2-бөлім

217 15 3
                                    

Америка 05:00 a.m

Ұйқысынан енді оянған Чонгуктың ойын бір нәрсе мазалағандай болды.Оған себеп -оның бүгін көрген түсі.Түсіне енген әдемі жасыл көздерді ұмыту мүмкін емес еді .Ол сол мөлдіреген пәк көздерді қайта көруді армандады.Оны ойынан Чимин оятты:
-макнэ,саған не болған?Әлде ауырып калдың ба ?
-Жоқ,хён.Бәрі жақсы.
-Жарайды,онда жинал.Түскі уақытқа қарай Сеулге ұшамыз.

*******

BTS мемберлері үшін бүгін қуанышты күн,себебі олар бүгін өздерінің отандарына оралады. Барлығының қуаныштарында шек жоқ.Тек Чонгуктың ойында не екені белгісіз.Оған оның көрген түсі себеп.
Түн.Намсан мұнарасы. Айналаға ерекше сəн беріп тұрған түрлі-түсті отшашулар мен қол ұстасқан ғашықтар. Сол ғашықтардың арасында бір жұп өздерінің мөлдір, кіршіксіз махаббатымен ерекшелініп тұрғандай. Осы жұп өздерінің сұлулықтарымен қараған адамға тек қана таңғалыс сезімін алып келеді. Қос ғашық бір орындыққа келіп отырды.Жігіт қызға қарап:
-Мен сені жақсы көремін.Сен- менің бар өмірімсің.Өмір бойы бірге болайық.Жарай ма? -деп қыздың жасыл жапырақтай көздеріне қарап,шиедей ерніне жақындай бастады.
Ол түсіндегі жасыл түсті жапырақтай көздер мен шиедей еріндерді есінен шығара алмай қойды, ойынан шығарғысы келмейтін де секілді. Ол түстің мағынасын түсінгісі келді,бірақ "түс түлкінің боғы"деген ойменен барынша назар аудармауға тырысты.

Pov чонгук

-Чонгук,мында кел,біз v live түсіргелі жатырмыз!- ас уйден Джин хённың дауысы естілді.
Басқа мемберлер әдетінше көңіл көтеруде .
-Осы хёндардың шаршайтын кезін көрген емеспін.Тап бір қуат көзіне толы кішкентай балалар секілді,-деп,жүзіме əлсін-əлсін күлкі ұялады.
-Міне,біздің алтын макнэ де оянды ,-деп Шуга күлді,-сіздер топтағы ең көп ұйықтайтын "мен"деп ойлайсыздар,бірақ шын мәнінде ол-міне,мына адам.Шуга камераны маған қарай жақындата бастады. Мен камераға ұялған түрменен кішкене жымидым.Бір кезде:
-Бүгін таңғы асты мен дайындаймын!-деп Рэп Монстр бақырып жібермесі бар ма!Осы хабарды естігеннен кейін бүкіліміздің көңіл күйіміз бұзыла бастады. Намджун хённың дауысына қарағанда ол бұл іске шындап кіріскен сияқты.Не күлерімізді,не жыларымызды білмей қалдық ғой.Намджун хён бір кезде тоңазытқыштан керекті азық-түліктерді шығара бастады. Тоңазытқыштың есігін жаппақ болғанда, тоңазытқыштың есігі сынып қалмасы бар ма!!! Чимин хён:
-Хён, бұл сенің бүгіндікке сындырған 30-затын,бірақ негізі мен сенің сындырған заттарынды санаудан баяғыда шатасып кеткенмін!-деп бақырып күле бастады.Осы кездегі Рэп Монстрдың түрін көрсеңіздер, тап бір Чимин хёнды өлтіруге дайын тұрған секілді!!!
-Чимин хён,сені ұшаққа дейін тірі көре аламыз ба екен!?-деп жынды адамдарша бақырып күле бастадым.Чимин хён қорыққанынан:
-Мен жүктерімді шабаданға салуды ұмытып кетіппін!-деп бөлмесіне қарай асығып жүгіріп кетті.
Осы оқиғаға қарамастан Рэп Монстр тамақ жасауын жалғастыра берді.Ал Шуга хён Намджун хённың сындырған заттарын жөндей бастады...

*******
Ұшақтан кейін Айша өзін әлсіз сезіне бастады.Ұшаққа бірінші рет мінгеннен болар.Ол ұшактан түсе салып әжетханаға қарай ұмтылды.
Дәл осы сәтте Чонгук та өзін біртүрлі сезінген болатын. Әрине,ол Рэпмон ренжімеуі үшін оның жасаған тамағын жалғыз өзі тауысқан еді.Ол ұшақтан түсе салып,жанкүйерлеріне қарамастан әжетханаға қарай жүгіріп кетті.Жолда бір қыз есінен танып жатыр екен.Ол қасына барып қараса ,кешегі түсіндегі қыз екенін жасыл жапырақтай көздеріне қарап бірден түсінді.Ол "тағдыр" деп ойлап, сол қызды көтеріп, жанкүйерлерінің көзіне түспей,өздерінің көлігіне алып кетті....

Пішінəйдің махаббатыМесто, где живут истории. Откройте их для себя