Орындығымның қайда кеткенін ойлап,жерде отқанымда,құлағыма сыныптастарымның мені мазақ қылып күліп жатқанын келді. Тез,асығып орнымнан тұрдым да жан-жағыма қарадым. Сайтан,орындығымды алып қойған Мақсат екен. Ол басына бәле табалмай,іздеп жүр-ау деймін.
-Балалар, тынышталыңдар! Жасмин,бір жеріңді ауыртып алған жоқсың ба?-менің жаныма сынып жетекшіміз, Жанар Сарсенбаевна, келіп сұрады.
-Жоқ,бәрі жақсы. Ештеңе етпейді.
Директор енді аузын ашып сөйлейін деп жатқанда, сынып есігі ашылды да ішке тағы бір жігіт кірді.
-Сәлеметсіз бе?!- жігіт я сұрақ қойғандай,я амандасқандай екпінде(интонация) үн қатты.
Мен басымды көтерген едім, кірген жігіттің,көк аспандай, тұнық көздеріне соқтығыстым. Ол екеуміз бір-бірімізге 1-2 минуттай қарап тұрдықта,сосын ол жанарын директор мен оның қасындағы балаға аударды.
-Сәлеметсіңбе. Сабаққа кешіккен дұрыс емес екенін білесің бе?-деп директор жылы дауыспен үн қатты.
-Жоқ,қателестіңіз. Мен Райым Ильясов. Райан Ильясовтың сыңары.-қорықпастан әлгі жігіт тіл қатты. Эээ,Райан деген кім сонда? Директор қасындағы жігітпе?!
-Я,жаңадан оқушылар,Райан мен Райым Ильясовтар. Отырыңдар.-деді де директор мұғалімді шақырып алып бірнарсе айта бастады, ал Сарсенбаевна келісіп,басын изей берді.
Ал екі ағалы-інілілер бос орын іздеп тұрды. Ал бос орын менің жанымда және екінші қатардың соңғы партасында. Яғни,менің партаммен бір қатарда тұр,себебі мен бірінші қатардың соңғы партасында отырмын. Бірінші Райан алға шығып жүрді де,менің партамның жанына келіп тоқтап,басын көтерді. Мүмкін емес, сол смаладай қара көздер. Ол менің тіке көзіме қарап тұрды. Менде оның көзінен көзімді алар емеспін.
-Отыруға болама?- деді менің түсімдегі сері жігіт. Мен үндеместен оған қарап тұра бердім. Бұл мүмкін емес, ол менің түсімде болды,бірақ өңімде кездестіріп тұрмын.
-Эээйй-деп ол қолымен иығымнан ұстады.
-Ааа? Я! Отыра бер,басқа бос орын жоқ қой.-дедім де алдыма қарадым. Райан орындықты дұрыстап жаныма отырды да,қаламсап құралдарын алды. Жан-жағыма қарап екінші баланы іздедім, Райымды. Ол отырды ма екен?!
-Мен мұндамын-деген оң жақтан әдемі дауыс естілді. Мен дауыс жаққа бұрылып қарадым. Сөйтсем, бұл дауыс иесі- Райым екен. Мен оған жымиып қарадым.
-Кешір,бірақ мен сені іздеген жоқпын.-деп Райымның көзіне қарадым.
-Яя,білемін ғой.
-Ақымақ,өзіңе сонша сенімді болмаш!-расымен де ол қайдан біліп қойды менің өзін іздегенін?!
-Сен ішіңнен сөйлемей, "ол отырды ма екен?" дедің. Ал мен сенің жаныңда отырмын,сондықтан Райым сенің даусыңды естіп, "мен мұндамын" деді.-деген дәл жанымнан қатал,дөрекі, менмен дауыс естілді. Мен дауысқа тез бұрылып қарап едім,смаладай суық қара көздер мен соқтығыстым. Сол сәтте денем түршігіп, өзімді біртүрлі сезіндім.
-Эээ,солайма?-сайтан, қоятын басқа сұрақ таппағандай,өзімді ақымақ қылып көрсеттім. Маңдайымнан бір қойғым келіп тұрғанын қарашы.
-Солай.-деді де алдына қарады.
Мен өзімді біртүрлі сезініп тұрмын, ол түсімде ерекше көзқараспен қарап еді. Ал қазір көзінде тек суықтық,жеккөрініш,жақтырмаушылық,менмендік. Бір кезде қоңырау соғылды да,бәрі сөмкелеріне кітап,дәптерлерін салып,орындарынан тұрып,сыртқа шыға бастады. Райанда орнынан тұрып шығып кетті. Сыныпта мен және Райым, екеуміз қалдық.
Бір кезде Райым менің жаныма келіп отырды да,маған ұзақ қарады.
-Не болды? Ээ,түріме бір нәрсе болған ба?
-Жо-жоқ,жай,-деді де қолын созды-менің атым Райым, сеніңше?
-Жасмин.-деп менде қолымды создым. Сосын еріксіз оның көздеріне қарадым. Жаңа ғана денем түршігіп тұр еді,оның көздеріне қарағаным сол еді, жаным жай тапты.
-Райым,Райан сенен үлкенбе,әлде сен бірінші туылдыңба?
-Райан үлкен.-деп біртүрлі қарады.
-Райым,сен маған біртүрлі қарап,мені ұялтып тұрсың.
-Қойш?-деп өтірік білмеген адам бола қалды.
Бір кезде ішке қоңырау соғылды да,сыныпқа оқушылар кіре бастады.
Мен 5 сабақ болды,Райанмен бірге отырдым. Ал Райым он минуттық қоңырау да,артымнан қалмай жүріп алды. Қазір 6 сабақ дене шынықтыру,бәріміз дене шынықтыруға байланысты, киінетін бөлмеге бара жаттық. Жанымда Райым мен Асел бар. Артта тек Райан жалғыз келе жатыр, қалғандары алдымызда.
-Жасмин, сен неге артыңа қарай бересің?-деді де Асел артқа қарады.-ааа,Райан де?!
-Түсінбедім?-деп бір қасымды көтердім.
-Ештеңе.
-Жасмин, мен саған бір маңызды нәрсе айтуым керек.
-Я,әрине, айта бер. Не болды?
-Райан.....
ВЫ ЧИТАЕТЕ
Райан...
RomanceМен мұнда қазақтардың бар жоғын білмеймін. Бірақ, мен бұны ешкім оқымайтын болсада,әрі қарай жаза беретін боламын. Бұл менің киялым, бұл жерде бір сері жігіт суреттеледі,және сол жігіт, менің арманымдағы адам. Мен мумкін болса,өзімді қыздың рөліне қ...