Қазір түскі сағат 12 болса да, Айша кездесуге жарты сағаты қалғандай асығып дайындалып жүр. Бұл кездесу оған қатты маңызды. Кореядағы əр күнін ерекше өткізгізуі керек. Болашақта не боларын кім біледі? Чон Чонгук та қарапайым адам емес, екеуінің жолы екіге айрылса не болмақ? Айша мұндай жаман ойлардан қашқақтап жүрді. Кешке киетін лайықты киім таппай, дүкен аралауға аттанды.
Бұл кезде Чонгук өзінің істеп жатқан істерін ой елегінен өткізіп, саралап жатқан болатын. Айша не дегенмен кішкентай қыз ғой... Бірақ оның көрген түсі де бекер емес. Негізі, адамдар түсінде тек өмірінде өз көзімен көрген адамдарды ғана көреді. Алайда ол Айшаны бұған дейін көрмеген еді. Мүмкін бұрынғы өмірінде көрген шығар...
Гук өзінің қуып кеткенін түсінді де, "Түс-түлкінің боғы" деп, хендарды тұрғызуға кетті.
Айша Сеулдің орталығындағы дүкендерді аралап жүрген болатын. Адам өте көп, ол мұндайды бұрын соңды көрмеген еді. Аралап жүріп, бір жасыл орамалға көзі түсті. Айша жапырақтай жап-жасыл орамалмен ауырып қалды, яғни алмаса болмайтынын түсінді. Дүкенге тез арада кіріп, орамалды алып кассаға қарай жүгірді. Бағасына қарағанда бұл орамалды ұнатқанын да ұмытып кетті, жағы төмен қарай түсіп, аузы аңқиып тұрғанын да байқамапты. Кассадағы кезегі де келіп қалды. Эх... Артындағы кезекте тұрған адамдар өте көп еді. Қазақпыз ғой, ұят болмасын деп, бар ақшасын төлеп, дүкеннен шығып кетті. Айша көңіл күйі болмай үйіне қайтты...
Кеш. Мендон көшесінің сол жағындағы парк. Гук төсеніштің үстінде жұлдыздарға қарап жатыр. Бірақ көз алдыннан Жапырақкөз кетер емес. Көзін жұмса да, бейнесі алдында, құлағын жапса да, оның есімін қайта-қайта естиді. Бір кезде есіне мұнда не үшін жатқаны түсіп кетті. Мына қыз қайда жүр?
Айша жасыл орамалын мойнына тағып, айнаға қарады. Негізі, бағасын ойламасаң, бұл орамал Айшаға құйып қойғандай. "Əр нəрсенің өз қайыры болады" деген сөз есіне түсіп кетті. Енді қайыры болса, болар. Айша жолдорбасына Чонгукқа арнайы дайындаған бəліштерін салып, үйінен шығып кетті.
Чонгук Айшаның келе жатқанын көрді. "Мойнындағы орамал өзінің көздері сияқты жап-жасыл, əдемі екен."деген оймен оның бағанағы ашуы тарқап кетті. Сонда да кішкене қатал болайын деп, қабағына қар жаудырып:
-Жапырақкөз? Қайда жүрсің?-деді.
Айша мұндайды күтпеген еді.
-Оппа, мен... мен...-деп шүберек сияқты салбырап тұрғанда Гук оны құшағына алды. Айшаның бұл кездегі сезімін сөзбен жеткізу мүмкін емес еді. Оның беті қызанақтай қып-қызыл болып, іші бұралып, ішкі органдары билеп, жүрегі жарық жылдамдығынан да тезірек соға бастады. Оның жүрегінің соғысын сезгенде, Чонгуктың езуі екі құлағына жетті. "Яғни, менің сезімдерім жауапсыз емес" деп ішінен ойлады. Гук қызды құшағынан жіберді де:
-Деее,-деді.-Дұрыс айттым ба?
-Иə...дұрыс...-Айша оның бетіне қарай алмай тұрды.
-Айша, жəй қалжыңдадым ғой. Сені... сағындым...
Екеуінің арасында ұзақ үнсіздік пайда болды. Айша ішіндегі болған кішкене ренішті, ашуды жəне, əрине, жақсы көру сезімдерін сыртқа шығара алмай тұрды. Мылқау болып қалғандай. Бұның себебі тек қана оның қорқақтығы ғана емес, кəріс тілінде қалай жеткізу керек екенін білмегендігі. Оның есіне тіл үйрету сабақтары түсіп кетті.
-Well. Let's start our lessons,-деп Гуктың бетіне қарамай, жанынан өтіп кетті. Чонгук түсініксіз жағдайда қалды. Айтқан сөздеріне жауап береді деп ойлаған сияқты. Бағана ғана ұялып тұрған қыз жанынан жəй ғана өте салғаны қалай?
-Окей.
-Did you bring "sweetcookie"?
-Yes...Of course. Your scarf is very beautiful.-Чонгук аузына келгенді бар сөздік қорымен жеткізді. Айша іштей қатты қуанып,"қайыры дегені осы шығар"деп оппасына қарап жымиды.
...Бұл қос көгершін бір-біріне тіл үйретіп, арасында қалжыңдасып, өздерінің өміріндегі бақытты сəттерін өткізіп отырды. Чонгук оған кəріс тіліндегі білу керек маңызды сөздерді, етістіктің формаларын, түрлі сұрақтарды үйретті. Айша да оған сұрақтар қойып, Гуктың жауап бергендегі акцентіне тырқылдап күліп отырды. Ал сайқымазақ болып отырған жігіт осыған дейін онша жақтырмаған күлкінің шын көңілден шығып, өзіне де бір қуаныш сыйлайтынын енді түсінгендей. Ол осы сəттердің шексіз созылғанын қатты қалады.
-What do you love?-деп Чон жаттап алған сұрағын сұрады.
-I love...mmm... COOKIE!-Айша соңғы сөзді қатты айтып жіберді. Кішкене ұялып та қалды, не дегенмен "куки" деген сөз екі мағына бергендей естілді ғой. Чонгук сəл жымиды, кейін байыпты, салмақты түр танытты:
-You DON'T love cookie...-Айша түк түсінбей қалды,-you ARE cookie's love.
Бағанағы үнсіздік жоғалып бара жатып, мына жұптың арасына қайтып келгендей. Айша Чонгук құшақтағандағы сезімге қайта бөленді. Мына жігітке не болған?
Айша өзін жерге түсіріп:
-Мм...-деп жауап қатты. Ол көпке дəмеленіп кетпейін деп, Чонгуктың сөздерін жəй қалжыңға қабылдады.
-Aisha, what kind of words do you know in Korean?-Чонгук ыңғайсыз жағдайды тезірек кетіргісі келді.
-Аньён, биане, арассо, амадо, пого щипта...-Айша өзінің не деп отырғанын түсінбеді. Бұл сөздерді не үшін айтып отыр...Гук жəй ғана сұрай салған еді, ал бұл қыз зырылдап сөздерді айтып отыр. Чонгук тоқтап қалған қызға қарап, өзінше:
-Continue...-деп қойды. Айша өзіне не болғанын білмей, айтпау керек сөзді айтып жіберді.
-Саранеё...кум...-осы кезде Айшаның қолына бір ыстық нəрсе сезілді. Қараса ЧОНГУК ОППАНЫҢ ҚОЛЫ ЕКЕН. Айша осы өмір мен ана өмірдің ортасында тұрғандай болды. Гуктың жүзіне қараса, тесіліп қарап тұр екен.
-Надо..саранеё.