Таң атты. Чонгук өзінің жатақханасына кіре сала дəліздегі диванға құлай түсіп, тəтті ұйқыға кіріп кетті. Өзінің оныншы түсін көріп жатқанда,ұялы телефоны шырылдамасы бар ма (!) Гук балдай тəтті түсін бөлген кім екенін біліп, оған ұрсып тастағысы келіп тұрғанда телефон бетіндегі "Ai-sha~sha~sha~"дан смс келгенін көрді.
*the day before*
POV Aisha
Мен Чонгук оппамен қалай сөйлесіп кетерімді білмей жүрмін...Эх...Дəл өзі алдымда отыр. Ол мен туралы не ойлайды екен?.. Жынды деп ойлайтын шығар, жарайды, ойлай берсін... онсыз да солай ғой. Қазір ол телефонынан сағатты көріп жатыр, мүмкін ұялы телефонын сұрап көрермін..:
-Чонгук, телефоныңды бере тұршы. Сыныптас қыздарыма хабарласайын деп едім,- ол бере ме екен? Түсініп қойса не деймін?
-Ааа,міне. Айтпақшы, сенің есімің кім?
-Айша,-деп жауап бердім. СТОП. Менің атым кім еді??? Айша... Шынымен Айша ма?" Туф, топас!" деп іштей өз-өзімді басымнан ұрғандай болдым. Менің ішімде осындай миым мен жүрегімнің соғысы болып жатқанын Чонгук оппа қайдан білсін, құдайға шүкір, түрім ондайды сыртқа көрсетпейді.Телефоннан тезірек Əсемнің телефон нөмірін теріп хабарласа бастадым.
- О, Əсем қалайсың? Қыздар, Гаухар əпки қалай?..-"Гаухар əпки қалай? " Мен қашаннан бері тəрбиешімізді... е,жарайды. Чонгук, сен мені кім қылып тастадың?! Тым мейірімді болып бара жатырмын. Осы уақытта маған қарама-қарсы отырған сымбатты, бірақ іштей бала мінезді жігітке қарадым. Осындай адамдарды құдай қалай жаратады?.. Түріне шексіз қарай бергің келеді. Ол менің сөйлеген сөздерімді түсінбей, ұйықтап барады. Телефонның арғы жағынан қыздардың дауыстары шығуда, бірақ оны тыңдап жатқан кім бар дейсің... Ғашық болып қалғаннан саумын ба?¿ Бір кезде Əсемнің даусы жүйкеме тиіп кетті .
- АЙШААА! АЙША ДЕЙМІН. ЕСТІП ТҰРСЫҢ БАА...ЕУ, ЖОЛБАРЫЫЫС...
-Əсем, мені жолбарыс деп атама деп ескертіп едім ғой!
-О, Айша. Амнсың ба, сені шақырып жатқаныма 2 минут 28 секунд болды ғой. Жолбарыс деп айтпағанша жауап бермейтін сияқтысың ғой. Еу, киллер, не істедің? Біреуді өлтіріп жатыр ма едің?-Əсемнің құдай берген күлкісі естілді. "Қансорғыш" десе "қансорғыш" қой.
-Жоқ, ешкімді өлтірмедім, бірақ өлтіремін! Қазақстанға қайтайын, келе салысымен сені аман қалдырмаймын. Жүйкемді тоздырып біттің ғой. Көріскенше,-деп телефонды қойып жібердім. Білемін дөрекі болдым, бірақ бұл қыз мені мазақ етуін қоймайды. Тез арада оппаның телефонына өзімнің нөмірімді сақтап қойдым да, қоңырау шалдым. Өзіме де керек қой енді. Басқа не істерімді білмеймін, ол осылай өзі сұрамай жүре берсе, менде жүре берсем не болады? Санаулы күндерден кейін үйге қайтамын. Эх...
Қайтадан телефонды құлағыма тосып, өтіріктен өз-өзіммен сөйлесіп отырмын. Əсемге хабарласқаным дұрыс болмас. Шыбын туралы əзіл есіме түсіп кетті де, оны қатты айтып, бар күшіммен қатты күлдім. Чонгук оппаны ұйқысынан тұрғызғым келіп еді, тұрғыздым.
*present*
Чонгук түсініксіз жағдайда тұрды. "Бұл қыздың нөмірі менде қалай жүр?¿" деген оймен ол смс-ты ашып оқыды.Ai-sha~sha~sha~: Қайырлы таң~~✌
JK: таң қайырлы болмайды 😒
Ai-sha~sha~sha~: омо, оппа...Ұйқы қанбау ма?
Ai-sha~sha~sha~: сен мен ұйқыңнан тұрғыздым?
JK: менің емес, сенің ұйқың қанбаған сияқты ғой... сөздерге дұрыс жалғау жалғамасаңда, дұрыс орынмен жазсайшы
Ai-sha~sha~sha~: 😂 sorry, i'm using google translate...
JK: менімен сөйлескің келсе, кəріс тілін үйрен
Ai-sha~sha~sha~: why?
Ai-sha~sha~sha~: 😅your English is... ok, i know
Ai-sha~sha~sha~: үйренемін, сен ше?
JK: не мен?
Ai-sha~sha~sha~: ағылшын тілі үйрену келмей ме мен үшін?
JK: ...
Ai-sha~sha~sha~: deeeee😄
JK: deeeee деген не😕?
Ai-sha~sha~sha~: қалжыңдағанда біз осылай айтамыз😅
JK: aa
Ai-sha~sha~sha~: оппа~~ бос па қолың бүгін?
JK: оппа?
JK: иə, бос... не болды, кездесуге шақырғың келіп пе еді?🙄
Ai-sha~sha~sha~: сен үлкенсің қарағанда мен, сол үшін оппа. ойлау қалма басқаша. Əлде, олай сені атамау ма? Свиткукиды алып қойдың үшін сен мен əлі кешірмеді. Ал екінші сұрақты қойдым жəй.🤐
JK: жооқ, атай бер~ сенің қолың бос болса... Мендон көшесінің сол жағында орналасқан паркте сағат сегізде кездесейік
Ai-sha~sha~sha~: ...
JK: Свиткуки пішінəйін алып беремін
Ai-sha~sha~sha~: 😍ок
JK: Жапырақкөз, google translate-ты қолданба
Ai-sha~sha~sha~:...
Ai-sha~sha~sha~:ок(
JK: Мен өзім саған кəріс тілін үйретемін... ал сен маған-ағылшын тілін
Ai-sha~sha~sha~:арассо~~