4-бөлім.

165 10 0
                                    

Let me know
4 бөлім
-Сен кімсің,Кан Тэми?!
-"Мынау менің атымды қайдан біледі?"
-Неге мен сені түсімде көрем? Неге сені басқалар байқамағанда,мен көрем? Неге айтшы?
-Енді білмеймін...-Тэми қысылған адамның түрін жасады. -Тоқта,сен барлығын көрдіңбе!????
-Ияя...-Джин қысылып басын қасыды.
Тэми ұялыыыыып кетті.
FLASHBACK
Жігіттер дайындық залынан шығып душқа кеткен болатын. Тэхён Тэмиге жасырынып отыруын анық тапсырып кеткен.Бірінші боп Джин душтан шықты да,диванға отырды. Ол диванда Тэмидың отырғанын көрді. Ол Тэмиды бұрыннан көріп жүр. Жаай көрмеген,білмейтін адам түрін жасап жүрген. Қыздың реакциясын тексергісі келді.
Одан кейін душтан Чимин шықты. Тэмидің көзі оттай жанды. Жігіттің шыныққан денесі көз тартарлықтай!Джин үндемей бақылады. Тэмидің аузынан су ағуға сәл қалған.
-Сыртыңа бірдеңе кисей!-деді Джин асықпай.
-Неге,кім көріп жатыр? Өзіміз ғой! -деді сеніммен.Тэми осы кезде Чиминнің жанында тұрған еді. Прессін тамашалап. Джин күлкісін әрең ұстады .
END FLASHBACK.
-О Құдайым!-Тэми помидордай қызарып кетті. Джин де күліп жіберді.
-Тағы не көргенімді айтайынба?-деді Джин күліп.
-Болды, тоқта! Ұмыт!-деп Тэми кетіп баратқанда,Джин:
-Қандай көмек керек? Сен түсімдеде көмек сұрағансың!
-Енді....көп емес...Суюді,бағалауды,қадірлеуді үйретіңдер? Құдайым-ау,не айтып кеттім! -деп Тэми бетін жапты.Джинде біраз ойланды да,Тэмиді түртті.
-Меніңше, біз бірінші сені жігіттерге айтуымыз керек.
-Жо-жооқ! Тағы біреуі талып,біреуі құлайды! -Тэми қарсыласып тұрып алды.
-Енді қалай
көмектесеміз саған? Елестер бәрібір ізінен қалмайды.
-Білмей тұрмыын..
Кеш болды. Жігіттер үйге жиналып,тамақтанып болды. Бәрі бір жерде отыр.Сол кезде Джин тамағын кернеп:
-Жігіттер, сендерге айтатын маңызды әңгіме бар!
Рэпмон бірден:
-Жұмысқа байланысты ма? Әлде менеджер бірдеңе деді ме?
-Жоқ,әлгі.. Өткендегі залдағы елес естерінде ме?
Бәрі шулап"Ия" деді. Тек Тэхен үндемей отыра берді. Джин да Тэхенга қарап тұрды, айтады ма екен дегендей. Сосын даусын көтеріп:
-Біз көмектесеміз! -деді. Барлығы "Хён,басын істейме?"деген түрмен отырды. Тек Тэхен:
-Келісемін! Көмектесеміз!
-Сендерге не болған өзі? Қуасыңдарма?-деп Хоуп шошып кетті.
-Сабыр сақтаңдар! -деп Джин:
-Тэми! Келе ғой!
Барлығы орындарынан атып тұрды. Тэми аяқ астынан алдарында пайда болып, үндемей тұра берді. Тэхеннің екі көзі банка боп кетті. Тэмиға сыбырлап:
-Не істеп жүрсің? Болмайды!Жасырын!-деді. Джинде сабырлы түрмен:
-Тэми,басыңнан өткеннің бәрін айт!-деді. Тэми де өзінің оқиғаларын айтты. Авария, реанимация, періште. Бәрін. Бір қараса,Хоуп жылап отыр екен. Шуга ойланып отыр. Ал Рэпмон:
-Ия,көмектесеміз!
-Ия біз көмектесеміз!-деді Хоуп. Қызық,менен қорқып,талған осы емес пе?
-Хэээй,балақай! Уайымдама! Сенімен оқ өтпейтін жігіттер! -деді Чимин сұлу күлкісімен. Құдайым ау,мен каз талып қалам!
-Пффф,мен әлі түк түсінбедім!-деп Шуга кетіп қалды. Жарайды мінезін білемін.
-Енді не істейсің? Қаласынба?-деді Чонгук ойланып. Шынымен,мен ойламаппын.
-Ол осында қалады!-деді Джин бірден.
-Ну ок'-деп Чонгук келісім белгісін көрсетті.
Солай күндер өтті. Не істеп жүргенімді өзімде түсінбедім. Бантандар бірде дайындықта,бірде жұмыста. Ертең Сеулде концерт. Тірі болғанымда өлсемде тап бола алмас ем. Бір жағынан елес болғаныма қуанам. Олармен жақын таныстым.Бәрі ерекше адамдар. Өз армандары бар. Қиялдап отыр ем....
-Ей!
Шошығанымнан селк еттім. Бұрылып ем,Тэхен тұр екен.
-Тэми~я сен мені ұмытып кеттің!
-Не?
-Ешкімге көрсетпеу керек еді сені!
Мынау сәби не деп тұр?!
-Менімен жүрші!
-Неге?
-Сырттан тамақтанамыз.Мен жалғыз барғым келмейді!
-Ахахах,бәрібір мені ешкім көре алмайды ғой?
-Тіпті жақсы.
Тура осы кезде Джин өтіп баратырып,тоқтап қалды.
-Тэми~я! Сен сондай сүйкімдісің!-деген Тэхенның даусы шықты.
-Стоп,мынау не істеп жатыр? -деп Джин екеуінің сыртынан бақылап тұрды.Тэхен қызға жақындап келіп құшақтамақшы болды. Джинның жүрегінде бірдеңе дүңк етті.Тэми артқа шегінді.
-Тэми дұрыс қаш!-деп Джин жас баладай қуанып тұрды. Ол Тэмидің өзін құшақтатпағанына қуанды.
-Тэмииии бір рет құшақтаймыыын!-деп Тэ мияулағандай. Жоқ әрине.
-Тэ,сен мені бәрібір қанша қаласаңда ұстай алмайсың, міне!-деп Тэми Тэхеннің қолын ұстауға тырысты,бірақ ауаны серпіді. Тэхеннің көңілі түсіп кетті. Ал Джин таңданып қалды. Себебі ол Тэмидің қолын ұстағаны есінде. Бір кезде Джиннің ішінде бір қуаныш сезім пайда болды. Сөйтіп қарап қалса анау екеуі жоқ.Джин тез-тез киініп ол екеуін іздеуге кірісті. Себебі ол Тэхеннің мінезін білетін еді.
-Тэхееееееен! Мен қорқаааам!-деп Тэми қорыққанынан бетін жауып алды. Түн түнегіндей қара шаштары иығына түсіп,аппақ бетін сипап өтті. -Тэхееееееен,тоқтасын өлтірем сені!!!!
-Уааааааааа алғааааааа!!!!-деп Тэхен қуанып айқайлап,екі қолын көтерді.-Тэми~я керемеет!!
Айналасындағы адамдар бұл жігітке жындыға қарағандай бұрылып қарады. Ия,ия. Бұлар атракцион паркінде. Американские горкиде. Сырт көзбен қараса: оранып,жасырынып алған жігіт өз-өзімен сөйлесіп мәз!
-Жүр,балмұздақ жейміз!-деп Тэ жүгіріп кетті. Ал Тэми асықпай артынан бақылап келе жатты. Шынымен Тэхен жас баладай таза жүректі.Тэми еріксіз жымиды. Бір кезде біреу Тэмидің қолынан тартып алып кетті.Тэми қорыққанынан айқайлап жібереді.Қараса Джин!
-Не істеп жүрсің?
-Негізінен менде сол сұрақты қойғым келген.
-Мен Тэхенмен қыдырып жүргем!
-Ал енді қайда ол?
-Ол ма..,ол..-Тэми жан-жағына бұрылып қарады. Тэ жоқ.
-Кеттік, -Джин Тэмиді алып кетті. Олар Хондэ көшелерімен келе жатты. Олар әлі қол ұстасып келе жатты. Не үшін екенін білмейді,бірақ екеуі де жібермейді. Үнсіз. Тэми бұл жігіттің ойында не барын түсінбеді. Бір кезде Джин тоқтады да:
-Осы көшемен менде қызбен жүргім келетін. Басқа адамдар секілді Танып қояды деп қорықпай-деп күлімдеп,кепкесын басып киді. Бұл қылығы Тэмиге сүйкімді көрінді.
-Хехех,менімен қыдырсаң,ешкім байқамайды!-деді. Джинде күлді. Бір кезде алдарында бір стэнд плакат тұрды. Ертеңге концертке арналған секілді. Алдында бір топ қыздар. Олар бірдеңені қоршап тұрған секілді көрінді. Екеуі аңдып қараса,... байғұс Тэхен тұр екен бұрышта. Таланып қалған күшік ұқсап қалған. Ал фанаттар болса оны "жеп"қоюға дайын. Ви бәріне қолтаңба беруге тырысып жатыр екен. Бірақ адам саны артпаса,кемімейді.
-Байғұсымааай,Джин құтқарайықшы оны!-деп Тэми аяп тұрды.
-Қазір... -деп Джин телефонын алып,Виге хабарласты. Ви бірден телефонды алып:
-Хёёённн... Көмектеес..Мен Тэмиді жоғалтып алдым. Іздеп жүріп фанаттарға кезіктім!-деп сыбырлап сөйледі.
-Жарайды,алдыңа қара!
Ви басын көтеріп қараса алдарында Тэми мен Джин қол ұстасып тұрды. Видің түрі бұзылып кетті. Қызғандыма,бірдеңе. Бір кезде бір фанат Джинді байқады.
-Ким Сок Джин! Қараңдар, ол осында!
Фанаттар шулап оған қарай жүгірді. Тэми не істерін білмеді. Өздеріне қарай келе жатқан топ қыздарды көріп. Джин Тэмидін қолын қатты қысып алды. Виге "қаш"деп белгі берді. Ви бірден түсінді.
-Бір,екі....үш! Джин Тэмиді ұстап қашты. Енді сыртынан қарасақ жалғыз өзі. Тар көшелермен жүгіріп келеді. Фанаттар қалар емес!Джин бір жерге бұрып алып кетті. Тар стенаға Тэмиді тұрғызып,өзі соған қарсы тұрып алды. Фанаттар әлі жақын жерде. Тэми Джиннің ыстық демін сезді. Тура мойнында. Ол терең дем алып тұр! Жүрегі қатты соғуда. Олар бір-бірінікін естіп тұр. Екеуінің де үні шықпай қалды. Тэми елес болғалы бері жүрегінің соғып тұрғанын бірінші рет сезді.
POV/ДЖИН
Ол маған жақын тұр. Өте жақын. Жоқ,ештеңе ойламауым керек! Бірақ. ..оның көздері. Құдды бір нәзік хрусталь секілді. Ал еріндері.. аппақ терісінде ерекше шиедей қып-қызыл. Қара шаштары иығынан түсіп тұр. Алдымда елес емес,шынайы адам тұрғандай. Ол шын өмірде қандай?
Джин шыдай алмай енді Тэмиге еңкейе бастағанда...
-Хён?! Тэми..
Екеуі де дауысқа бірден бұрылды. Алдында мұңды көздерімен Тэхен тұрды.
POV/ТЭХЕН
Жоқ! Олар не істемекші!? Мен тоқтатуым керек. Сонда хёнда Тэмиді ұнатама? Бірақ оны мен бірінші ұнаттым! Бірақ, Джин хён...ол Тэмидің қолынан ұстай алады, яғни оны сүйе алады. Ал мен тіпті оған қолымның ұшын тигізе алмаймын! Неге!?Жоқ,шыдай алмаймын.
Тэхен үндемей бұрылып кетті. Джинде қысылып, өтірік жөтеледі. Тэми де біраз ұялып қалды. Егер Тэхен бөлмегенде не болатын еді?Джин мен Тэми екеуі бірден бір-бірінен алыстап кетті. Екеуі де ыңғайсызданып,жөтеліңкіреді. Тэхеннің түрі әлі де қатыңқы тұр. Джина не айтарын білмеді.
-Жүріңдер қайтамыз!-Тэхен күлімдеп жіберді.-Хен,Тэми олар кетті деп ойлаймын!
Үшеуі үндемей келе жатты. Бір кезде Тэми өзінің әлсіреп тұрғанын сезді.
-Джин оппа,Тэхен...
Олар Тэмиді естімеді. Тэми өзінің қолдарына қараса олар түссізденіп жатыр. Бір кезде ол өзінің жүре алмайтынын сезді. Көзінің алды қарауытып қараңғы боп кетті. Бір уақытта Тэми мүлдем қараңғы әлемге тап болды. Алдынан бір дөңгелек жарық көрінді. Тэми сол жарыққа қарай қимылдамақшы болса айналасы қимылдай бастады. Тэмидің басы айналып кетті. Әлгі жарық өзі жетіп келді де Тэмиді өзіне тартып алды. Тэмидің денесін от жалын шарпығандай болды. Бір кезде ол бір бөлменің ішінен шықты. Қараса реанимация бөлмесі. Адамдар абыр-сабыр. Дәрігерлер әрі-бері жүгіріп жүр. Тэми не болғанын түсінгісі кеп бақты. Есіктің артында отбасы жылап жатты. Тэми тек өзінің жансыз денесіне жақындады.
Корея.
-Хен,Тэми қайда?-Тэхен айналасына қарап іздей бастады.
-Ол қайда?-Джин қорқып кетті. Жан-жағына қараса ол жоқ! Мүмкін емес! Ол артқа қарай жүгіріп кетті.
-Хен тоқта!-Тэ артында айқайлап қалды.
-Қайдасың Кан Тэми? –Джинның жүрегі біртүрлі боп кетті. Бірден телефонын алып Чиминге хабарласты.
-Иә,хен?
-Тэми! Тэми қайда? Білмейсің бе?! Чимин?
-Хен,ол Тэхенмен кетті ғой!
-Ол жоқ! Тэхен менімен бірге. Біз бірге келе жатқанда ол аяқ астынан жоғалып кетті!
-Хен ол адасып кетті деп ойламайсың ба?
-Мүмкін емес! Егер ол жақын жерде болса мен сезетін едім!
-Қалай сонда... сезесің?
-Кейін түсіндірем. Чимин.-Джин телефонды қоя салды. Ол шынымен Тэмиді сезетін еді. Басқалар сезбеседе Джин сезетін. Ол білетін,Тэми екеуінің арасында көрінбейтін байланыс бар. ЕНді сол байланысты сезе алмай жатыр.
Аурухана.
Тэми аурухана аппаратына қарап тұрды. Жүрек соғысының дүрсілі төмендей берді. Қан қысымы мүлдем түсіп кетті. Тэми қорқып тұрды. Себебі докторлардың қолынан енді ештеңе келмейтіндей көрінді. Ал Тэми түк істей алмады. Бұның қандай жаман сезім екенін білесіңдерме!? Отбасының Тэми үшін қалай қиналғанын көріп, Тэми оларды қалай өте қатты жақсы көретінін түсінді. Жандарына барып құшақтап алып,оларды қалай жақсы көретінін айтқысы келді, бірақ,ӘТТЕҢ!

Let me know Менің білгім келедіМесто, где живут истории. Откройте их для себя