5-бөлім. Соңғы бөлім🌸

188 11 1
                                    

Тэми не істерін білмеді. Ол екі дүниенің арасында қалғанын түсінді. Себебі алдындағы аурухана бейнесі де бұлдырлап барады. Тэми өзінің жоғалып баратырғанын сезді. Үлкен қара шұңқыр Тэмиді тартып бара жатты. Құрығаным осы шығар деп ойлағанда,ол алдында тұрған Джинді көрді.
-Кан Тэми,тоқташы. Өтінемін,кетпе!
-Джин?
-Иә,Джинмін.
-Сен...қалайша....
-Өтінемін,қолыңды берші!
-Бірақ...
-Бол!
Тэми тез Джиннің қолын ұстады. Джин оны құшақтағанда,айналасындағы қара шұңқыр жарықтана бастады. Бейнелер қалпына келіп,екеуі Бантан жатақханасының алдынан бірақ шықты. ОЛ жерде айқай шу болып жатты. Бұны көрген Джин мүлдем шошып кетті. Себебі бұл жерде көлік апаты болған. Ал сол көлік апатына түскен Джиннің өзі!
-Қалайша?-Тэми жерге отыра қалды. Сол кезде Тэмиді ұстап тұрған Джинді,яғни Джиннің жанын жерде жатқан денеге қарай тартып әкетті де ішіне еніп кетті.
Жерде жатқан Джин көзін бірден ашты. Тэхен бірден:
-Хен! Ол оянды!
Джин басын ұстап:
-Маған не болды?-деп сұрады.
-Сен екеуміз Тэмиді іздеп жүргенде аяқ астынан көлік шығып,сені қағып кетті!
Дәрігерлер оның не айтқанын түсінбеді. Менеджері де осы кезде көліктен түсіп осыларға беттеп келеді.
-Джин! Ауруханаға барамыз!
-Жоқ,қажеті жоқ. Бастысы мен есімді жидым.
-Ким мырза,бірақ сізді тексеруден өткізуіміз керек. Қауіпті жарақат алуыңыз мұмкін!
-Дәрігер мырза бірақ...
-Ешқандай бірақ жоқ! Барамыз!
Жедел жәрдем көлігі орнынан қозғалып жылжыды. Артынан фургонмен топ мүшелеріде қозғалды.
Кушеткада Джин жатыр. Қасында дәрігер қан қысымын тексеруде. Тек оның қасында көрінбей Тэми отыр. Ол Джинге барынша қолдау көрсеткісі келді. Бірақ Джин оған әдемі жанарларымен қарап жатты. Тэмиде рахмет деді.
Ауруханаға жетіп,Джинді тексеруден өткізеді. Қауіпті зат байқамаған соң оны палатаға жатқызады. Осы кезде менеджерді директор шақыртады. Бұл жағдай оның құлағына жеткен секілді. Менеджер Джинді жігіттерге тапсырып өзі кетіп қалады.
-Тэми!
Барлығы Чимин айтқан жаққа қарай бұрылды. Есіктің алдында Тэми тұрды. Тэхен жүгіріп барып жанына жетті.
-Қайда болдың?
-Мен өліп,қайта тірілдім!-Мен өлдім. Бірақ қайта тірілдім. Түсіндіре алмаймын,бірақ мен қайтадан өз денемді кезіктірдім. -Тэми жыламау үшін өзін əрең ұстады. -Мені өлімге бірнеше жағдай жібермейді.
Осы уақыт бойы Тэмиге қарап тұрған Джин біраз эмоциядан өтті. Кішкентай уақыт ішінде Тэмиді жоғалтып алдым деген ой оны қатты қорқытқан еді. Міне, енді жүрегін елжіреткені алдында тұр.
Джин орнынан абдырап тұрды да Тэмиге жақындап келіп,құшақтап алды. Джиннің көзіне келген жас тоқтар емес.
-Тээми~я.... Тэми. ..Тами- Осы сөз ғана оның аузынан шыққан. -Сені көрмеймінбе деп қорықтым! Бұл өте, өте қорқынышты. ..
Тэми де жылап оны құшақтап алды. Ал қалған жігіттер үнсіз ғана екеуі үшін тіленіп отырды. Тіпті Тэхен де жүрегіндегі айқай салған сезімін тұсаулап, Джин мен Тэмиді қолдады.

* * *

-Түсінгенім бойынша сенің жағдайын нашарлауда- Юнги басы қатқанынан шашын ұйпалап тастады.
-Мен. .мүмкіндігімнен айырылған секілдімін. Яғни. ..жақында өлем!-Тэми жыламауға тырысты. Ал Джин болса оны кеудесіне басып құшақтады.
-Неге? Неге бірден жаман ойлайсыңдар? Сен аурухананы, өз денеңді көрдім дедің. Мүмкін сен өз денеге оралатын шығарсың?-Хосок өзінің ойының дұрыстығына сенімді.
-Мен де тура солай ойлаймын. Достар. Міне алдыңда отырмыз және сүю. Екеуіңде ақымақсыңдар. Бір бірлеріңді сүйесіңдер. Мойындамайсыңдар. Қадірлеу. Егер сен бізді қадірлемегеніңде қайтып оралмас едің. -Намджун өз ойын жайып салды.
"БІР-БІРЛЕРІҢДІ СҮЙЕСІҢДЕР " деген Лидер сөзіне ешкім таңданбады. Бəрі олсызда сезіп жүр.
-Тэми, шынында сол кезде не ойладың? -Чимин де əңгімеге араласты. Тэми сəл ойланды да:
-Бірінші ойлағаным, отбасымды қалай жақсы көретінімді айтқым келді. Сосын сендер... Қимадым. Және. ..
-Және?
-Және сезімімді мойындап үлгермедім деп ойладым. -Тэми бұл сөздерді қызарып айтты. Жігіттер болса "УУУУУУЕЕЕ" деп отырды. Ал Джин болса Тэми ді одан сайын құшақтап алды.
-Бірақ. Сен сонда кетесің бе? Сосын көрісеміз бе? Сені көре аламыз ба?-деп Тэхен көңілсіз ғана сөйледі.
Тэмидің де ең басты қорқынышы осы еді.
-Білмедім .Тэхен ~а білмеймін.
Қайтадан көңілсіз сəт орнады. Барлығы да үнсіз жерге қарап отыр.
-Онда соңғы сәттерді жақсы өткізейікші. Сені қашан жоғалтарымды білмеймін. Көрем бе оны да білмеймін.
Джиннің қазіргі ішінде болып жатқан алау дүлей сезім іштей өртеуде еді. Қорқыныш. Қараңғы қорқыныш.

* * *

Жатақхана кеші. Сегізі бүгін тату ас дайындау үстінде. Тэмиден керемет көмек көрсету болмады. Есесіне ол жақсы дегустатор болды. Олар бірге көңілді тамақтанды.
* * *

Жігіттер бүгін паркке баруды шешті. Аттракционды бір кешке жалдап алып сегіз адам боп барды. Тэми болса əр əткеншекке жас баладай қуанып,жанында отырған Джиннің иығына басын қойды.
Кешті түгел сол жерде өткізді. Естелікке суретке түсуде.
-Бір! Екі! Үш! Чиииииз!
-Қане? Қандай болған?
Тэми суретке жетіп барды. Бірақ суреттен тек жеті жігітті ғана көрді. Бірден жымиып:
-Мынау сурет маған!-деді. Ал қалғандары көңілсіз жымиды.
* * *
Тэми дайындық залының ішінде ойланып отырған болатын. Бір кезде Джин келіп алып кетті. Қолынан ұстап қараңғы жерге алып келді. Сол кезде ортаға жарық түсті.
-🎼Мамури дуэн и соньюль уиесо
На х0льл0 потхиг0 иссо
Иджен нэге мархэ джуо
Ккынна ттон голь let me know🎵🎵🎵
Тэми бұл əнді миллион, жоқ тіпті миллиар əннің ішінен бірден танитын еді. Алдында əндеткен Тэхеннің дауысы Тэмидің осы уақытқа дейін болған бүкіл жағдайды қайта еске түсірді. Көзіне жас тоқтаусыз келе берді.

* * *

Тэми қолындағы жеті хатты жігіттер көп отыратын жерге алып келді. Көз жасы көл болып,хаттарды орындарына жайғастырды.

* * *
/Осыған дейін бір күн бұрын /
Тэми бұл түнде көз ілмеді. Жүрегі бірдеңені сезгендей. Тек терезеге қараумен болды. Ай толыпты. Және бүгінгі түн əдеттегісінен жарық.
Бір кезде бөлме іші тым жарық болып кетті. Айнала түтінделіп, айналғандай болды. Тэми орнынан атып тұрып жарыққа беттеді.
-Періште ұстаз?!
-Тэми. Бұл мен,дұрыс.
-Сонда..
-Ия, уақыт келді. Дайынсыңба? Сен айтқанды орындадың. Қайтатын уақыт болды.
-Өтінем. Бір күн. Бір күн уақыт беріңізші. Бір-ақ күн.
Періште ұстаз сəл ойланды да :
-Жарайды. Бірақ есіңде болсын. Бір-ақ күн!

* * *
/осы күннің ертесі/
Тэми бүгін ерте тұрып жігіттерге ас дайындады . Дастархан жасап, газдың басында тамақты араластырып тұрады. Бір кезде біреу белінен нәзік құшақтап, бетінен сүйді.
-Қайырлы таң! Тэми~я,қандай тамақ?-Джин кішкене бала секілді еркелеп тұрды.
-Кхм -Кхм. -бөлмеге басқасы кірді.
-Юнги~я,Тэми бізге ас дайындапты.
-Ааа,қайырлы таң!
-Иə, Иə қайырлы. -бүгін Юнгидің көңіл-күйі болмады. -Көмек керек пе?
Тэми Юнгидің бұл сұрағынан шошып кетті.
-Жоқ. Өзім.
-Мен өзім аяқтаймын. Сен барып басқаларды оятып кел.-Юнги Тэмиді жұмсап жіберді. Ал Джин болса Юнгидің бұнысын түсінбей екі көзі аларып отыр. Юнги де Джинге бұрылып:
-Не?-деді.
-Ештеңе.

Тэми бірінші Намджун мен Чонгуктің бөлмесіне кірді. Кірсе, тек Джун ғана ұйықтап жатыр екен. Гук жоқ.
-Лидер! Лидер!
Ол қозғалмады.
-Рэээп Монстррр!
Рэпмон ұшып тұрды да,төсегінен құлап түсті. Құлап бара жатқанда қолы шамға тиіп,шам жерге түсті де,быт-шыт болды. Екеуі де бірдей:
-УПС! -деді де,күліп жіберді.
Келесі бөлме макнэ-лайн. Тэми ішке кірді. Кірсе Гукта осында екен. Бір қызығы бəрі жерде, ал Тэхен отырып ұйықтап жатыр екен. Чиминді оятуға келгенде,Чимин резко көзін ашып :
-БУМ-БАДАМ!-деп айқайлап жіберді. Тэми үріккенінен артқа құлады. Бірақ жерге жетпеді . Оны Ви ұстап тұр. Видің екі көзі банка.
-Мен сені ұстай алам!
-Шынымен!
Тэмиде таңданды. Ал Ви болса сенбей Тэмиді қайта-қайта түрте берді.
-Гукан! Қара! Тэмиді қара! Чимин! Хоби Хен!
Бұл шуға бəрі жетіп келген болатын.
Джин дауыстарды естіп бөлмеге жүгірді. Сонда көргені:
Бөлменің ортасында шокта Тэми тұр; Жан-жағында маймылдай төртеуі тиісіп, құшақтап жатыр. Стоп! Құшақтағаны несі?
Барлығы дастарқан басында тамақты жеп отыр. Ал Тэхен болса əлі сенбей Тэмиге тиісіп отыр. Əр тиіскені сайын Джиннен таяқ жеп.
Міне,уже түс болды.
Тэми залға кірді. Қараса , Тэ отырған.
Жанына үндемей барып отырды.
Тэхен тұйық боп отыр.
-Вииии!
-М?
-Не болды?
-Ммм.
-Тэхен.
-Сені көрмеймінбе? Бұл туралы бүгін де сұраймын.
-Тээ.
-Мені құшақта.
-Жарайды.
Тэми Тэхенді құшақтап арқасынан қақты.
-Ви,сен өте жақсы доссың. Мен үшін үлкен орның бар. Есіңде ме? Мені осы үйге əкелген кезің? Мен өлдім деп ойламаймын. Себебі сендей жақсы дамыған досым бар.
Тэхен! Сен жылап отырсыңба? Жылама! Үстімді бүлдіресің!
-Тэмиии. .. қайда жүрсең де мені ұмытып қалма.
-Сені.
Екеуі бірге жылады.
Тэми көз жасын сүртіп асханаға келсе Чимин мен Хоуби отыр екен.
-Тэми. Кел.
-Үшеуі бірге шырын ішіп отыр.
-Хоуби есіңде ме?
-Не ол?
-Талып қалғаның.
Чимин бірден күліп жіберді.
-Айгуууу. Соны айтпасаң болмайды ия? Адамды ұялтып.
-Енді хён күнде елес көрмеген ғой. Сол қорқып.-Чимин əлі күліп жатыр.
-Енді қорықпайтын шығарсың ия?-Тэми жымиды.
-Жоооқ, елестің бəрі сенде секілді сұлу деп ойлаймын.
-Рахмееет! -Тэми ырза болды.
-Сен осы қайда тұрасың? -деп Чимин сұрады.
-Пусан.
-Омо, сенде Пусандықсың ба? Құдай жерлесіміз екенсіңғо!
-Негізінде Пусандықтар күшті адамдар! -Чонгук есіктен кіріп əңгімеге араласты.
-Сендерді қааатты сағынамын. Қатты.-Тэми бұл сөздерді тағы айтты.
-Əйгүу. Мына қызды қараңдар! Тура қазір бір жерге кететіндей! Əйгүу. -Хоуби Тэмиді ойнап ұрды.
Тэми болса үндемей тұрып кофе демдеді де:
-Мынаны Лидер сұратты. Қазір. -деп кофені əкетті.
-Кіруге болама?
-Тэми кіре бер.
Тэми ішке кірді. Кірсе Рэпмон мен Юнги отыр екен.
-Тэми?
-Ау?
-Ештеңе айтқың келмейді ме?
-Нені?
-Кететініңді.
-Не?
-Мен бəрін естідім. Ұстаз. Оны көрмесемде дауысын естідім. Бір күн. -Юнги Тэмиге айтты.
-Неге айтпадың?
-Мен ешкімді уайымдатқым келмейді.
-Сонда тыныш кетсең біз сені іздейді деп ойламайсыңба? Джин ше? Оны ойламайсыңба? -Намджунның бұндай ашулы түрін Тэми бірінші рет көрді.
-Намджун, оның қолында емес. Ашуыңды бас. Тэми болса бір күнді біз үшін сұрады. Ол кеше кетуі керек еді. Бірақ. ..-Юнги одан әрі сөйлей алмады. Ал Тэми басын салбыратып тұра берді.
-Рахмет. Бəрі үшін. Бəрі. Сендер менің қараңғы өмірімдегі жалғыз жарығым болдыңдар. Намджун! Сен ең керемет лидерсің! Ешқашан ауырма!
Юнги! Өтінемін, өзіңді күт! Түні бойы жұмыс істей берме! Көзіңді құртасың!
Топқа қараңдаршы! Рахмет!
Тэми көзіне жас алып үлкендерді құшақтап алғысын айтты.

* * *
-Тэми! Тэми-я! Қайдасың? -Джин Тэмиді бағанадан бері іздеп жүр. Көңілінде ол кетті ме деген де қорқыныш барТэми болуы мүмкін деген жерлердің бəріне барды. Бірақ таппады.
-Джин!
Джин бұрылып қараса,шетте,терезенің жанында Тэми отыр екен. Өзі көңілсіз.
-Тэми! Мені қорқыттың! Сені іздемеген жерім қалмады!
-Кешірші! -Тэми жəй ғана кеп Джиннің артынан құшақтады.
-Чагия,неге кешірім сұрап тұрсың? Ақымағым!-Джин бұрылып,Тэмиді жауапқа құшақтады.-Тек бұлай ескертпей кетпе!
-Кешірші! Бірақ...
-Тэми! Не болды? -Джин Тэмидің екі бетінен ұстап тұрып.
-Менің уақытым бітті. Ұстаз... ұстаз келіп қайтатынымды айтты. Кешірші!
-Жоқ.... Кетпе. Ешқайда. ..Түсіндіңбе?

Тура осы кезде айнала түтінделіп, жарықтанды. Ал Тэми болса,аяқтың ұшында тұрды да :
-Мен жоқ кезде қиналушы болма! Сен менің жүрегім үшін нөмірі бірсің ! Бірақ екеуміз көріспесек. .. мені ұмыт! -деді де жақындап ернінен сүйді. Джин де оған жауап беріп, ернінен сүйді. Сүйіс нәзік де талапты болды. Екеуі үшін де құдды бір соңғыдай еді. Ал алдында тұрған Тэми жоқ бола бастады. Бейнесі біртіндеп құрыды.
-Тоқта! Өтінемін!
-Кешірші!
Джин болса Тэмидің қолынан ұстауға тырысты. Ал Тэми жоқ.
-Тэмиии! -Джиннің бұл даусына қалғандары келді.
Жігіттер кірген кезде жерде отырған Джинді көрді. Намджун болса Джиннің иығына қолын қойдыда:
-Əлі кездесесіңдер! -деді. Джин болса бір нүктеге қарап отыра берді. .
* * *
-Дəрігер мырза! Пациент есін жиды! Кан Тэми командан шықты!
Коридор бойында топырлап жүгірген ақ халаттылар реанимация бөлмесіне жүгіріп кірді.
Сыртта отырған ата-анасы мен Мира не болғанын түсінбейді. Əр шыққан дəрігерден :
-Қызыма не болды? -дейді. Ешқайсысы үндемей өтеді.
Бір кезде дәрігер шықты да:
-Қызыңыз есін жиды! Құттықтаймын! -деді. Отбасы қуанғанынан көздеріне жас алды.

* * *
Есімді жисам, ақ бөлме. Аурухана.
Джин. Ол қазір қайда екен. Əлде бұл түсім бе еді? Онда неге жүрегім ауырады? Неге? Еріксіз жылай бастадым!
-Қызым! Жаным қызым! Бұл мен ғой анаң!
-Мамааааа. Апатайым!
-Əпке!
-Əкее!
Мен енді шынымен қатты жыладым. Сағындым. Қатты.

* * *
Арада көп уақыт өтті. Мен үйге қайттым. Толықтай сауықтым. Бəрі жақсы тек...
Мен оларды сағынамын. Қааатты. Өте.

* * *
-Қызым! Саған сыйлығым бар!
-Пап,мама. Маған тек сіздер жанымда болыңыздар! Басқа ештеңе керек емес.
-Жоооқ! Бұл өте маңызды сыйлық! Қарашы!
Олар маған конверт берді. Қызық не екен? Аша бастадым. Тоқта... Құдайым!
-Рахмееет мама папа! Жақсы көрем сіздерді!
-Оқасы жоқ қызым! Қане дайындал!
Мен қатты қуанып тұрмын. Шынымен бе? Түсім емес қой ия?
Қолымда тұрған BTS концертіне билетті қайта қайта сүйе бердім. Ертең!
-Негізінде бұны бұрын алдық! Мира сені осы топтың фанаты екеніңді айтты. Ол айтпаса білмеймізде!
-Мирааа!
Қуанғанымнан оны да құшақтадым.

Міне маңызды күн. Мен үлкен баннердің алдында тұрмын. Сондай ыстық. Сағындым. Мені олар танимекен?
Концерт басталды. Концерт қызу өтуде. Аяқталуға жақындады. Олар өз əндерін айтып жатты.
Бір кезде мен маған Видің қарап тұрғанын көрдім. Жоқ. Мүмкін көрінген шығар.
Концерт аяқталды. Концерт біткен сон, "бес бер"*дай пять басталды. Жігіттер тізіліп тұрып бастады. Мен жақындадым. Жүрегім қатты соғып тұр. Қорыққанымнан.
Міне Лидер. Бесті бердім. Ол бетіме қарады да: -"Омо!" деді. Мен күлдім.
Сосын Чимин .Ол да таныды. Ви қолымды қысып алды да көзін қысты. Сосын Хоуби. Мені көрді де: Елес деп сыбырлады. Шугааа. Маған назар аудармады да. Гуки қарады да таңданды. Ал Джин болса. ..Менің жүрегім шыдамады. Оған дейін бара алмадым. Өте ауыр. Тез басып жүгіріп кеттім. Ауа керек. Коридор ішінде жүгіріп жүрмін. Бір кезде біреу қолымнан сүйреп әкетті. Айқайлайын десем аузымды жапты.
-Қайда асықтың? Мені тастап.
-Джин!
-Сол жерде маған жақындамағаның дұрыс болды!
-Не?
-Əйтпесе сол жерде сүйіп алар ем!
Соны айтты да сүйіп алды. Ұзақ.
-Охооооооооу!
-Əйгүу мына жастарды қараңдаршы! Ұят қайда?
Қарасам,жігіттер! Қуанғанымнан оларды құшақтап алдым.
-Сағындым сендерді!
-Бізде!
-Ей мен уайымдадым!
-Енді сені ешқайда жібермеймін! Түсіндіңбе?-Джин тағы құшақтап сүйді. Мен де ешқайда кетейін деген жоқпын. Себебі мен бақыттымын!
-*The end*-

🎉 Вы закончили чтение Let me know Менің білгім келеді 🎉
Let me know Менің білгім келедіМесто, где живут истории. Откройте их для себя