Кіріспе

1 0 0
                                    

  Ертеде өткені рас па әлде жалған ба белгісіз бір замандарда көз жеткен көкжиектің барлығын айдаһарлар мекендеген деседі. Аспан әлемін өз қаһарымен дүркіреткен айдаһарлардан жер бетінде алып ешнәрсе болмады. Көз көргеннің бәрін қалтырататын бұл жануарлар өздерін әлем патшасы санайтын. Бірақ оған негіз де жоқ емесі айқын.
  Аспан айдаһарлары өз әлемдерінде бір-бірімен жарыса ұшып жүрді. Тау айдаһарлары болса таудан тауға секіріп жерді дүр сілкіндіруде. Ал Су айдаһарлары су асты әлемін басқарады. Бір әлемді үш жақтан демеп тұрған бұл айдаһарлар осы күнге дейін тыныш өмір сүре алмаған еді. Бір-бірімен басы қосылмай, жер бетінде қырғын жасап, қырылысатын да жүретін. Әр қайсысы өз басына бір патша сайлап өз еркімен кеткен. Бірақ бүгін ерекше күн. Жан жақтан айдаһарлар ағылып жатты. Көкке су толқындары көтеріліп сонымен бірге су айдаһарлары жүзіп келеді. Ал көктен болса аспан айдаһарлары қанаттарын жайып құлдилай құлауда. Тау айдаһарлары болса тау басынан секіре-секіре, бір секіргенде бір күндік жолды еңсеріп келеді. Барлығының басы бір жерге жиналуда.
  Бұл жерден шеткерірек жерде орналасқан батылдар мекені болатын. Өздері кішкентай болса да өте батыл ергежейлілер осы орманды мекендейтін. Қай жерде болмасын ергежейлілер өз күндерін көріп жүретін. Ормандағы аң-құстарға барынша жәрдемдесетін. Алып айдаһарлардың бір жерге басы қосыла жиналып жатқанын олар да байқады. Алыстан бақылап тұр еді. Осы уақытқа дейін көзбен көрсе де қолмен жете алмай жүрген айдаһарлары бұлардың алдына келді. Олар орман шетіне жиналып болып жатқан нәрсеге тасадан бақылады. Жиналғандардың көптігі соншалықты қиыры көрінбейді. Кенет орта ашылып үш жақтан үш айдаһар жақындады. Бәрінен де ерекше көзге түсіп тұрған ол үшеуінің кейпі басқа айдаһарлардан өзгешелеу еді.
  Тау айдаһарлары жақтан бәріне белгілі патша Жігер шықты. Оның патшалығын білдіретін қақ шекесінде алмаз мүйізі бар еді. Жарқыраған ол асыл тас тау-тасты қопаратын. Ал аспан әлемінен Қайрат патша шықты. Оның саусақтарында Мәрмәр тырнақтары жалтырайды. Қанатын бір сілкігенде боран туғызатын бұл асыл тастар аспан айдаһарларының қазынасы еді. Су патшалығынан ортаға Жүрек патшайым шықты. Шекесінде су патшалығын өзіне қарататын мәрмәрі көздің жауын алады. Үш жақта өз қазыналарын қолына алып ортаға тастады.
  Ол жақта не болып жатқанын айдаһарлардан бөлек ергежейлілер де түсінді. Бүгін бүкіл әлемнің өзгеретін күні. Себебі бүкіл айдаһарлардың басын қосып бейбіт өмірді бастайтын айдаһарлар патшасы дүниеге келеді.

Айдаһар жүрекDonde viven las historias. Descúbrelo ahora