Джисудың жаңа мектепке келе, ішке кіріп мектептің ішкі көрінісіне қарап, таңданып келе жатты. Дәлізде ешбір адам болмады. Сабақтар басталып кеткен көрінеді. Джису сыныптағы сабақ тыңдап отырған оқушыларға қарап келе жатты. Бірінен кейін бірін. Оқушылардың барлығы өзінің бұрыңғы мектебіндегідей қорқынышты көрінбеді, бірақ Джису көп таныстық орнатудың керегі жоқ екенін де түсініп келе жатыр. Сыныптағы оқушылар өзіне қарай бастағанын сезді. Оларға бір қарап, сыныптың жанынн өтіп кетті. Жігіттердің өзін тескен көздерін көріп, өзін біртүрлі сезіне бастады. Джису директордың кабинетін мектепті шыр айналып зорға тапты. Директорға кабинетіне кірді.
-Сәлеметсіз бе?-кабинеттің төр жағында отырған ер адамға жақын келді.
-Сен кімсің?
-Мен кеше, мектепке қоңырау шалған болатынмын. Осы мектепке ауысқым келетінін айтқанмын,- Джису неге келгенін түсіндіре бастады. Ер адам оны түсінгендей жымиды. Түрі мейірімді көрінеді.
-Ааа, иә есіме түсті. Есімің кім еді?
-Ким Джису!
-Аха, ата-анаң келмеді ме?
-Анам ауруханада сырқаттанып қалып еді, ал әкемнің жұмысы көп, сондықтан өзімнің келуіме тура келді,-Джисудың өтірік айтудан басқа амалы жоқтай. Егер директорға әкесі мен анасы жайында айтса, оның осынша проблемалық Джисуды мектепке қабылдауы екі талай еді.
-Жақсы, жеке қағаздарыңды әкелдің бе?
-Иә,міне,-Джису директордың алдына қағаздарды қойды. Директор сәл қарап отырды. Джисуды "мектепке қабылдай қоя ма?" деген ой кетер емес.
-Білім сапаң орташа екен, ендеше сені Хан мырзаның қоластына жібергеніміз дұрыс болады,- директор жанындағы телефонды алып, Хан мырзаны шақырды. Джису бұлай оңай қабылданатынын білмеді.
-Ата-анаң келіп,қағаздарға қол-қоюы керек,-директор қызға қарады.
-Директор, ол қағаздарды мен үйге апарып қойғызсам болады ма? Әкем азаннан кешке дейін жұмыста, сондықтан мектепке келетін уақыты жоқ. Анам жаңа айтқанымдай сырттанып қалып еді.
-Жақсы, саған қағаздарды Хан мырза береді.
Есік ашыла ішке орта жастағы ер адам кірді. Директор оған бәрін түсіндіріп, қызды сыныпқа апаруын өтінді. Жол бойында Джису Хан мырзаның сынып жетекшісі екенін білді. Хан мырза бір сыныптың алдына келіп тоқтап, есікті қақты. Іште басқа мұғалімнің сабағы өтіп жатыр екен. Джису Хан мырзаға еріп сыныпқа кірді.
ВЫ ЧИТАЕТЕ
Қателіктер!!!
FanficКөпір жиегінде тұрған қыз, бұрылып алып кетіп бара жатқан жігіттің артынан айғайлады: -Тэён, мені жалғыз қалдырма! Өтінем. -Джису, мен Дженниге баруым керек,-жігіт бұрыла қызға тіке қарады. -Сен маған керексің! Егер қазір кететін болсаң, мен мына кө...