Самуэль машинасына отырды. Titan A4 моделіндегі жаңа көлік тек қарыз полицияларына ғана берілген. Әрбір жаңадан шыққан көліктер тек қана қарыз полицияларына ғана берілетін. Басқа ешқандай адамның оны алуға құқысы жоқ. Қоғамдағы тепе-теңсіздік деп қарауға болады ма? Жоқ, бұл керісінше, теңдік деп айтсамда болады?..
Самуэль сол кезде ұсынысқа қол қойғанына қатты өкінеді. Мектепте Самуэль Акадан білімі жағынан мықты болса да, Аканың жанында оны қолдайтын адамдары көп еді. Самульға психотесттен кейін хат келді. Қарапайым күндерде кездеспейтін қатты қағазбен қапталған. Бұл Саэм үшін алғаш рет қатты қағазды ұстаған күн болды. Хаттаманың әрбір милиметріне дейін есептеп жасаған секілді. Бірде-бір арық нәрсе жоқ. Төрт жағынан бүктеліп, ортасынан қызыл балауызбен басылған мөр. Хаттама ашылғаннан кейін ішінен бір жапырақ қағаз шықты, бар істеу керек нәрсе, қол қою. Элиталарды іріктеу қоғамынан, оны Азия автономиясындағы «N32 элита университитетіне» қабылдауға келісімге жауап қайтару үшін он минут уақыт берілді. Сэм үшін олай ойлайтындай негіз болмаса да ол бұл хаттама Акаға да келді деп ойлады, онымен университитетте де бірге боламын деп ойлады, өкінішке орай жоқ. Сол нүктеден екеуінің өмірі екіге айрылды.
Машинаның үстіне дабылқаққышты қойды. Айтылған жерге бара салысымен бір жерге топырлап шоғырланған көптеген полициялар мен қарыз полицияларын көрді. Рациядан хабар берген адамды тапты. Сол жаққа қарай жүре бастады, ірі денелі көк погон таққан адамның жанына келгеннен соң:
-Полковник Азаттық, сіздің шақыртуыңызбен, майор Самуэль, келіп тұрмын. Мән-жайды анықтап беруіңізді сұраймын,- кеудесінде ұшы төмен қараған көк үшбұрышы жалтырап тұрды. Бұл адамның жанында Сэм өзін қарапайым ұстай алмайды, жанына жақындап келсе ауыр бір нәрсе иығынан басып тұрғандай сезеді.
-Сэм, үлкен ұрлық болды, соған араласуымыз керек,- күнделікті қоғамда болып жатқан ұрлыққа қарыз полициясына мүлдем араласуға тиым салынған. Сол себепті бұл сөзді естіген Сэм мән-жайды бірден түсіне алмады.
-Кешірім сұраймын, біздің қарапайым полицияның жұмысына араласуға құқығымыз жоқ екенін еск...
-Тыңда, сөзімді аяқтайын. Дұрыс айтасың, біздің қарапайым полицияның жұмысына араласуға құқығымыз жоқ, бірақ ұрланған зат та қарапайым зат емес.
-Тыңдап тұрмын.
-182 қарыз кітапшасы ұрланған. Бұның неге алып келетінін білесің бе?- бқл нәрсенің қайда апарарын Самуэль Азаттықтан кем түсініп тұрған жоқ болатын.
YOU ARE READING
Қарыз кітапшасы
Mystery / ThrillerҚолында тұрған қарыз кітапшасын жоғалтқан Ака, өлім жазасына кесілді. Қалай құтыларын білмей бас ауған жаққа қашқан ол, өмірден қашып құтыла алмайтынын түсінді.