Тыдық-тыдық ете айнала келе жатқан төрт дөңгелек, өмір өзенімен Адамды келесі жайлауына еш тоқтаусыз алып барады. Николай баланың тілсіз екенін білген кезде, еш пайдасы болмарын ұғып, чурка деп саналатын халықтардың бірі сақалардың қасына жұмысқа қосып жіберген болатын. Бірінші вице-губернатордың өзі Бөкей ордасындағы ішкі істермен айналысқанды ұнатпайтын. Өзіне өзге халықтын не істеп, не қояғаны оған түк те қызық емес тұғын. Салықтарын төлеп, жоғардан қойылған планды орындаса болғаны. Сондықтан бұл іске өзін жоғары көрсеткен, Үшінші Русьқа адалдығында күмәні жоқ сол сақалардың бірі, капитан Жантөре тағайындалған болатын. Губернатордың сонғы бұйырықтарының бірімен