------------------------------------------------------------
Джису өзінің мектебіне қайта келді. Дәліздегі оқушылар Джисуды көріп, сыртынан әңгіме бастады. Олардың тесіле қараған көздері, қызды іштей жеп бара жатты. Бәріне шыңғыра, айғайлай көздерін ойып алғысы келіп тұрды. Олардың жыбырлаған еріндері, барлығы қыздың жынына тие бастады. Жерге құлағын жауып, көзін жауып отырғысы келді. Ешкімге қарағысы келмеді, бірақ Джису қыздарға арналған әжетхананың алдына келді. Ішке кіріп, сөйлеп жатқан қыздардың бір сәтте үндеми өзіне тесіле қарап қалғанын көрді. Ешкімге мән бермей, қол жуатын жерге келіп бетін жуа бастады. Қыздар біртіндеп шығуларын жалғастырды. Қоңырау соғылып, әжетханада ешкім қалмады. Джису айнадан өзіне қарады. Көз алмай тұрды:
-Сен сондай аяныштысың! Сондай аянышты!-Джису өзінің түріне қарауға шыдамай жерге отыра кетті. Көзінен аққан жастарды тоқтата алмады.
Тэён сыныпта партаға басын қойып ұйықтап жатқан адамның кейіпін танытты, бірақ қыздардың Джису туралы айтып жатқан сөздерін естіп жатты.
-Джисуды көрдің бе?-бір қыз сыбырлай, жанындағы қызға қызығушылық танытты
-Иә, түрінен түр қалмаған,-екінші қызда сыбырлай бастады.
-Көзі қызарып кетіпті, жылаған болуы керек!
-Айщ, Доён сол қыздың қай жеріне қызықты екен! Жылауық, Доённің сол ісіне бола жыласа. Кха!-қыздың менсінбеген дауысы анық естілді және оны жасыруға да тырыспады.
Есік қағылып ішке Джису кірді. Тэён басын көтеріп қызға қарады. Барлық сынып қызға қарап қалды.
"Тағы да көздер! Тағы да!" Джису іштей өзін тыныштандыруға тырысты, бірақ зорға шыдап тұрғаны көрініп тұрды. Қазір барлығын төңкеріп, лақтырып, шашып өксіп жылағысы келіп тұрды. Тек бұны істей алмайды. Қанша қаласа да,өзін жеп бара жатқан көздерден, өзіне қарап жыбырлаған еріндерден құтыла алмайтынын өзі де жақсы білді.
-Сәлеметсіз бе, мұғалім! Кешіріңіз сабағыңызға кешігіп қалдым,-Джису мұғалімге иіле.
-Сен жаңадан келген қыз боларсың,-жас әйел қызды бастан аяқ қарап шықты.
-Иә,-Джису басыңқы дауыспен үн қатты. Артық бірнәрсе айтуға да шамасы келмеді. Қайткен күннің өзінде мектепті бітіруі керек. Ол үшін шыдамдылық пен төзімділік керек.
-Аа, жақсы. Орныңа отыр, бір жолға кешірдім. Тағы қайталанатын болса, сабаққа келмесең де болады,-қатқыл үнмен әйел осыны айтып, өз сабағын жалғады.
ВЫ ЧИТАЕТЕ
Қателіктер!!!
FanfictionКөпір жиегінде тұрған қыз, бұрылып алып кетіп бара жатқан жігіттің артынан айғайлады: -Тэён, мені жалғыз қалдырма! Өтінем. -Джису, мен Дженниге баруым керек,-жігіт бұрыла қызға тіке қарады. -Сен маған керексің! Егер қазір кететін болсаң, мен мына кө...