Тағдыр

1 1 0
                                    

Түсінде, Асыл, әкесін көрді. Түрі қандай болғаны есінде болмаса да, нақ әкесі екеніне сенімді еді. Асыл оны артынан қуып келеді, қуып келеді. Бір сәт артына қараған еді, сонда қалған анасын көрді. Ол Асылға қарап:
  – Балам, маған қарама, кете бер, – деді, Асыл бір сәт кідірді, сол сәтте әкесі тұманның арасында жоқ болып кетті. Қайда жылжырын білмей тұрған кезді тұманның арасынан жалындаған екі көз көрінді.
  – Асыл, сен бізді құтқаруың керек...- төсегінен атып тұрды. Әлі қараңғы екен, қоңыраудың соқпағаны да анық. Асылдың ойынан айдаһармен жолыққаны кетер емес. Анасының да құлағына сыбырлап айтқаны да бар. Не мақсатпен айтты екен? Ол бұл жайтты ойлап біраз отырды. Айдаһарлар болса ойынан кетер емес. Басын төсектен көтерді де, жан-жағына көз салды, қараңғы бөлменің бұрышынан өз сөмкесіне көз тікті. Сөмкесін қолына алып, асханаға барды. Әртүрлі жеуге болады ау деген заттарды ішіне ойланбай сала берді, мұнан кейін өз бөлмесіндегі сөреден қалыңдау киімдерді алып, киіп алды. Қараңғы үйде не алып не қойып жатқанына Асыл назар да аудармайды, «керек заттарды түгел алдым-ау» деген оймен үйден шығып кетті. Оны үйінен шығарған ойынан шықпай қойған бір ғана сұрақ еді, «Айдаһарлар неге мені таңдады екен?».
  Жас ергежейлі бірінші досының үйіне барды. Бұл уақытта, қоңырау әлі соқпағандықтан, ергежейлілер ұйқыда болуы керек болытын. Асыл Мерейдің үйіне, анасын оятып алмас үшін, терезесінен бірден досының бөлмесіне кірді. Төсекте жатқан Мерейді жанына барып, түртіп еді, көзін әрең ашты. Түн ортасында бөлмесіне кіріп келген ергежейліні көріп шошыған секілді, айқайлап жіберейін деп қалды. Абырой болғанда Асыл оның аузын қолымен жауып үлгерді. Досының түрін көріп мерей сабасына келді.
  – Асыл, сен бе?
  – Иә мен, тынышталшы, – Мерей сабасына келген секілді. – Мерей, мен сыртқа кетіп бара жатырмын. Саған ескертіп кетейін дедім, ертең мені қандай да бір ергежейлі іздеп жатса кетіп қалғанымды білдіртпеші. Жарай ма? – Асылдың өтініші Мерейді иландырмады.
  – Жоқ, орындай алмаймын бұл өтінішіңді! – бұл жауап Асылды таң қалдырды.
  – Неге?
  – Мен де сенімен бірге барамын, – бұл сөздер Асылды таң қалдырды.
  – Жоқ, болмайды. Ол жақ қауіпті.
  – Сол үшін мен сенімен барғым келеді. Досың ретінде мен білемін ғой, менсіз сенің қолыңнан дым да келмейді, – Асыл оны мұнда тастап кетсе де ол оның артынан еріп келетінін түсінді. Олай болса керек заттарыңды тезірек ал да, тезірек шығайық. Әне міне дегенше қоңырау да соғып қалады.
  – Жарайды қазір, – деді де, Мерей заттарын жинауға кірісті.
  Қала күзетшілері таң ертең қоңырау соқпастан бұрын күнді көруге сыртқа шығатынын Асыл білетін. Күн шыққан жағдайда біреуі барып қоңырау соғу керек болатын. Күнді күту керек болған күзетші сыртта тұр ал қоңырау соғу керек ергежейлі қақпаның іш тұсында еді. Асыл қақпаға мейілінше жақындап, көзден тасалау жерге жасырынды. Әдейілеп, ұйқылы ояу тұрған, күзетші еститін дей етіп айқайлады:
  – Күн шықты! – Есін аңғара алмай тұрған әлгі күзетші, сол сәтте ақ ойланбастан қоңырауды соғуға жүгіріп кетті. Осы сәтті пайдаланып, Асыл қақпадан сыртқа шықты. Екінші күзетші болса сыртта таң атқанын күтіп отыр екен, Асыл ол байқамайтындай бір тасалау жерге тығылды, Мерей де оның артынан ерді. Сол сәтте жаңғырған қоңыраудың үні естілді. Сырттағы күзетші таң атпастан соққан қоңырауға таңырқап ішке қарай жүгірді, артынша екі дос та жүгіріп Кішікенттен шығып кетті. Екі күзетші болған жайтты аңғармай тұрып, олар мүмкіндігінше алысқа кетуді ойлады, сондықтан да тоқтамастан жүгіріп кете берді.
  Арқасына ауыр сөмке асынған, үстінде қалың киімі бар Асыл мен Мерей, бір уақыт терлеп, ентіге бастады. Сол жерде кішкене демалып аламыз деп шешті. Отырып бірден қалың киімдерін шешті, тауға жеткенше керек болмайтынын түсінді, бірақ бұлар қанша жүк болса да тауда бұларсыз үсіп те қалары анық еді. Сөмкесінен таңертең салып алған асты шығарды. Мерей тәттілерді көргенде көзі жайнап кетті. Қолдарына түскен тәттілерді жеп алды. Осылай отырған кезде Асылдың басына бір ой келді «Мен жоқ кезде үйге анам келіп қалса ше? Ешқандай да хат жазып тастап кетпеген екенмін» деді. Бірақ кері қайтуға енді болмайды. Тек алдыға қадам басу керек.
  Бір демін басып алғаннан кейін батыл ергежейлілер заттарын қайта жинап жолын жалғастырды. Бірінші ой Жарқын атаның үйіне жетіп алу еді. Асыл жолды есіне түсіре алдыға жылжыды, тоқтауға болмайды, егер кешке қалып кетсе қиын жағдайға тап болады. Ағаштардың арасымен бағытты тауып өзенге де жетті. Мерей бірінші болып өтіп кетті, ал Асыл болса тайғанақ тастардан жүгін көтеріп әрең деген де өтті. Алып-алып тастардың арасынан өте келе Жарқын атаның үйін көзімен іздей берді. Бірақ әлі көзге байқалмайды. Тек тастардың арасынан өткеннен кейін ғана іздеген үйін байқады, егер де оны үй деп айтуға болар болса. Алдында тұрған астында ұстаханасы бар екі қабатты үйдің орнында қазір тек қирандыларды байқауға болады. Асыл жүгіре жөнелді, бір ғана түннің ішінде бұл жайттың орын алуына не себеп болғанын аңғара алмады. Қирандылардың жанына келіп Жарқын атаны арасынан іздей бастады. Мерей де қирандыларды ақтарып жатты.
  – Жарқын ата! Жарқын ата! Қайдасыз? – бірақ жауап жоқ.  Күні кеше жақтырмай отырған шалды Асыл таба алмағандығына қатты қынжылды. Өйткені болған жайтқа өзін кінәлі сезінуде еді. Осы сәтте ақылына кері қайту туралы ой келді...
  Өз ойларымен күресіп жатқан кішкентай ергежейлі, отырған жерінде таудың қияр шыңына көзін салды. «Не де болса жауапты сонда аламын,» деген ойға келді.
  – Мерей, кеттік, – дауысы тебірене шыққан еді, Мерей бірден назар салды. – Қазір біз мұнда ешнәрсе таба алмаймыз. Біз таудың шыңына шығуымыз қажет.
  – Жарқын ата ше? – Мерей де өздерін бір күн алдын үйінде күткен шалды уайымдауда еді.
  – Біз қазір оны бұл жерден таба алмаймыз. Барлық жауап жоғарыда. Тезірек, күн батпай сонда баруымыз керек, – екі дос жүректерінде Жарқын шалға дейін уайымы болса да, ары қарай жолдарын жалғастырды.

You've reached the end of published parts.

⏰ Last updated: Sep 05, 2022 ⏰

Add this story to your Library to get notified about new parts!

Айдаһар жүрекWhere stories live. Discover now