Түнің ортасы. Цитрон каметасы құйрығын бұлғақтап күн жүйесіне кіріп келеді. Жерден қарағанда жарқырап әдемі көрінеді. Ала сиыр түнгі аспанға басын көтеріп, сол каметаға біраз қарап қапты. Сосын күйіс қайрауын жалғастыра берді.
Мөөө, мөөө, мөө,...
Терең әрі қараңғы үлкен үңгірде қара күш қарап қалмай күш жинауда. Тұздейімдіктерге енді басқа күш керек. Қаруас және оның шамандары бұл үңгірде отырғандарына бірнеше сағат болды. Біраз уақыттан кейін осы жерге Истискалдын өзі келу керек. Үңгірдің іші тастай қараңғы, қорқыныштың апаны сияқты. Тұздейімдіктердің жүректері дүрс-дүрс соғуда. Яки Истискал оларды күлге айналдырып жіберсе ше? Бірақ басқа амал бар ма? Шокилер, көп уақытқа дейін қоныстары болған Тұздан шаһарын күл-талқанын шығарды. Истискалға келу үлкен басынды қауіпке тігу демек. Десе де, Қаруастың да өз есебі бар. Қолында екі сиқырлы шоколад дәні бар. Оған қоса, Хермес деген қу шаманнан келген сиқырлы шар бар. Бірақ, бұл ерекше заттарды қолдана білгеннің өзінде Шокилерді жену мүмкін емес. Өйткені ол жердегі аркуа мектептері соңғы уақытта күшейіп барады.
Дүрс-дүрс-дүрс-...
Тұздейімдіктердің жүректері соғуда. Демек олар әлі тірі. Шаманның қолындағы шырақ өздігінен сөніп қалады. Бір кезде олар тұрған жерге біреу жақындап келе жатқан сияқты болды. Біреудің ауыр дем алысы естіледі.
Ххрр-ххрр-ххрр-...
Бірақ бұл қорқынышты дауыс олар келген жақтан емес, керсінше үңгірдің түбінен шығады. Осы сәтте үңгірдің қабырғалыры қызарып айналаға аздап жарық береді. Онсызда әрен тұрған шамандар қорыққандарынан дір-дір ете бастайды. Тек Қаруас ештеңе білдірмейді.
Халуадан жасалған түпкі қабырға жарылып құлай бастайды. Ішінен қара шапан киген қап-қара адам шығады. Бұл Истискалдын дәл өзі. Тұздейімдіктер бірден тізелерін бүгіп отыра кетеді.
– Истискал тақсырға сәлем бердік!! – дейді бәрі бір ауыздан.
– Ащы, қорқақ иттер!! Келіпсіңдер! Еш күтпеген едім. Әлде бұл тосын сый ма? Қорықпайсыңдар ма? Барлықтарыңызды қырып салуым мүмкін. Сендерден әжептеуір күш шығаруға болады, – дейді Истискал үңгірдің ішін гүрілдетіп. Қаруас осы сәтте сөйлеуге бел буады:
– Истискал тақсыр, біз сізден қорықтық әрине. Бірақ бізде не бар десеңізші?
– Өөй, ащы сұмырайлар, не ол сендердегі!? Сол баяғы тұз кристалдар ма!? Олар түкке тұрғысыз. Өздерін сияқты.
– Жооқ, тақсыр. Бізде сиқырлы шоколад дәндері және сиқырлы шар бар.
Истискалдың ұсқынсыз түрі бірден өзгерді. Ол бір сәтке тұрып қалады. Сосын ащы даусымен:
– Қане көрсетіңдер, – деді кішкене құрметпен.
– Мінекейіңіз, – деп Қаруас қара матаны жайып салады. Екі дән шүберектің дәл ортасында жарқырап тұр. Артынша Қаруас сөмкесінен шарды да алып шығады. Үрей толы шамандардың жүздері енді нақтырақ көрінді.
– Ооо, керемет. Бұдан бір нәрсе шығады, – деп Истискал жақындай түсті. Ол көмірдей қара алақанымен нұрлы шарды жоғары көтерді. Біраз тамашалаған соң, ыржия кетеді.
– Қха-қха-қха-....
Тұздейімдіктер бір-бірлеріне қарап демдерін басады.
Истискал күтпеген жерден:
– Енді көздерінді құртуға болады. Қха-қха-қха-...
Қаруас сөзін жалғастырады:
– Бұл мұнымен біткен жоқ. Құны бұлардан кем емес ұсынатын тағы нәрсеміз бар.
– Ау, сендер бүгін мені қатты қуанттыңдар. Тағы не бар? Шығара бер. Бүгін тосын сый күні болайын деп тұр ғой.
– Ұсынатын нәрсеміз – өзіміздің адал қызметіміз. Ант ішуге дайынбыз.
– Міне қызық. Той енді басталғалы жатқан сияқты ғой. Қха-қха-қха-... Сонда, менен не сұрайсыңдар?
– Сұрайтынымыз – сіздің де қалаған нәрсеңіз. Шокилердің бытшытын шығару және ежелгі кітапханаға қол жеткізу.
– Бәлкім сендер маған керек емес шығарсыңдар, ааа?
Қаруас осыны күткендей:
– Жоқ, керекпіз. Бір-бірімізге керекпіз. Естуімізше Райл мен Элия деген балалар Элипсаһар мектебіне шақырылған. Олар сонда оқып жатыр. Олар келген әлемде жер домалақ екен. Бір жыл бұрын әкелерін қолға түсіріп, балалардың көзін құртуға тырысқанбыз. Бірақ жоспарымыз іске аспады, – деді ол нық сөйлеп.
– Келген жерлері домалақ дейсің бе!? – деп Истискал ойланып қалады. – Жақсы, мақсатымыз бір екен. Сендердің ұсыныстарын қабылданды. Элипсаһардың күшін жақсы білемін. Кезінде өз қолымен құрлысына ат салысқанмын. Бірнеше жүз жыл бұрын. Сол құрыпкеткір Нуа Дегдар болмағанда, бәрі ойдағыдай болатын еді. Енді күш менің жағымда. Мына шар бар ғой, иә... Сендер не әкелгендерінді білмейсіңдер. Бұл керемет күш.
Қаруас батылдық танытып:
– Қалай болды сонда? Не себептен Нуа Дегдармен дұшпан болып кеттіңіз? – деп сауалын қояды.
– Нуа екеуіміз кішкентай кезімізден бері дос едік. Өміріміз сол ежелгі кітапхананы іздеумен өтті. Ол кітапханадағы кейбір кітаптар пайғамбарладан қалған деседі. Ол кітапхананы тауып алғанда қуанышымызда шек болмады. Өйткені оны төрт адам боп 25 жыл бойы іздедік. Жердің астындағы кітапхананы қазып зерттегенде қуанышымыз ұзаққа бармады.
– Не үшін? Ол жерде еш кітап болмады ма? – деді Қаруас көңілі түсіп.
– Жоға, ол жерде кітаптар болды, һәм бір де бір парағы тозбаған.
– Ал сонда не үшін қуаныштарын тоқтап қалды?
– Қха-қха-қха. Ол жерде мыңдаған кітап болды. Қха-қха-қха,#-деп қырқ-қырқ күлді Истискал.
Қаруас таңырқап:
– Ол жақсы ғой#-деді.
– Жақсы әрине. Бірақ бұл қаншалықты жақсы білесің бе!? Маржан тасты іздеген адам үшін бұл теңіз сияқты. Кітап теңізі. Ал сол теңіздің түбіне жету оңай шаруа емес! Тіпті оңай емес. Ал «теңіздің» түбіне жеткен соң қазына жатқан жерді табу тіптен оңай емес. Ең күшті аркуа жазылған кітап қасымызда болды. Бірақ қайсысы екенін білмедік. Бұны жасырып кеткен аркуандар бәрін жақсы ойластырған. Тағы бірнеше жылымыз кітаптарды оқып, зерттеумен кетеді. Үмітіміз әбден таусылады. Сол уақытта Нуа Дегдар сыртқа шығып орманды аралауға кетеді. Сыртта ол не істегенін білмеймін, бірақ сол түні ол түс көреді. Түсінде бір белгілер көреді. Сол түсті жорып, келесі күні жылдар бойы іздеп жүрген кітапты таптық. Қуынышымызда шек болмады. Балаша секеріп қуанышымыз қойнымызға сыймады. Осыншама жылдар бойы іздегеніміз табылған еді. Алайда ең бақытсыз күніміз де сол күн еді. Достығымыз дұшпандыққа айналған күн болды. Ол кітапта өте күшті аркуа жолдары жазылған. Мысалы ауа райын өзгерту, уақытты тоқтату, шайқастың ең жойқын түрлері сияқты ешкімнің қолынан келмейтін аркуа тәсілдері. Күллі әлемді, тіпті әлемдерді жаулап алуға болатын күш болды.
– Ал шексіз өмір жолы ше!? – деп Қаруас шыдамай кетті.
– Ол туралы есімде емес, – дей салды ол.
– Сосын не болды?
– Осы тұста ойларымыз бір жерден шықпады. Ол бұл аркуа түрлерін адамдарға пайда әкелу керек деп ойлады. Ал мен үшін – барлық ғаламдарды басып алу құралы.
– Ол кітап қайда? – деп төтесінен сұрақ қояды Қаруас.
– Қха-қха-қха. Асықпасаншы бәрі-бір ол кітапты тапсаң да оны түсіну оңай шаруа емес. Сол кітапты тапқан күні Нуа екеуіміз араздасып, шайқаса кеттік. Ол бір амалын тауып ұмыту аркуасын қолданады. Барлық күшін осы аркуаға салып, жеңілгендей болады. Оның әлсірегені соншалықты – мен тіпті оны өліп қалды деп ойладым. Шынында да өзі де өліп кетуі де мүмкін еді. Оның ұмыттыру аркуасы әсерін көрсетті. Мен тек сол кітаптағы нәрселерді ұмыттым. Ақымақ Нуа, екеуіміз бүкіл әлемдерге иелік ететін едік. Бірақ олай болмады. Жаңағы аркуа іске қосылғанда тіпті сол манайдағы құмырсқалар да өз ұясының жолын ұмытып қалды. Мен кітаптағы барлық көріп, білгендерімді ұмытып қалдым. Әрине, Нуа да ұмытып қалды. Ол сол кітапті әлі таба алмай жатқан сияқты. Қайда кеткенін ешкім білмейді. Сол кітапханада болуы керек.
– Қазынаға жетуге сәл-ақ қалған екен ғой, – деп Қаруас ауыр күрсінді.
– Иәәә, ақымақ Нуа болмағанда бәрі басқаша болатын еді. Менің де топас басым істемей қалғаны. Бірден Нуаның көзін құрту керек еді. Сол жерде болған төртеуміздің барлығы мектеп құрды. Нуа Элипсаһар мектебін, Дрем Жуан – Шахан мектебін, Рейседе Туар – Рейсту мектебін құрды. Ендігі кезек менікі.
– Жоспар қалай болмақ, тақсыр? – деді Қаруас көңілі көтеріліп.
– Мектеп ашамыз. Онда қара сиқыр жасауды дамытамыз. Аты ҚАРАДАТ болмақ.
– Қарадат?
– Кішкентай кезімде алғашқы ойншығымда осы жазу болған. Сол кезден бері қара деген сөзді қатты ұнатамын.
– Айтқыңыз келгені Квадрат емес пе? – деді бір шаман.
– Жоқ, ақымақ! Карадааат!! – деп айғай салғанда Истискалдың аузынан түтін шығып кетеді. – Менің қатарыма бірқатар серіктестерім жиналып қалды. Соларға аркуа жасауды үйретуіміз керек.
– Бірақ оларда үш мектеп қой.
– Олардың ара-қатынастары бұрынғадай емес. Тіпті кейбір мәселелерде араздасып қалады. Бірақ кітапхана бәріне ортақ. Алайда, жамандық жасау жақсылық жасаудан мың есе оңай. Үйді бірнеше жыл бойы салсаң, оны бұзуға бірнеше секунд жетеді. Бұны білу өте маңызды. Сондықтан күш біздің тарапымызда. Оның үстіне, мына шар мен дәндер күшімізді есейледі.
Жағдайдың жақсарғанын түсінген бір шаман:
– Ол мектеп қайда болады? – деп сұрайды. Истискал тақсыр одан сайын жақындап:
– Қайда болушы еді? Жердің астында. Тіпті құрылысы басталып та кетті. Ал сендер сонда қызметші боласыңдар.
– Бірақ Нуа не үшін сонау домалақ жерден екі баланы шақырып оқытып жатыр?
– Жерлері домалақ болғаны үшін шығар, – деді арасындағы бір шаман.
– Алайда оның мектебінде ата тегімен аркуамен айналысып келе жатқан оқушылар да көп, – деп Қаруас та қоса сөйледі.
Истискал қырылдаған даусымен:
– Нуа сол әлемді тапқан соң, сол жақтағыларды оқытып көрейін дегені ғой. Ештеңе шықпайды, жай эксперимент жасап жатқаны ғой. Айтпақшы, сендердің не үшін балаларға күштерін жетпеді? Осыншама көмекшілерін бар екен, – деді.
– Мммм, қалай айтсақ екен. Ол балаларға әкелерін қарсы қойып, соның қолымен өлтіргіміз келген. Басқаша қиын болады деп естіген едік. Қайын деген бір кітапта солай жазылған деседі. Өкінішке орай жоспарымыз іске аспады. Нуа оларды жақсы қолданды. Әйтпесе оларда ешқандай күш жоқ, – деп Қаруас көңілсіз дауыспен қысқаша баяндап береді.
– Қолдарынан түкте келмейді екен. Сол кезде маған бірден келу керек еді. Жарайды, ештен кеш жақсы дейді. Менің басшылығымен біраз істер тындырамыз. Менің өмірлік заңым: «АҚИҚАТ КҮШТЕ»
– Біздің де ұранымыз: «КІМ КҮШТІ СОЛ БИЛЕЙДІ», – дейді Қаруас ащы дауыспен.
– Қандай би? Қамажай ма? – дейді бір шаман.
– Топас!! Қамажай қыздардың биі, – дейді екіншісі.
– Қойыңдар екеуін де, әйтпесе қазір осы жерде қамажайды өздерің билейтін боласыңдар! – дейді Қаруас ашуланып.
– Ал енді ант шеруін бастайық, – деді Истискал.
Борбор шаман алдын-ала дайындап қойған шелекті алып келеді. Истискал шелекке бір нәрсе оқи бастайды. Сосын шелекті Қаруасқа жібереді. Шелек өзі ауада қалқып Қаруасқа ұшып барады. Қаруас алақанын пышақпен тіліп, бірнеше тамшы қанын ағызды. Артынша шелектің ішіне үрлейді де «Истискал тақсырға адал қызмет етуге тұздың атымен ант етемін!!» деді. Осы үрдісті кезекпен барлық он екі шаман да қайталайды. Соңында шелек қайтып Истискалге ұшып келеді. Ол «Қабылдаймын» дейді де шелектің ішіне түкіріп жібереді.
ВЫ ЧИТАЕТЕ
ТЫЛСЫМ ЭЛИПСАҺАР
FantasyШоко әлем 2. Қараңғылық тараптарларымен күресу үшін Райл мен Элия сиқыр мектебіне шақырылып қабілеттерің жетілдіреді. Ал ежелгі Элипсаһар мектебі оларға өз сырын қаншалықты ашады...