Сезім

10 3 3
                                    

------------------------------------------------------------
Джэхённің үйі
Үйді сыртынан қарап шықсаң, бай әулеттің үйі екені көрінеді. Джэхён үйге кіре, есік алдынан өзін күтіп алған анасына күлімдей қарады. Бала анасы қандай болмасын, оны бар жүрегімен жақсы көреді. Анасы баласының өзіне жымия қарағанын көріп, өзі де жымиыс тартты. Баласының жанына жақын келіп:

-Бүгінгі мектептегі күнің қалай өтті?-баласының арқасынан сөмкесін алып, жанындағы қызметшінің қолына ұстатты. Сосын баласының қолынан ұстай, асханаға қарай алып кетті.

-Күндегідей жақсы өтті. Достарыммен көңіл-көтеріп, сергідім...,-Джэхён әрі-қарай сөзін жалғастырмақ болып еді, бірақ асхана есігінен кірген бойда күлкісін жинай, сөзін тоқтатты. Анасы баласының мұндай реакция бергеніне таң қалмады, себебін өзі де жақсы білетін. Бірақ өз жымиысын жалғастыра берді.

-Джэхён, бүгін әкең бізбен бірге тамақтанады. Әкеңнің бүгінгі жұмыстары ерте бітіпті,-жымия Джэхёнға қарады. Дастархан басында, төр жағында отырған жасы келіп қалған еркек ұлына қатаңдау көзбен қарады.  Джэхён оның ашушаң көзін сезе, өзін біртүрлі сезіне бастады. Әкесінің жанында, отырған Джэён де, әкесінің көз қарасынан қорқа бастады. Көздерін төмен сала, тік отырып, ағасының жанына келіп отырған күтті. Джэхён анасына бұрылып:

-Анашым, мен қолымды жуып келейін,-анасына жымия, асханадан шығып кетті. Анасы баласының артынан сәл қарап тұрып, күйеуінің жанына жайғасып, Джэхён келемін дегенше, онымен сөйлеспек болды.

-Балаларды қорқытуды қашан қоясың? Сені көрген сайын, өздерін қоярға жер таппайды,- әйел балаларына деген қамқорлықпен күйеуіне ашулана қарады, бірақ ашуланып отырғанын Джэёнге білдірмес үшін жымиды. Күйеуінің қатал көз қарасын әйел өзіне де сезінді және оның ашулы екенін көрді.

-Сен енді балаларға қалай қарау керек екенімді үйретесің бе?!- қаталдықпен жауап беріп, әйеліне ашулы көздерін тастады. Әйел оның қатты дауыспен сөйлейтінін күтпеген болуы керек, сәл шошына, күйеуінің өзінің сөзін осылай қабылдағанына таң қалды.

-Жоқ, мен жәй ғана...-әйел сөзін аяқтаймын дегенше, еркектің қатты күшпен үстелді ұрғанын көріп тоқтап қалды. Әрі қарай сөйлеудің керегі жоқ екенін де білді, себебі күйеуінің ашуы қазір біреуді тыңдайтындай болып тұрған жоқ екенін сезді. Сондықтан әрі қарай үндемеуді шешті, бірақ еркек қатқыл дауыспен әйелге айғайлай бастады.

Қателіктер!!!Место, где живут истории. Откройте их для себя