуіне жалына бастады...

2 ай бұрын
Үйлену тойынан 1 апта өткен соң.

Терезеден бөлмеге кірген күн сәулесі, төсекте жатқан қызды ерітіп әкетуде. Қыздың ұйықтатын дәрісінің күші кетіп, көзін аша бастады. Жан-жағына қарап, орнынан тұруға асықпады. Денесінде әлсіздікті сезінді. Анна сағатқа қарады, 11:26-ны көрсетіп тұрды. Асықпай орнынан тұра, төсекті жинастырып жатты, бірақ аяқ-асты құсқысы келіп, ваннаға жүгіріп кетті. Сонхун екеуі үйленгелі екеуі бір бөлмеге бірге кірген емес, Сонхун да қыздың қалауына қарсы шыққан емес. Жәй ғана сабырлықпен қыздың есігінің ашылғанын күтіп жүрген болатын, бірақ Аннаның ол есікті ешқашан ашпайтынын қайдан білсін. Әрине бұл үйлену жәй ғана контракт, бірақ бұл Сонхунға да, Аннаға да басқаша әсер ететін. Анна бетін жуып, айнаға қарады. Күннен-күнге халінің нашарлап бара жатқанын өзі де түсінгендей еді.

Қайғылы махаббат оқиғасыМесто, где живут истории. Откройте их для себя