Түс.

32 3 0
                                    

Айнала қара түнек. Ешбір дауыс естілмейді. Тек мен жалғыз. Және аспандағы жұлдыздар мен ай жерге жарық беріп тұр. Сол жарық арқылы айналамдағы кейбір нәрселерді ажырата аламын. Аяғым қара құмды басуда. Және желмен теңіздің дауысы әдемі әуен тартуда. Желмен бірге шашым желбіреп,бір үндестік,ерекшелік қосуда. Теңіздің толқыны жағаға келіп,су аяғыма тиген сайын,біреудің мені шақырып жатканын сеземін... Мені біреудің іздейтіні, керек ететіні қуантады. Бұл ғажап құбылыс жанымды тербеп,мен алға қарай қадам жасай беремін. Мені қажет еткен адамға барғым келді.Бірақ бұның түс екені есіме түскенде су беліме жетті,тым кеш болды.Судан шықпақ болғанымда,әлдебір күш мені жібергісі келмей,теңіз түбіне тарта бастады. Мен карсылысқан сайын күшімнен айрыла бердім. Әлім таусылғанда,суға батып бара жатқанымда,үмітім үзілгенде қолын созған, қол ұшын берген сол сері жігіттің,жұмбақ жігіттің...смаладай қара көздерін.....көрдім......

К сожалению, это изображение не соответствует нашим правилам. Чтобы продолжить публикацию, пожалуйста, удалите изображение или загрузите другое.
Райан...Место, где живут истории. Откройте их для себя