Айнала қара түнек. Ешбір дауыс естілмейді. Тек мен жалғыз. Және аспандағы жұлдыздар мен ай жерге жарық беріп тұр. Сол жарық арқылы айналамдағы кейбір нәрселерді ажырата аламын. Аяғым қара құмды басуда. Және желмен теңіздің дауысы әдемі әуен тартуда. Желмен бірге шашым желбіреп,бір үндестік,ерекшелік қосуда. Теңіздің толқыны жағаға келіп,су аяғыма тиген сайын,біреудің мені шақырып жатканын сеземін... Мені біреудің іздейтіні, керек ететіні қуантады. Бұл ғажап құбылыс жанымды тербеп,мен алға қарай қадам жасай беремін. Мені қажет еткен адамға барғым келді.Бірақ бұның түс екені есіме түскенде су беліме жетті,тым кеш болды.Судан шықпақ болғанымда,әлдебір күш мені жібергісі келмей,теңіз түбіне тарта бастады. Мен карсылысқан сайын күшімнен айрыла бердім. Әлім таусылғанда,суға батып бара жатқанымда,үмітім үзілгенде қолын созған, қол ұшын берген сол сері жігіттің,жұмбақ жігіттің...смаладай қара көздерін.....көрдім......
ВЫ ЧИТАЕТЕ
Райан...
RomanceМен мұнда қазақтардың бар жоғын білмеймін. Бірақ, мен бұны ешкім оқымайтын болсада,әрі қарай жаза беретін боламын. Бұл менің киялым, бұл жерде бір сері жігіт суреттеледі,және сол жігіт, менің арманымдағы адам. Мен мумкін болса,өзімді қыздың рөліне қ...