Самұрық аралы, Стан сарайы.
- Баршаңызды жаңа турнирдің басталуымен құттықтағым келіп тұр, - деп төрде отырған Шах қонақтарға тілегін бағыштады, - бүгін хабар бергеніміздей «Самұрық» машинасы алдағы турнирдің қатысушылар тізімін шығарып бастады, және кешке дейін әдеттегідей жүз қатысушының тізімін шығарып бітсе, мейілінше жақын арада турнирді бастайтынымзды үлкен сеніммен сіздерге айтамын, - барша қонақтар шапалақ ұрды. Соңғы он екі жылда «Самұрық» кубогын өткізу комиссиясының төрағасы болып келген Шах бұл жылы да барлығы әдеттегідей өтетініне сенімді еді.
- Шах, бізге әзірге шыққан тізімнің ішінде, биылғы жылы жеңімпаз болуға лайық деген кандидаттарыңды өз пікіріңше айта аласың ба? - деді қара сақалды, ірі денелі кісі.
- Әрине Қасым мырза, әрине. Дәл қазір менің қолыма түскен тізімде 52 ғана үміткердің аты белгілі, оның өзінде лайықты дейтін үміткерлер бары сөзсіз. Мен өз ойыммен жорамалдайтын болсам біздің құрметті Шалқар мырзамыздың ұлы Жанысты және Айбар мырзамыздың ұлы Сардарды айтар едім, екеуі де жеңіске лайықты үміткерлер, - аты айтылған Шалқар да Айбар да осы үстелдің үстінде отыр еді. Екеуі өз ұлдарының аттары аталғанда көкіректерін көтеріп бір марқайып қалды да, артынша бірін-біріне қарап, «қарада тұр» деп меңзеген болды. Шах кішкене кідірді де, ары қарай сөзін жалғастырды. - Бірақ бұл тізімнің ішінде тағы ерекше айта кетер бір жігіт бар. Ол Қараман, бәрімізге белгілі Сұлтан Қараман, - бұл есімді естіген қонақтар шашалып қалайын деді. Жалпы аспан аралдарында аты әйгілі Сұлтан әулетін білмейтін адам санаулы-ақ еді.
- Қараман қхм, Қараман мырза да қатысады ма сонды бұл жылы? - деп жаңа ғана өз ұлы үшін мақтанып отырған Айбар сұрақ қойды.
- Биылғы жылғы тізімде бірінші болып Қараман мырзаның есімі шыққан болатын, - бұл жауапты естіген қонақтар қуанған еді, тек Шалқар мен Айбардың ғана санасында үрей болды. Өздерінің туған ұлдарына деген үрей, себебі «Феникс» турниріне қатысушы адам жеңілсе, ол адам үйіне қайтып оралмайтын.
Кенеттен есікті тарс етіп ашылды да, ішке турнирді өткізу комиссиясының мүшесі Самат ішке жүгіріп кірді. Маңдайынан тердің тамшылары көрінеді. Артынша есіктен сарай қызметіндегі робот Бобта кіріп келді.
- Самат мырза, кері шығуыңызды талап етемін, бұл отырысқа тіркелмеген адамның кірмеуі маған тапсырылған міндет болатын. Ал сіз өзіңізге жүктелген қызметті асыра қолданып отырсыз, - деп қоймай сөйлеп келе жатты. Шах Бобқа тынышталуын бұйырды.
YOU ARE READING
Самұрық: мың жылдық турнир
ActionӨмір бойы Қоқыста өмір сүрген Саян аспан аралына барып жаңа өмірді көргенде өзінің адамдар арасындағы рөлін түсінеді. Бірақ ол оңай берілгісі келмейді.