Pov Айша
-Қыздар тұрыңдар! Сағат 7 болды! Тұрамыз! -деген тəрбиешілердің дауысы оятардан асып түскендей.Тұрмау мүмкін емес.Тоқта! Тағы да қыздардың айқайлаған дыбыстары шығып жатқан секілді."Не болып жатыр?"деген ойменен басымды жастықтан көтеріп қалғанымда:
-Туған күніңменен! Туған күніңменен! Туған күніңменен, Айша! Туған күніңменен! -деп айқайлап тұрған қыздарды көрдім.Ойбай! Есімнен шығып кетіпті ғой.Қуанғанымнан:
-БҮГІН МЕНІҢ ТУҒАН КҮНІМ! АЛАҚАЙ!!!-деп бақырып айқайлап жібергенімді де байқамай қалыппын.Бəсе, бəрі маған біртүрлі қарап тұр. Менің біртүрлі қылықтарыма қарамастан, қыздар мені біртіндеп құшақтай бастады.Əсіресе менің ең жақын деген құрбыларым:Нұргүл, Дания, Назерке-қатты қысып құшақтағаны сонша:анау дүниеге барып қайтқандай болдым ғой. Олар бір кезде түсініксіз күлкімен маған қарап тұрды да, бір затты арттарынан шығарды.СЕУЛГЕ БИЛЕТ!!! Мен сенер-сенбесімді білмей тұрдым да:
-Бұл не? -деп сұрадым.Олар маған "жындысың ба? "деген түрмен қарады да:
-Сеулге билет. Біз жақында лотерея ойнатқан етінбіз.Сол кезде ұтып алдық.Сосын біз бірден сенің Кореяға деген махаббатынды есімізге түсірдік те, саған сыйлық ретінде беруді шештік."Ал сабақ ше? "деп ойлап та тұрған шығарсың.Қорықпа! Біз директордан рұқсат сұрап қойдық.Директор сенің сабақ үлгерімдеріне қарап, бірден рұқсат берді.Тез жинал! Біз сенің ата-анана бұл туралы айтып қойдық.Сені қазір үйіне алып кетеді.Ертең ұшасың! -деп жауап берді.
-Бұл түс емес па? Мені басымнан ұрып жіберіндерші! Ай,қатты ұрғанын не, Нұргүл!? Жындысың ба? Тоқта! Яғни мен түс көріп жатқан жоқпын.АЛАҚАЙ!!! МЕН СЕУЛГЕ БАРАМЫН!!! -деп тамағым қарлыққанша айқайлаған шығармын.Бұл менің өмірімдегі ең ерекше туған күнім шығар.Мен қазір бақыттан өліп кететін шығармын.Қуанғанымнан шабаданыма киімдерімдімді тез-тез сала бастадым.Бір кезде пəтер туралы ойлана бастадым да, Назеркеден сұрауды шештім.
-Назерке, пəтер туралы сұрауды ұмытып кетіппін.Пəтер туралы ешнəрсе айтпады ма?
-Аааа.Ұмытып кетіппін ғой.Саған ол жақта тегін үй береді.-деп ол қалтасынан бір кішкентай қағаз шығарып, -Мынау сенің Сеулдегі мекен-жайын.Жоғалтып алма!!! -деп маған мекен-жай жазылған қағазды ұстатты да, сабаққа асығып, жүгіріп кетті.Қағазға қарап тұрып, менің жүзімде бақыттың күлкісі орнады да, заттарымды шабаданға салуды жалғастырдым.Жинап болғаннан кейін кішкене ұйықтап алуды шештім.
Түн.Намсан мұнарасы. Айналаға ерекше сəн беріп тұрған түрлі-түсті отшашулар мен қол ұстасқан ғашықтар. Сол ғашықтардың арасында бір жұп өздерінің мөлдір, кіршіксіз махаббатымен ерекшелініп тұрғандай. Осы жұп өздерінің сұлулықтарымен қараған адамға тек қана таңғалыс сезімін алып келеді. Қос ғашық бір орындыққа келіп отырды.Жігіт қызға қарап: -Мен сені жақсы көремін.Сен- менің бар өмірімсің.Өмір бойы бірге болайық.Жарай ма? -деп қыздың жасыл жапырақтай көздеріне қарап,шиедей ерніне жақындай бастады.
-Уф,бұл жай ғана түс екен ғой. Бірақ түсімдегі жігіт кім екен? Ой, Айша неге сен бос нəрсені ойлап отырсың? Айтпақшы əкем қашан келеді екен? О, телефон шырылдап жатыр. Алақай, əкем келіпті! Үйге баратын болдым ғой...