-Фе-рум! Фе-рум! Фе-рум!- трибунадағылардың дауысы рингті дірілдетіп жатқан секілді. Бірақ Ферум олардың дауысын естіп тұрған жоқ. Көз алдында тұрған Праймның ғана (негізі Прайм дауыс шығарып жатқан жоқ) дауысы естіліп тұрды. Әрбір демін ішіне тартып, қайта шығаруы, әрбір дене мүшесінің қозғалысы Ферумға белгілі болатын. Бұл жекпе-жек, мұнда реніш жоқ. Ал жеңс пен жеңіліс өкінішке орай бар. Олар болмағанда Ферум қазір бұлай күреспес еді. Ферум Праймның ұсынынсын не үшін қабылдағанын түсінбеді. Не үшін деп ойлайсыздар. Менің ойымша «көк үшбұрышты» ұмыту үшін. Ферум өзінің жеңетінін біліп тұрса да, оның денесінде қорқыныш бар секілд. Қандай қорқыныш. Бүкіл әлемнің теңдессіз чемпионында қандай қорқыныш болуы мүмкін. Жеңіліс? Бұл жауап келмейді деп ойлаймын. Ферум өзінің жеңетінін анық біледі. Жеңіс? Бұл қорқыныш емес, өкініш. Басқа не болуы мүмкін. Не болса о болсын. Қорқынышты жеңетін уақыт келген секілді. Иа.
Комментатордың дауысы «Азаттық аренаның» әр бұрышынан жаңғыра шықты.
-Ферум Праймның артынан ұстап алды!- Ферумның қолдары Праймның қолдарының астынан өтіп, белін жақсылап қысты.
-Лақтырды...- Праймның басы алдыға иіліп, мойны қайырылып қалді.- Праймға қарап менің мойным ауырып кетті ғой! Төреші санап жатыр ...1...2...3...4...5...6...7...8...9...10!!! Нокаут! Ферум өзінің 77 жеңісіне қол жеткізді! Бүгінгі жекпе-жек кере...- комментатордың даусы шудың қаттылығынан естілмей қалды. Арена 60 000 адамға арнап салынған болатын. Орындар толмақ түгіл, адамдар ішке сыймай қалды. Феруммен Праймның командалары рингке көтерілді. Әрқайсысының өз мақсаты бар. Бірі өз ойыншысына деген уайым болса, екіншісінде қуаныш. Төреші рингтің ортасына келді. Ешкім қарсылық көрсете алмады. Жүз пайыз белгілі жауапты барлығы бір сәт тынышталып күтуде. Төреші Ферумның қолын көтерді. Шу қайта жалғасты.
Бір нәрсе әлі де анық болып қала берді. Қорқыныш әлі жеңілген жоқ, керсінше соңғы рет байқалған кезден бері әлдеқайда күшейіп кеткен секілді.
***
Ака бар дауысымен айқайлап тұр. Екі қолы жоғары көтеріліп тұр. Оның дауысы барша көрермендердің дауысына қосылды:
-Фе-рум! Фе-рум! Фе-рум!- жеңіс Ферумның қолына түскенде Ака тағы айқайлады. Қолын қайта-қайта сермейді. Өзінің қай жерде тұрғанын Ферумға көрсеткісі келіп тұрған секілді. Адамдар жан жақтан қысуда. Тура рингтің төбесінде орналасқан экраннан Ферумның суреті шықты. Көк маска киген рингтің ортасында тұрған адамның маскасының астында кім екенін ешкім білмейді, бірақ оны білудің қажеті де жоқ секілді. Ең бастысы ол жеңді.
YOU ARE READING
Қарыз кітапшасы
Mystery / ThrillerҚолында тұрған қарыз кітапшасын жоғалтқан Ака, өлім жазасына кесілді. Қалай құтыларын білмей бас ауған жаққа қашқан ол, өмірден қашып құтыла алмайтынын түсінді.