Қоқыс

4 0 0
                                    


«Аспанда қалықтап ұшқан Самұрық аралы, бүкіл армандардың орындалатын мекені, салтанаттың пашалығы, адам санасының биіктігінің көрінісі»

3115-жыл деген жылды Саянның қолсағаты көрсетіп тұрды. Олар тайпасымен көшіп жатыр еді, бүгінгі күн қарбалас, себебі кешке дейін затарын жинап үлгеріп, жылжымаса Аспан аралы радар аумағынан шығып кетеді.

– Әке, көшпей ақ қойсақ болмай ма? Ертең көшейікші, – Саянның жатқан төсегінен еш тұрғысы жоқ.

– Болмайды, біз үш күнде аралды қуып жетуіміз керек, болмаса аш қаласың, – деп әкесі баласын жекіп салды.

– Бір ай бұрын ғана келіп едік қой.

– Енді аспан аралының қаншалықты тез жүретінін реттеп жатқан мен емес қой. Қоқыста тұратын адам, Қоқыстың заңына бағынуы керек, ұнамаса ана «жындылар» секілді сандалып жүре бер, – Саян басын көтерді.

Жер беті қашаннан бері Қоқыс деп аталатынын сол Қоқыстың тұрғындарының өздері де білмейді. Олар білетін нәрсе ол екі бөлек әлем бар, элита және екінші сорттың адамдары, аспан аралдарының тұрғындары және Қоқысты мекендейтіндер. Аспан аралдарын Қоқыстың адамдары қысқартып «АА» деп атайды. АА-лардан шыққан қоқыстар әрдайым төмен қарай төгіле беретін, ал Қоқыс тұрғындары өзіне қажетті заттарды сол төгілген нәрселердің арасынан жинап алатын. Сондықтан да АА-лардың қайда жүргенін біліп отыру өте маңызды жұмыс болып саналады, ал егер өздері артынан еріп жүрген АА радардан шығып кетіп, жоғалтып алар болса, келесі АА-ға қашан жолығатындарын ешкім де білмейді.

Саян үйінен шығып бірінші жан-жағына көз салды. Тот басқан темірден үйілген қырлар мен, қаншама қоқыс үйінділері әдеттегідей-ақ көзге бірінші ілінді. Ол ерекше нәрсе іздеген еді, бірақ таба алмады. Ойына ешнәрсе келмегеннен кейін ол маскасын киіп алды да, иттерін шақырды.

– Арлан! Төбет! Мә, мә, – екі робот иттер бірін-бірі итерісіп жүгіріп келді. Саян екеуінің желке тұсында орналасқан флешкаларды алды да, орнына жаңасын салды, – Жарайсыңдар, маған барып ерекше жерлердің суреттерін тағыда түсіріп келіңдер, – деп қалтасынан бірнеше резенке шарларды қолымен алды да, алысқа лақтырғаны сол еді робот иттер дәмді резенкенің артынан сол жаққа қарай жүгіріп кетті. Саян әкесінің жанына барды. Хамза есімді бұл адам тайпа көсемі еді, жасы елуге жетпесе де бүкіл осы тайпаның адамдары оны ерекше құрметтейтін. Саян барған кезде ол арбаларға заттарды артып жатты.

Самұрық: мың жылдық турнирWhere stories live. Discover now