Прототип

7 1 2
                                    

Ежелде осы аймақта айдаһарлар мекендеген деседі. Олар бұл мекенді өз қанаттарының асытна алып билік құрыпты. Олардың алып болғаны соншалықты көкке самғап ұшқанда күн сәулесін жауып қалады екен. Алайда арады біраз уақыт өткен, біреулер айдаһарларды жойылып кетті десе екіншілер олар басқа жаққа ұшып кеткен екен дейді. Кішкентай ғана ергежейлі Асыл, қолына шөпдәрілер салынған қоржын ұстаған, анасының артынан еріп жүрді. Анасы болса біресе тышқанның үйіне, біресе тиынның үйіне кіріп аралап жүрді. Қолындағы дәрілерді сатады. Тышқанның үйіне кіргеннен кейін Асыл анасымен біраз бөгеліп қалды. Асыл болса тышқанның баласы Қосаяқпен ойнады. -Асыл, білесің бе, айдаһарлар әлі бар екен? -Өтірік айтпашы, анам маған олар жойылып кеткен деп айтты,- Асыл айдаһарларды қатты көргісі келетін. -Рас айтам, маған анам айтты, «олар қанаттарын қатты-қатты қағып, аспанға ұшып кетт» деп. Қатты ұшқаны сонша біз оларды көре алмай қалғанбыз. -Шынымен бе?- Асыл естіген жаңалығына қуанды. -Шынымен. Менің ойымша оларды таудың үстіне шығып көруге болады деп ойлаймын. Өйткені таудың басы әрдайым қар болып тұрады. Айдаһарлар демін үрлеген кезде қар басады емес пе. Мен өскенде міндетті түрде сонда барып айдаһарларды көріп келем,- сырттан Асылдың анасының дауысы шықты. -Асыл, балам. Кеттік,- екі дос қоштасып, өз үйлеріне қайтты. Асыл түнде ойланды. -Мен айдаһарларды көргім келеді. Ол үшін таудың басына шығуым керек. Ал мен әлі кішкентаймын. Біра үлкен болғанша көп уақыт өтеді ғой. Мен қазір көргім келеді. Ертең азанда айдаһарларды көруге барамын,- деп Асыл ұйықтап кетті. Таң атқаннан кейін Асыл сөмкесіне бірнеше бидай дәнін салып, үстіне қалыңдау киініп жолға дайындалды. Анасына: -Анашым, мен Қосаяқпен бірге айдаһарларды көріп келемін,- деде. Анасы болса артында қол былғап қалды. -Абай бол балам,- Асыл Қосаяқтың үйіне барса ол ұйықтап жатқан көрінеді. Есігін қаққан кезде анасы шықты. -Әпке, Қосаяқ менімен бірге айдаһар көруге шыға ма? -Әә, Асыл сен бе? Ол қазір ұйықтап жатыр, кейінірек кел,- деді. Асыл Қосаяқ шықпайтынын білгеннен кейін «бір өзім шыға беремін» деп ойлады. «Шешінген судан тайынбас» деген емес пе. Асыл арқасына сөмкесін алып тау жаққа жүріп кетті. Аспанға тірелген таудың ұшына қарап сонда шығамын деп көздеді. Асыл таудың қиырынан қиыран қарай өрмелей берді, арада біраз уақыт өтіп кеткен секілді. Күн де суыта бастады. Асыл, бір ықтау жер тауып сонда сөмкесіне салған бір дәнді жеп алды. Артынша, сәл дем алып алғаннан соң, қайтадан жоғары қарай өрмелей бастады. Қолы да, аяғы да талған Асыл тайынбайды. Ары қарай жалғастыра берді.Дәл осылай арада тағы біраз уақыт өтті. Сөмкеде бір ғана дән қалды, ал Асыл болса өз мақсатына жетті. Таудың қиыр шыңында тұрды. Батыс жақта қызарып батып жатқан күнді көрді. Көркем табиғат көздің жауын алады. Бүкіл әлем алақанында тұрғандай. Алайда, жоғарыда айдаһарлар көрінбейді. Асыл ары бір қарады, бері бір қарады, олардың ізі де көрінбейді. Іздегенін таппаған Асыл, кері қайтты. Келген жолымен қайта кері қарай түсе бастады. Жерге түсемін дегенше қас қарайып қалды. Асыл мұңайп үйіне қайтты. Келсе анасы мұны іздеп жүр екен. -Балам ау, қайда жоқболып кеттің. Мен сені Қосаяқпен ойнауға кетті ма десем. -Айдаһарларды көру үшін тауға шықтым. -Ойбу,- анасы бетін ұстады. -Ең төбесіне шықтың ба? -Иә, ең төбесіне, бірақ айдаһарлар онда жоқ екен. -Шығып жатқан кезде еш қорықпадың ба? -Жоқ,- анасы Асылды жылы құшағына алды. -Балам ау, айдаһарлар жоқ қой. Бірақ сенің жүрегің айдаһарлардыкіндей батыл екен. Айдаһар жүрек Асылым менің,- Асыл анасының құшағында жатып ұйықтап кетті. Арада күндер өтті, айлар өтті. Асылдың еш қорқынышсыз жасаған сапары жануарлардың арасына жайылды. Естіген білген жандар кішкентай ған ергежейлі Асылдың ерлігіне қайран қалды. Сол күннен бері барлығы Асылды, «Айдаһар жүректі Асыл» деп кетті.

Айдаһар жүрекWhere stories live. Discover now