Black Dial-Сөйле

24 1 0
                                    

Үнсіздік әлеміңді жағалады,
Жалығып барады ма жанымыз.
Көңілім дауысыңды сағынады,
Жалғыз боп қаламыз ба тағы біз.

Таңдауым өрт болып сен өзегіме,
Таусылып талғаны ма әліміз.
Алдады тағдыр бізді көнесің бе?
Жаны жоқ қалғаны тек тәніміз.

Кінәсіз жүрек тағатсыз күтуде,
Айтылмады мүлде, жауабыңды күтем.
Тарылып кеуде жабырқаулы күйге
Өзгересің неге? Өтінемін сөйле.

Сөйле сөйле сөйлеші,
Үнсіздігің керек емес.
Сөйле сөйле сөйлеші,
Үнсіздігің керек емес.

Қалғандай жалғыз жолда мен,
Құбылады сенде мың әлем.
Сұрағаным қанша рет бірақ,
Көздерің сұрақ, сезімің керең
(Шешімге кел)
Iә...
Жалықтың ба? Жаңылдың ба? Үнде.
Алдадым ба, қолдандым ба, күнде?
Бәрін айт, неде дау?
Тіл қаталмай, ойпырмай-ай.
Есіңді жи қане сені күтемін мен,
Open your eyes.

Күрсініп тұрсың әлі сұрағыма,
Бәлкім қалауың соңғы кездесу.
Жасырып айта алмадың құлағыма,
Қасыңда мүмкін емес жылыну.
 
Кінәсіз жүрек тағатсыз күтуде,
Айтылмады мүлде, жауабыңды күтем.
Тарылып кеуде жабырқаулы күйге
Өзгересің неге? Өтінемін сөйле.

Сөйле сөйле сөйлеші,
Үнсіздігің керек емес.
Сөйле сөйле сөйлеші,
Үнсіздігің керек емес.

Бұл соңы емес, Бәрі де анық.
Жүрегіңнен сұра (сұра, сұра, сұра)
Кезегі келді айт, айт.

Сен үшін TEDDY TOY,
But I am bad boy.
Басыңда қанша ой,
Соның барлығын жой.
Ашығын айта алмай, Жасырма сезімді олай.
Жүрегің нені қалайт?
Сұра, сұра, сұра, сұра.

Black Dial – дан
Сұра, сұра, сұра, сұра.
Қара домалақ
Жүрегіңнен..
Сұра, сұра, сұра, сұра.

Q-POP "Казакская группа"Место, где живут истории. Откройте их для себя