Мұғалім бізге тақырыпты тез-тез түсіндірді де,жазатын жаттығуымызды айтып,орнына отырды. Көбісі,мұғалімнің қағаздар жазып жатқанын көріп, телефондарын шығарып,яғни айтқанда әркім өз істерімен айналысты. Тек мен ақ қағаз алып,түсімдегі жігіттің көздерін салдым. Оның қап-қара көздері ойымнан шығар емес.
-Жасмин...Жасмин?!
-Я?
-Не тағы киялдап отсыңба?-маған,жымиып,Аида карады
-Ендіше,ол біздің "қияли" емеспе?-деді Мақсат,хех ол маған тиіспесе тыныш жүре алмайды.
-Немене?-деп жаман көзбен қарап едім,ол қасындағы Дамирге әңгіме айта бастады. Ал Аида өзіне менің қашан бұрылып қарайтынымды күтіп отырды.
-Бүгін бізге жаңадан оқушы келеді деді, естідің бе?-деді ол,қарағаным сол еді.
-Жоқ,оны кім айтты? Және сабақтың басталып кеткенін ұмыттың-ау деймін я? Бірінші сабаққа кешігіп келмейтін шығар?!
-Мммм,я расында,-шамалы ойландыда,қайта сөйледі,-ендеше мені Асхат алдаған болу керек. Бірақ жан досым,"родной" деп жатыр еді ғой.-деп қабағын түйді.
-Асхат де,қашаннан бері Асхатпен араласатын болғансың?-деп мен әдейі бір қасымды көтердім.
-Эй,ол менің ұмытпасаң көршім,оның үйі менің үйімнің жанында екенін ұмытпа! - деп Аида бұртиып қалды. Неге бұртиып калды? Себебі, ол Асхатты жек көретін, онымен сөйлеспек түгілі, жанына тыныш тұрғанына да шыдай алмайтын. Ал ол сөйлесепті, ал мен әдейі жынына тиіп,мазақ қылып отырмын. Солай,солай.
-Жарайды, қалжың ғой, не болды сонша?
-Жасмина,Аида,а мы вам не мешаем?-деді мұғалім.
-Извините, Жанар Сарсенбаевна,этого больше не повторится!-Аида екеуміз бірдей бірге айттық,сосын айтып болған соң, бір-бірімізге жымиып қарадықта,мұғалімге назар аудардық. Жанар Сарсенбаевна аузын енді ашып,сөйлейін деп жатыр еді, сынып есігі қағылды. Мұғалім бізге қарады да,бірінші 'отыр' деді де,сосын есікке қарап 'кіріңіз' деді. Есік ашылды да,ішке директор кірді. Біз бәріміз орнымыздан тұрып, сәлем бердік. Хм,қызық директор сынып аралайтын болса мұғалімді ескертетін еді ғой?!
-Сәлеметсіңдерме,оқушылар! Отыра беріңдер. -деді де директор Жанар Сарсенбаевнаға қарады.-Жанар,бүгін сендерге жаңа оқушы келді, Райан,ішке кір.-деді де директор есікке қарады. Ішке бір жігіт кірді,яғни біздің жаңа сыныптасымыз. Бір қызығы ол біреуден қорқатындай,я ұятты іс істеп,соған ұялғандай, басын төмен түсіріп кірді. Барлығы бұл жігітті қарай бастады. Әрине,менде ешкімнен қалар емеспін. Ұялмастан,орнымнан тұрып,жігітке қарадым. Енді, неге орнымнан тұрып? Себебі менің алдыма,бойы ұзын,сыныптастарымның айтуы бойынша, "страус" атты атауы бар , Дархан отырып алған. Ал келесі бірнеше секунд,минуттарда мен жерге,'гурс' етіп,жанбасыммен жерге қатты тиіп,құлап қалдым. Бір қызығы орындығым қайда кетті?
ВЫ ЧИТАЕТЕ
Райан...
RomanceМен мұнда қазақтардың бар жоғын білмеймін. Бірақ, мен бұны ешкім оқымайтын болсада,әрі қарай жаза беретін боламын. Бұл менің киялым, бұл жерде бір сері жігіт суреттеледі,және сол жігіт, менің арманымдағы адам. Мен мумкін болса,өзімді қыздың рөліне қ...