"12 қыркүйек "

36 4 5
                                    

Таңертең ұйқыдан тұрғанда,жан-жағыма қарап 5 минуттай үн қатпай,тыныш жаттым. Күнде көзімді аша салысымен,сол баяғы жалғыздықта отыратын,өзім жақсы көретін бөлмемді көремін. Әктелген аппақ қабырға,жоғарыда қоңыр мен ақ түс араласқан люстра,сол жақ қабырғаны толықтай алған қоңыр түсті шкаф,оң жақ қабырғада қоңыр мен қызыл түс араласқан керует тұр. Ал терезені ашық қоңыр мен қызыл-сары түсті перде жауып тұр. Терезе алдында бақыт пен ақша шақыратын гүлдер қауашақта жайнап,оттегін бөлуде. Бір кезде көзім шкаф үстінде тұрған сағатқа түсті.Сағатта, 7-ден 45 минут кетіп бара жатқанын көріп, орнымнан атып тұрдым. Я,бүгін сабаққа кешігіп баратын сияқтымын. Себебі 7:45-те тұрғаным аздай, мектеп те,алыста орналасқан. Аялдамаға дейін жүгіріп,жаттығу жасайтын болдым ғой. Шкафтың алдына барып, есігін аштымда,ақ көйлегімді алып, үстіме кидім. Кара түсті белдемшеммен шұлығымды тез-тез кидімде,сөмкемді арқама асып, далаға жүгіріп шықтым.

 Кара түсті белдемшеммен шұлығымды тез-тез кидімде,сөмкемді арқама асып, далаға жүгіріп шықтым

К сожалению, это изображение не соответствует нашим правилам. Чтобы продолжить публикацию, пожалуйста, удалите изображение или загрузите другое.

.

Аялдамаға жақындап қалғанда,мен мінетін көліктің кетпекші болып жатқанын көріп, жүгіру жылдамдығымды арттыру керек болды

К сожалению, это изображение не соответствует нашим правилам. Чтобы продолжить публикацию, пожалуйста, удалите изображение или загрузите другое.

Аялдамаға жақындап қалғанда,мен мінетін көліктің кетпекші болып жатқанын көріп, жүгіру жылдамдығымды арттыру керек болды. Құдайға шүкір, кассир кыз мені көріп, көлікті тоқтатты. Бірақ сондада тез жүгіріп барып, көлік ішіне кірдімде,бос орын іздей бастадым. Бос орын алдыңғы қатарда,терезенің жанында бар екен. Сол жерге отырмақшы болғаным сол еді,бір жігіт менен бұрын отырып қойды. Сосын жанына келіп, тұра салдым. Бірақ бұл жігіт менің не істемекші болғанымды түсінді-ау деймін. Себебі мен жанына келіп тұрғаным сол еді, ол орнынан тұрып, маған орын берді. "Джентельмен " деген басымда ой туды. Әрине,бұл жігіт менен бар болғаны, 2-3 жас үлкен екеніне сенімдімін. Әрі ол "мені өз жасымен бірдей" деп немесе "қызға орын беру керек" деген оймен орын берген шығар. Не болсада, ата-анасынан жақсы тәрбие алғаны көрініп тұр. Мен түсетін жеріме келгенде, көліктің есігіне жақын келдім де,кассирге ақша төлеп,көліктен түстім. Бүгін 12 қыркүйек болатын,сабақтың басталғанына 12 күн болды. Мен осы 11 күн бойы кешікпей келетінмін,бірақ бүгін кешігіп қалдым. Себебі мектепке кіре салысымен,қабырғадағы сағатта 8-ден 5 минут кетіп жатқанын көрдім. 5 минут кешігіп қалдым,бірінші сабақ, құдайға шүкір, орыс тілі пәнінің мұғалімі Сарсенбаевнаның сабағы. Мен орыс тілін жақсы оқимын,сондықтан маған ұрыспайды деп ойлаймын. Біз бүгін орыс тілін қосып өтетінбіз,себебі сенбі күні бізге сынып жетекшіміз " екінші топтың мұғалімі" демалыс алғанын айтқан болатын. Мен 4 қабатқа ентігіп,зорға көтерілдім,сосын шамалы дем алдымда,қайтадан сыныпқа қарай жүгірдім. Есіктің алдына келгенде, кекілімді құлағымның артына жібердім де,есікті қақтым. Есікті ашып қарағанымда,мұғалімнің маған карап,рұқсат сұрауымды күтіп тұрғанын көрдім. Мен:
-Сәлеметсіз бе,кіруге болама?
-Сәлеметсің бе, кіре ғой. Не болды,Жасмин,сенің мұндай қылығың жоқ еді ғой?
-Кешірім өтінем,кеше тым кешке дейін, түсінбеген пәнімді оқып едім,сондықтан қатты шаршағанмын-ау деймін,қоңыраудың даусын естімей қалдым.
-Жасмин,жарайды, отыра ғой. Бірақ бұл қайталанбасын!
-Рахмет,әрине,қайталанбайды.
'Міне осылай,орыс тілі болсада, жетекшіміз болғандықтан, қазақша сөйлесе береді. Бұл кісі негізі біреуге көп ұрысып,басын ауыртып жатпайды. Тек қатты сөздер айтады да,мектеп оқушысының міндеттерін көрсетеді. Содан кейін, көп оқушыларға ақыл кіріп, сабақтан қалмай,қаңғырмай,сабаққа кешікпей келіп жүреді. Мен соңғы партада бос орын бар екенін көріп,арт жаққа бардым. Көбіне арт жаққа біздің сыныптың өнерлілері,тілдері жүйріктері,әнгімелесуге жиналып отырып алатын. Бірақ бүгін 2 адам жоқ-ау деймін. Орындыққа отырдымда,сөмкемнен оқулықтарыммен қаламсабымды алдым. Мұғалімнің тақтаға жазған тақырыбын көшірдім. Біздің сыныптың басқалардан ерекшелігі жоқ. 4 қабырғада аппақ,артта шкаф,киім ілгіш тұр. 3 терезе бар,3 терезенің алды толған қауашақтағы гүлдер. Алдымда тақта,тақта үстінде орыс тілінде көп еңбек еткен ғалымдар суреттері. Оң жақ қабырғада, Лев Толстойдың фразасы жазылған. Біздің сыныпты орыс тілі кабинеті деуге де болады. Оқушылардың бәрі орыс тілін шемішкедей шағады. Сыныпта 1 қатардың 1-2 партасына көбінесе оқымыстылар отырады. 3 қатардың 1 партасында өзін ханшайым, патшайым санайтындар,аяғы ұзындар отырады. Орта жағына "крутой" ұлдар мен қыздар, байдың балалары отырады,я жай ғана мектепке көп ақша әкелушілер. Соңғы жақта кім
отыратынын айтқан болатынмын. Ал мен оқымыстылар қатарына кіремін,сондықтан көбіне бізді "ботаник" дейді. Ал мен ерекше,бұдан басқа тағы ерекше кітап оқитындықтан,"қияли" дейді. Әрине, бұны естіген бірінші адам біртүрлі болып қалуы мүмкін, бірақ мені бұлай тек жақсы көргендіктен атайды. Себебі мен,өзім таныстырғандай, "крутой"-лармен араласамын. Көбісі мені "шағып алуға дайын тұрған жылан" немесе "Арыстан" дейді. Себебі мен салмақты, тыныш отыратын қызбын,ал бірақ жыныма тисе мінезім жаман. Оны барлығы біледі. Өйткені, бір рет Інжу деген сыныптағы бір қыз, мені өзінше "қияли" деп мазақ қылып еді,мен ол туралы білетінімді жайып жібердім де,ауыр жерден соққы бергенмін,содан бері маған қыздардың ешқайсы бір сөз айтпайды. Ал егер айтса,ұлдардың бәрі "Жасмин,Жасмин" деп менің атымды ұрандайды. Ах,я,мен өзім жайлы айтпаған екенмін ғой.
Менің есімім Жасмин. 9-сынып оқушысымын. Жасым 14-те. Қазір 2010 жыл ғой,ал мен 1995 жылғымын. Тек туған күнім шілде де, сол кезде 15-ке толамын. Бір өкініштісі, сыныптастарымның көбісіне 15 жас толған,кейбіреулеріне кішкене қалды. Ал кейбіреулері мүлде 16-да. Мен мектепке ерте келгенмін, сондықтан да кішкентаймын. Менің тағы бір ерекшелігім,шашым басқалардан ұзын, белімнен төмен түседі. Коңыр-бұйра,ұзын шашты қызбын. Әкеме ұқсаған, дәу қара түсті көздерім бар. Ернім анам мен әкемнің ерніндей,үсті жіңішке, асты жуан ба сондай. Бойым тым ұзында, қысқада емес. Орташа бойлымын. Мені көбіне сыныптастарым, Жанельге, ұқсатады. Бірақ бір қызығы оның шашы менікіндей ұзын емес.

Райан...Место, где живут истории. Откройте их для себя