4-бөлім

174 16 5
                                    

-Сен?
-Чонгук?
Екеуі бір-біріне ұзақ уақыт тесіліп қарап тұрды.Бірақ бұл ұзақ тыныштықты Айша:
-Мен сенің кім екенінді жатқа білемін.Мен-сенің жанкүйеріңмін. Бірақ осыған қарамастан,бұл пішінəй менікі!!! -деп түсініксіз көз-қараспен қарап тұрған Чонгуктың қолынан пішінəйді жұлып алып бұзды.Чонгуктың алдында тап қазір кешегі түсіндегі "жасыл жапырақты"көздер емес, "оны жеуге дайын тұрған құбыжықтың" көздері тұрған секілді.Чонгукта одан қалыспай:
-Бұл-менің ең сүйікті пішінəйім!!! -деп айқайлап,Айшаның қолынан тартып алып,Айшаның бойының кішкентайлығын пайдаланып, пішінəй ұстаған қолын аспанға, яғни дүкеннің "потологына" көтерді.Бұған жынданған Айша:
-Ия,менің бойым кішкентай.Бірақ мен бұл пішінəйді саған беріп қойып, отырмаймын!!! -деп Чонгукке қарай секіре жөнелді. Тап бір жабайы жолбарыс секілді. Айша өзінің қалай Чонгуктың үстіне құлағаның да байқамай қалды.Ал пішінəй болса,еден жуушы ұмытып кеткен шелекке барып құлады.Бірақ бұл екеуінің пішінəйді ойлауға шамасы жоқ секілді.Осы дүкенде екеуінен басқа тірі жан жоқ."Сатушылар қайда?"-деп ойлап тұрған шығарсыз.Олар бұл екеуі осы бір пішінəйге таласып тұрғанда, олардың бар екенін байқамай, дүкеннің есігін құлттап кеткен болатын.Екеуі бір-бірінің жанарына үнсіз, ұзақ уақыт тапжылмай қарап тұрды.Бұл тыныштықты Чонгуктың:
-Ия,мен өзімнің əдемі екенімді білемін.Мен саған ұзақ уақыт қарауға рұқсат берер едім, бірақ сен жастық секілді жеңіл емессің. Арықтау керек секілді.Мүмкін тұрарсың? -деген мақтанған дауысы бұзды.Айшаның миына не болып жатқаны енді жетті.Ол ұялғаннан атып тұрды. Тіпті Чонгуктың мазағын да елемеген секілді.Ол:
-Айтпақшы түн болыпты ғой. Қайту керек!-деп есікке ұмтылып, ашайын десе, есік жабық.Ол Чонгукке қарап:
-Ойыныңды қой!!! Тез, есікті аш! -деп бақырып жіберді.
-Бірақ мен есікті құлттаған жоқпын. Алдымен біліп барып сөйлеу керек!
-СОНДА БІЗ ҚҰЛТТАНЫП ҚАЛДЫҚ ПА!?
-Көріп тұрғанындай.Сенде телефон бар ма? Менің телефонымның қуат көзі бітіп қалды.
-Мен үйде ұмытып кетіппін.
-ҚАЛАЙ ТЕЛЕФОНДЫ ҮЙДЕ ҰМЫТЫП КЕТУГЕ БОЛАДЫ!?
-Кешір,-деп Айша жігітке кінәлі түрменен қарады.Чонгук оның осы бір сүйкімді түріне қарап, өзінің артық кеткенін енді түсінді. Оған дауыс көтермеу керек еді.
-Не болса да, болары болды,бояуы сіңді.Одан да анау орындыққа барып,уақытты тез өткізу үшін əңгіме айтайық,-деп Чонгук жақын тұрған орындыққа барып,  отырды.Айша да үнсіз Чонгукқа қарама-қарсы орындыққа отырды.Чонгук алдымен əңгімені өзі бастауды шешті.
-Сенің кəрісше сөйлегенің онша емес екен. Байқадым.Сен метиссің бе, əлде Кореяға қыдырып келдің бе?
-Мен уақытша келдім. Қазақстаннан...О,менде қуаттағыш бар екен.Ұялы телефоныңды қуаттап алсаң болады.Ана жерде розетка бар екен, -деп Айша өзінің қуаттағышын Чонгукке ұсынды.
-Рақмет. Бірақ, менің түсінбейтінім, қалай ұялы телефонсыз қуаттағышты алып жүруге болады? -деп телефонды қуаттағышқа қойды.
-Түсінбейтін еш нəрсе жоқ. Байқамай,телефонның орнына қуаттағышты алып кетіппін.
Чонгук оған "жындысың ба? " деген түрменен ұзақ уақыт қарап тұрды.
-Айтпақшы сен не менің жанкүйерімсің бе? Бірақ іс-əрекетеріне қарап олай айтуға болмас.
-Ия.Мен-сенің жанкүйеріңмін. Бірақ сен маған бағанағы пішінəйді бермей қойғанын үшін бүгіннен бастап сенің жанкүйерің болмауды шештім.
Чонгук қыздың осы айтқанынан-ақ қыздың біртүрлі екенін аңғарды.
-Айтпақшы қазір сағат қанша? -Қазір.-деп Чонгук телефонын қуаттағыштан алды,-О,уақыт тез өтіп кетіпті ғой.Таңғы сағат 05:00.
-Чонгук, телефоныңды бере тұршы.Сыныптас қыздарыма хабарласайын деп едім.
-Ааа,міне.Айтпақшы сенің есімің кім?
-Айша...О, Əсем қалайсың? Қыздар, Гаухар əпки қалай?...

Чонгук Айшаның қандай тілде сөйлесіп жатқанын түсінбей отырды. "Не деп сөйлесіп жатыр екен?" деген ойменен.Бұл ойынан Айшаның бақырып күлген дауысы оятты.
-Əсем, сенің осындай əзілдерің  қашан бітеді екен? Ауылда бір апа етке шыбын тышып кетпесін деп шыбындарға памперс кигізіп қойыпты? Ваxвxвxвx.Ойбай,ішім!
Ваxвxвxвx.
-Не деген күлкі!!! Құдай сақтасын!!! -деп Чонгук Айшаға қарап,бақырып күле бастады. Айша оған жынданған түрменен:
-Өзіне қарап алшы!Есек тоңқып жатқан сияқты...
Осы уақытта дүкен есігі ашылды.
Сатушы бұларды көріп, кешірім сұрай бастады.Кешірім ретінде олар қатты қалайтын пішінəйді ұсынды.Екеуі пішінəйді алысымен "енді кездеспейтін шығармыз"деген ойменен екі жолға бөлініп,өз жолдарымен кетті...

Пішінəйдің махаббатыМесто, где живут истории. Откройте их для себя