3-бөлім

173 16 3
                                    

Pov Aйша
Көзімді ашып айналама қарадым.Қарасам бір бөлмеде жатыр екенмін. Не деген əдемі жер! Стоп!Бұл кімнің үйі?! Мен қайдамын?! Тоқта,Айша!  Сен кеше ұшақтан түстің. Әжетxанаға бардың. Содан кейін... содан кейін... Менің есімде жоқ. Стоп ! Менің шабаданым қайда?!  Туф,Айша,осы сен бірбәлеге ұшырамасаң,болмайды ғой! Өзімнің нағыз есуас  екенімді айтып өткенше, бір толықтау келген ағай келді.Мына аджоссидің түрі таныс. Ой,Айша,ойлайтын нəрсе тауыпсың!!!
-Сәлеметсіз бе! Қалыңыз қалай? Жақсардыңыз ба?-деп бір кәріс ағай кәрісше зырылдап сөйлеп шықты.Мен Кореяның айдолдарына жанкүйер болғаннан кейін аздап кəрісше үйренген еттінмін. Бірақ мына ағайдың сөздерін түсінемін дегенше, ол менің төсегіме тағамдардың неше түрлісін әкеліп берді.Мен түсінбей бетіне тесіліп қарағанда, ол күліп жіберді.
-Аааа, сізді Чонгук алып келді."Сіз есіңізді жиғанша, осында бола тұрсын", - деді. Менің есімім Ли Шинxён.
-Қандай Чонгук?!
-БТС Тобындағы айдол-Чонгук.Мен болсам олардың менеджерімін.
Мен оның сөздеріне онша мəн бермей,өзімнің ұялы телефонымды іздей бастадым.Ол маған "мен сенің орнында болғанда,осында қалар едім"деген түрменен таңғала қарады.
-Кешіріңіз,аджосси,бірақ менің тез арада бұл жерден зытқаным дұрыс.
-Тоқтаңыз! Тым болмаса сізді жеткізіп салайын.
Мен оған ойланып қарадым да,келістім.Енді не істеймін? Мен Сеулде бірінші ретпін,қаланы білмеймін. Басқа амалым болмай, келісе салдым.
Жолда келе жатқанда шыбыннын ызыңы да естілмеді.Бір кезде ол маған:
-Сіз Чонгукке жақын боларсыз.Ол сіз үшін қатты уайымдады.
Мен аң-таң болып,аджоссиге қарап,"мен ба?!  Қумаңызшы, аджосси!"деп ауызымды ашамын дегенше, ол мені керек жеріме жеткізіп салды.Мен рақметімді айтып, онымен қоштастым.
-Эxx, мінекей келдім! Енді бұл демалысты ешкім құрта алмайды.Құртқан адамды да аямаймын! Əрине,қыздар айтпақшы,мен "киллермін" ғой! Ой, Айша, сен нағыз топас екенсің ғой! Қалай ғана қыздар мен Гаухар əпкиге хабарласуды ұмытып кеттім!!!
Шабаданымды жайғастырып, қыздарға хабарластым.Ешкім тұтқаны көтермеді. Айтпақшы, қазір оларда түн ғой.Онда ертең хабарласармын.Бүкіл заттарды реттеп,Сеулді аралап қайтпақ болдым.

Pov Чонгук
Мен фанмитингта отыр едім.Барлық фанаттар бірдей.
"Оппа, мен сені сүйемін!"Оппа! Оппа! Оппа!" Миым ашып кетті. Уф, құдайға шүкір бітті. Мен жаңағы қызды көретінімді есіме алып, қуаныштан жарыла жаздадым.Бірақ қуанышым қойныма симай кетіп қалды ма, әйтеуір бір нәрсе болуы керек.
-Чонгук, ескертіп айтарым, бағанағы сен əкелген қыз кетіп қалды,-деді менеджер.
-НЕГЕ ?! СІЗ ҰСТАП ОТЫРМАДЫҢЫЗ БА? ОЛ ҚАЙТАДАН ТАЛЫП ҚАЛСА ШЕ?!-деп менеджерге қалай ашуланғанымды, дауыс көтергенімді де түсінбей қалдым.
Содан кейін сыртқа зыт етіп шығып кеттім. Ал мемберлер "мынаған не болған?" деген түрменен мені шығарып салды.
Pov author
Кеш.Сеул көшелері салқын,ауасы таза.Маскадағы Чонгук бір мезетке түршігіп кетті. Иә,ол көңілсіз еді... Ол қыздың атын да сұрап үлгермеді. "Түс-түлкінің боғы" дегендей ол қызды ойынан сырғытып тастауға тырысты. Ол жүре-жүре
өзінің сүйікті кондитерлік кафесіне келгенін де байқамай қалды.Бұл жерде оның ең сүйікті және,Чонгук ойлағандай , ең дәмді тәттінің бірі- свиткуки пішінәйі жасалатын еді. Иә, бұл бала мінезді баланың пішінәйға деген бір бөлек маxаббаты бар еді. Пішінәй үшін бәрін қалдыруға,беруге дайын еді. Пішінәйді ойлап еді, менеджермен ұрысқанын да
ұмытып кетті.
Сол мезетте "жасыл жапырактай" көзді қыз,Айша,  сол кафеде шай ішіп отырған еді. Ол бір ғана свиткуки пішінәйіне көзі түсіп , сілекейі аузына симай кетті десе де болады.Сонымен ол пішінәйді алуға барған еді, бірақ маскадағы бойы ұзындау келген бала оны озып түсті. Ол сатушыға өзінің тапсырысын берді.
-Йаа, бұл пішінәйді мен бірінші алайын дедім!-деп Айша өзінің жынданып кеткенін де байқамай қалды.
-Кешір,бірақ мен алып қойдым.Тағдыр емес,не қыласың?-баланың бұндай жауабына қарап қыз одан бетер жынданды.
-Бұл пішінәйді мен бірінші көрдім!
Миы ашытып тұрған қызға жауап қатпақшы болып қараса,оған таныс бейнені көрді.Жасыл көз,кішкентай мұрын және томпақ ерін. Қыз да одан қалыспады. Ол да елесті көргендей тұрып қалды.
-Сен?
-Чонгук?

Пішінəйдің махаббатыМесто, где живут истории. Откройте их для себя