Бас кеспек болса, тіл кеспек те бар.

5 0 0
                                    

Адамды ұзақ, оған түсініксіз гуілмен бір жаққа тасымалдап барады. Оңбағандар, еш қайсысын кешірмеймін. Малғұндар. Анашым... Өлтірем бәрін. Он жыл, жүз жыл кетсе де өлтірем, кегімді алам.
    Ауыр ойлардан шаршап тынышталғаннан кейін сәл басқа ойлар шәй басына жинала бастады:
Неге, әке, соғысқа кеттіңіз? Анамды тындап үйде қалғанда бұнын бірі де болмас еді! Түкке тұрғысыз нәрсе үшін бәрі! Өлімнің не жақсысы бар қандай өмірден болса да?!
    Осындай ойлармен екі-үш күндей қаранғыда отырды. Айтпақшы қалай табамын әлгі адамдарыды? Гектор! Ағам ақылды, ол білу қажет. Бірінші ағамды тауып алуым қажет, сосын бірге кек алуға барамыз. Ол қазір Уинладисте шығар. Не де болса бірінші сонда жету қажет. Мойынындағы тұмарын құшақтап, осы ойлармен белгісіздікке қарай кетіп барады. Қанша жол болғаны түсініксіз. Садыр-гүдір кенеттен тоқтады. Адам, төрт бұрышты сандықтай қораптан еденге бетімен шалп ете құлағанда ғана есін бір жиды. Айналадағы қара түнек, жарқ етілген күн нұрымен келесі соққысын шалт берді. Жұтынғанша құлақтары бітелгендей сезіліп тұрған. Дәу бір ересек бұны енді басқа үлкен торға кері лақтырды. Адам айналасына қараса, бұларды жануар секілді бір бір торға сап қойыпты. Барлығында дерлік жас қыздар. Арасында өзі жастас әлі бой жетпегендері де бар.
-Көмектес!-әл жинасымен бірем біреу көмектесер деп дауысы жеткенше айқайлай жөнелді.
-Тыныш! Өлім іздеп отсын ба?-деп біреу таныс тілде үн қатты.
-Сен кімсің?
-Менің есімім Мария
-Біз қайдамыз?
-Бұл шығыс жағалау. Біз базардамыз.
-Адам сататын базарда- деп Элени есімді қыз араласа кетті.
-Адам сататын? Қалай сонда?
-Солай. Сені ақшаға құл сияқты сатып алад.
-Жұмыс жасатқызып қоя ма сонда?
-Жоқ, одан да жаманырақ. Жаман адамдар сенің дененмен жаман нәрселер істеп, ит сияқты үйлерінде ұстайд.
-Өтірік. Тындама оның айтқанын. Өзінді жақсы ұстасан, барлық адамдарға артынан бостандық берілед. -деп біріншісі араласа кетті.
-Сен оны қайдан білесін?
-Мен жақында осы базардан, ешқандай кісен-жіпсіз өздігімен жүрген құрбымды көргем. Сөз берем.
-Шын ба? Сонда не істеу қажет?- деп Адам сұрай кетті.
-Кішігірім айтқандарын орындасан болды. Кішкене ауыруы мүмкін, бірақ сәл шыдасан сені тіпті мына жердін түбінде де жақсы нәрсе күтіп тұруы мүмкін.
-Одан өлім артық
-Көрдік қо кеше қалай өлгенінді. Бұл жақта саған ешкім ондай рахатты.- деп ойын аяқтатқызбай бұлардын әңгімелерін сырқ еткізіле ашылған есік дауысы бұзып жіберді.
Шағын топ адам кіріп келді. Бұл Хайнейлітер қойған жоғары шен офицерлері, не солармен бас қосқан Валийліктер еді. Айналанды таңнан кешке бір сурет. Бұл жерде уақыт, тіпті өмірдің өзі тұрып қалғандай сезілетін. Қалалық қызық өмір мен қырғын соғыстан кейін, бөтен, үлкен ауыл-қалада тыныш тұру, баяу өлімдей сезілетін. Бұлардың қай қайсысының ең жек көретін қара жерге кері жолы. Осындай да қашудың тек екі жолы бар- тапаншада, не опиумде. Қашу тіпті таңдау емес тұғы. Енді сол опиумнан бастары кетіп, развраттың майына оралып келген жерлері осы.  "Жағанағы адамдар шығар" деп ойлап қалды. Не де болса бәріне дайын отқан бір Адам. Сатып алушылар Эленидің бойында біраз болып жиналып, бірдене жайлы даудаласып жатқандай. Сәл кідіріс, содан жанағылардын екеуі бірін бірі қуана құшақтай бастады. Элени болса темір тордың бір бұрышына жармасып қарсыласақан түрмен тығылып отыр. Еш артық сөзсіз бойы ұзыны қаруын алып ұйықтататын оқпен періп қалды. Тордан шығып жатқан дауыстар, болмасқа кері кетті. Бұл жағдайдан қалай құтылуыдын жайын ойлап отқан баланың қасына да әлгілердің біреуі тақалды.
-Кел бері*хайнейше*
Бір қолында қаруы бар ер адам, екіншісімен өзіне қарай шақыра бастады. Көрдік, бұрышта тұра беру қауіп. Адам жайлап жарыққа қарай жақындай бастады. Сатып алушы араларында тор тұрса да балаға жарамаса кетіп, алдымен екі қолы алақандарын тексере бастады. Соғыс басталмастан бұрын Адамның әкесі банк қызыметкері, ал анасы мұғалім болып істейтін. Тройда жемқорлық үрбіп тұрса да, әлі де болса басында білімі бар адамға өзіне қоғамда жақсы орын табуға болатын. Сизиф өзі Тройдың ауылдық жерінен шыққан. Вегорадағы барша адамдай Сизифтің әке шешесі де жер өндеумен айналысатын. Жүзім, зәйтүн секілді әр түрлі жемістер өсіріп күн көретінді. Кішкентай бала үшін кеш бастала басталатын қара жұмыстан басқа жек көретіні жоқ еді. Су тасу, одан сон аррам шөп жұлу оған не береді өскенде? Үлкен ағасына қараған да әлсіздеу, бірақ ақылдырақ болатын. Бос уақытында ерінбей көрші ауыл жақтан балық аулап, тау басында кітабпен кеш қарсы алу ол үшін бір рахат еді. Ес біле өзіне бұл жерде қалмаймын деп сөз беріп, он сегізге тола білім артынан қуып, үйінен қашып кеткен болатын. Өкінішіне орай, сол 5 жылдық сапарында, әкесі де, анасы да жылан жылы бұл өмірді кенет өршіген ауырудан тастап кетуге мәжбүр болған. Бұл амбиция толы Сизиф үшін ауыр соққы болды. Қанша көндіруге тырысса да, інісін кешіре алмаған ағасы, ауылды тастап шығудан бас тартты. Өмірінде бәрі бола түра, өмір өзенінде ағыспен кетіп бара жатқан тірі өлік, Афина болмаса, шынайсына айналуы әбден мүмкін еді. Жиырма алты жасында жұмыстас достарының үйіне қонаққа жиналған күндердің бірінде, балаларының ұстазы, ұмытып кетілген күнделігін кеш болса да әкеліп тастап, енді кеш жамылып кері кетіп баратқан. «Қонақ болып, дәм татып жібер»-ге де көнбей қойған. Екінің бірі ертен бәрі бір де, мектепте бере салса болады деп қалдыра салар еді. Бұл жас әйелдің өмірлік ұстанымдары Сизиф үшін қызықты, әрі өте әдемі көрініп, шығарып салуға ұсыныс жасаған болатын. Осылай домалақ тоқыма жіп айнала кетіп, он жеті жыл бойы тек тыныштық пен бақыт толы өмірге негіз бола кеткенді. Кейін үйленіп, бар жинаған тергендерін қосып екеуінің де жұмысына ыңғайлы болатын жерден жер үй алды. Афина жаңа үйге көше сала, өзінің кітаптарын полкаға жинап кішігірім кітапхана жасап қойған болатын. Ал Сизиф болса өз қателіктерін балаларына қайталамас үшін, үй алдына кішігірім бақша егіп бастаған, бірақ балалары ес біле бастаса да үйт-бүйт деп жұмсамай, кеш бола өздігімен шаруасын істей беретін. Анасының бастауымен Гектор әкесіне көмектесіп қоятыны болса, кішілері үйде тәтті жеп жата беретін. Оған ешкім ұрыспаған ол үшін, сабағын оқыса болды. Сизиф адамгершілік таяқпен, не бұйырықпен емес, бірақ өмір мен уақыт, және жеке үлгімен ғана келетініне сенетін. Содан да Адамның жұп-жұмсақ, еш сүйелсіз алақаны, сатып алушыны алда күтіп тұрған ләззатқа қызықтыра, шыдатқызбай өз қолын баланың денесімен жоғары көтергізіп бетіне қарай бағыштап, еріндеріне тигізе бастатқан түрі еді. Бірақ Адам, егер қазір дым істемесе, тағдырының осы бағытта кетерін түсініп, ауызымен әлгінін саусақтарын бір тістеп жұлып алды. Қансырап қалған опасыз, жерге құлай кете, бірдене-бірдене дей бақыра жөнелді.
-Оңбаған!Өлтір ананы, өлтір!*хайнейше*
Күзетші қаруын бағыттаған кезде, Адамның құлақ тұсынан "одан өлім артық" деген бағанағы сөз жүгіріп өтіп кетті. Бұл дәл сол қайғылы тандағы сезім. Өлім алдындағы уақыт тыныштығы. Құдды бір өмірдің өзі  саған бірденені дәлелдегендей. Сен ерекше емессін, міне сенің соңғы сәтін! Бірақ неге мен? Неге менің әкем, анам? Неге оларды өлтірген құбыжықтар емес? Құдай құдіреті осы ақ па?  Жоқ, мен келіспеймін, маған ондай құдай қажет емес. Маған өлуге болмайды. Маған әлі ағамды тауып, ана қыли көзден кек алуым қажет. Мен бүгін өлмеймін.
Осы сезім, ой, ерік екі көзінде құр бостықты материалдандырып ауызы қанға толы жануарға айналдырғандай, мұны көрген күзетшіні үркітіп жіберді. Әншейінде, мойынға тағылған кісен қанша ерікті болса да басатын. Басылмаса таяқ ем. Бұл балада дәл сол көздер. Бұдан тыныш құл шықпайды. Өлтірсен арам кетед. Бірдене қылып тиының кері шығару қажет. Күзетші торды ашып Адамды, мылтығының топас жағымен ұрғылай жөнелді. Соққылар бірінен бірі қатты өтіп барады. Тарс! Мойын жағына тиген секілді, бала талып қалды.
-Өлтір! Не мен өзім өлтірем!*өзге тілде*
-Хайуан тістесе өзің кінәлі. Біздің активке тиіс деген ешкім жоқ*өзге тілде*
-Менің саусақтарым!*өзге тілде*
-Қорықпа, кәзір қайтарамыз.*өзге тілде*
-Мен бұны бұлай қалдырмаймын.*өзге тілде*
-Ешкім бұны бұлай қалдырмайды. Мен баланы өлтірмеймін, өлтіргін келсе сатып ал. Жоқ болса, саған тек тілін кесіп, саусақтарынмен кері бере алам. Тігіп аласан бір айда ақ су жаңа болып шығасын. Таза айырбас, не дейсін? Екуіне де сабақ болад.*өзге тілде*
Сатып алушы басын изей салды.
-Келістік онда.*өзген тілде*
-Нима! Менің пышағымды алып кел!*хайнейше*
Адам екі күннен кейін ғана есін бір жыйды. Бүкіл дене сүйегі, бұлшық еті зілдей піл езіп өткендей құрысып ауырып тұр. Бірақ дүниетанымдағы бір нәрсе сондай бір ыңғайсыз сезімге келтіріп тұр. Бірдене жетіспейді. Жағым сау ма? Қолымен ауыз-жағын ұстанқырай кетті, бәрі орынында ма, қалай? Жоқ, ауыз қуысының ішінде бірдене жетіспей, кідіре келген ауыру шірітіп бойын басып барады. Саусағын салса, тілін сезер емес.
-Кммтс,- көмекке шақырайын десе бір сөздін бас аяғын қоса алар емес. Бізідің бала енді өз ерікісіз алтын оралды. Қара жамылған әйел, тамақ әкелегенде, баланың оянғаның көріп өз баласындай құшақтай жөнелді. Сонғы екі күнде, қансыраған баланың өмірі үшін құл сатушының күндерінің бірі күрескен болатын. Тройлық көк көздерді көргенде өз жанын айырбастауға да дайын болатын кішкентай көгершін үшін.
-Әлсіреп қалған шығарсын? Мә, мынаны іш,- деп сорпа секілді қоңыр лайды үргілеп ауызына тақай бастады.
-Сенің өмірге деген құлшынысын мықты екен, іш-іш, өмір сүргін келсе!
Не де болса жылы екен.
-Нима, ыстық су!*хайнейше*
-Маған кету қажет! Өзін іш, ары қарай.
Ішіп отқан сорпасының дәмі жоқ па не? Аяғым! Қатып қала жаздаған екі аяғын екі санының ортасына тығып, уқалап жіберді де, тамақтануын кері жалғастыра жөнелді. Айнала тас қаранғы, көк суық, әрі ет сасыған. Адам ауырған жараға жылайын десе, көз жасы шығар емес. Мен жыламаймын! Бастысы тірімін! Мен мынаны да, ана қыли көзді де өлтірем! Сосын ағамды табам. Бұнсыз өлмеспін! Мұрының астынан бірдене-бірдене мыңғырлап отқанда тан атып, келесі күн де басталып кетті. Әлсіз Адамды, алып қолдарымен қара-қоңыр бейтаныс, көше бойына, мойынындағы шынжырды темірге байлап, күн астына лақтыра салды. Қанша уақыт өтті өзі? Өзің қоршаған дәу-дәу тау ортасы мен шыжыған күн астында, қазанға қуырылған шошқадай әрі-бері қозғалғаны, оны бұл жағдайдан алып шығары қайдам. Жай көтені тастай жерден тесіліп күйіп кетпеуі үшін ғана істеп отқаны. Бір сәтте біздің алтын баланы, осы жерден өтіп бара жатқан ор офицер көріп қалды. Ор емесін көрсе де, Аврийдің қаны бар, көк көзді ұлдарына кісен тағатын мына сығыр көздер құтырайын деген бе?!
-Кім сатушы? Кім деймін сатушы?!*орша*
-Не болды?*өзге тілде*
-О, сығыр көз! Сен бе бастық?*орша*
-Ия, бастық.*орша*
-Жібер баланы*орша*
-Бала сату*орша*,- деп саусақтарымен ақша көрсетті.
-Жібермесен, келесі ана қолынды көтіне тығам. Босат! Тез! *орша*
Офицердің сөзі барша көшені қозғалтқызбай тастады. Николай бұл ақ таулы Вайлиде жергілікті ақсүйекке қару жарақ сатумен жүрген. Орстанияның солтүстік губерниясы, Бөкей-Сақаның, Хайнеймен шекаралас Бөкей ауданынында бірінші вице-губернатор шені қызметінде міне сегіз жыл қызымет етіп келе жатқан еді. Қызыметін басында қатал да, бірақ адал істесе, кейіннен әйелі Оксана, Губернатордың әйелі әр себепке бола ұйымдастыратын балынан сон, жылтырақтар мен салтанатқа есі кетіп, үйге келе бұның қанын ішетін. Николайдың басында тек жылқы жарыс пен қанжар жинау еді. Кавалерист кезінен қалған бұл бір қызығушылықтары да арзан дүния еместі тұғы. Бұдан бөлек, ол өзін әрі керім саясаткер санайтын. Егер келесі төрт-бес жылда ауада ұшым жүрген толық ауқымды соғыс басталса, патша Кирил елдің шығысында тыныштық ұстайтын сенімді бір адамы керек болатыны айдан анық. Хайней қазір әлсіз болса да, бір чуркалар екінші сығыр көздерге ұмтылып жатса, ол минингитті кімде уақыт болад емдейтін? Бірақта егер кенеттен, қажет уақытта Хайнейдің өзінің бас ауыруы пайда болса, бұның бәрін айналып қашуға болмай ма, ия? Вайлидің тау халықы өздерін әрдайым бөлек халық ретінде есептеген. Мин империясы кезінде күшпен бағынып қалса да, әлі күнге өз тілдерінде сөйлеп, өз құдайларына сыйынатыны бар. Егер бұларға қару берсен, керемет ойыншық жасауға болмақ болашақта. Сөйтіп үш қоянның басын бір оқпен атып аламын деген оймен іс жасап жүрген Николайдың амбициясынан, Орға тән артықшылығы жоғары ойнап, онсыз қайнап тұрған ауаны табандылығымен одан сайын қысып барады.
-Никола?
-Досым менің, Эшэ! *Орша*
-Қонақты ренжіткен дұрыс емес. Бере сал баланы, ақшасын өзім төлеймін*өзге тілде*
Құл сатушы әлсіз баланың мойынынан кісенді шешіп, басын түсіре, кері көленкелі орнына шегіне тұрды. Николай су толы құтысын тақап, өзінің жаман пиғылды емес екенін көрсетуге тырысты. Адам бұның су екенің көріп, бірден құтыны бос қылды.
-Мені түсінесін бе?*Орша*
-Бала сөйлеме*Орша*,-құл сатушы.
-Жақсы, артынан шешерміз, арбаға сала салындар, бізбен кетеді. Ал саған мың алғыс, Эшэ. *орша"
-Оқасы жоқ досым. Бірақ Лхасаға келіп тұрып, қонаққа соқпағаның, менің жүрегімді қатты жаралады*орша*
-Кешірім сұраймын енді, бірақ қазір шекарада тыныш емес, контрабандисттер, қашқындар көбейіп барады, коллекция жайлы ойлайтын дым уақыт жоқ. *орша*
-Ае, түсінемін, бірақ тағы келіп жатсан, сен менің үйімнің құтты қонағысын, біле жүр. *орысша*
-Әрине досым, сен де! Рахмет үлкен тағы да, маған жол жүру қажет, онсыз да көп уақыт жоғалтып алдық бұл жерде. *орша*
-Жақсы, сәт сапар!*өзге тілде*

The AdamWhere stories live. Discover now