Анашым

9 1 0
                                    

Джису сабақ біткесін белгісіз жолға түсті. Қайда бара жатқаны белгісіз. Абтобус аялдамасы. Аялдамаға келіп, Джису орындықтардың біріне отырып, өз автобусын күте бастады. Аспанға қарап, күннің батып бара жатқанын көріп, терең тыныс алды.

"Күнделікті өмір қайталануда. Ақ-қара түстермен боялған түссіз өмірім. Сабақ, жұмыс деп шаршап кеттім. Демалғым келеді..."

Джису автобустың келгенін көре, жол ақысын төлеп, артқы орындықтардың біріне отырды. Автобуста адам көп болмады және олар Джисуға қатты мән бермеді. Қыздың да оларда шаруасы болмады, терезеге қарап, Сеулдің түңгі әдемілігін, түңгі жарықтарына қарап отырды.

Тэён Дженниді шығарып салмақ болып жанында келе жатты. Екеуінде де үнсіздік. Тэён Дженнимен жеке қалғанда не ойларын, тіпті не айтарын білмейтін. Қазірде сол жәйт, Тэён қызбен қандай әнгіме айтарын да білмейді. Дженнидің де Тэёнмен сөйлесуге құлқы жоқтай көрінеді. Екеуінің арақатынасы мүлде түсініксіз көрінді.

-Дженни,-ұзақ тыныштықтан кейін Тэён сөз бастады. Қызға қарамай біресе жолына, біресе аяғына қарап келе жатты. Өз есімін естіп қыз оған назар аударды. Жігіт қыздың өзіне деген сезімінің жоқ екенін әуел бастан сезгендей еді, бірақ бұл жәй ғана өзінің ойы деп, бұл ойын әрдәйім итеріп тастайтын. Бастысы өзінің қызға деген сезімі шынайы екенін білетін. -Бірдеңе сұрасам деп едім....

-Иә, сұра,-жігіттің не сұрайтыны қызды аса қатты қызықтыра қоймады, бірақ сонда да жігіттен көз алмай, оның қоятын сұрағын күтті. Тэён асықпай, сұрақты қойсам ба, қоймасам ба дегендей ойланып келе жатты. Бірақ қоюды шешті. Бір орында тоқтап, қыздың көздеріне тіке қарады. Қойған сұрағы арқылы, қыздың шынайы, не өтірік жауап беретінін білгісі келді.

-Сенің жүрегіңде кім бар?-бұл сұрақтан қыздың көздері үлкейе, жауап іздеп жан-жаққа жүгіріп кетті. Тэён бұны анық көріп тұрды. Қыздың ұзаққа созылған жауабынан шаршаған Тэён:

-Жауап бермесең де болады,-алға қарай жәй қадаммен жүре бастады. Дженни жігіттің артынан қарап қалды, оның не сезінгенін түсінгендей болды. Тэённің артынан жүгіріп, оны құшақтап алды. Жігіт қыздың бұл ісіне ештеңе істей алмады. Бір орында тоқтап, тұрып қалды.

-Кешірші, Тэён. Мен тырысамын, сені жақсы көруге тырысатын боламын. Өтінем, мені тастап кетпеші,-Дженни жігітті қатты құшақтады,жіберуге де тырыспады. Тэён қыздың бұл сөздерінен соң, жүрегінің бөлініп жатқанын сезгендей болды. Бір сәтке денесі тітіркене, қыздың беліндегі нәзік қолдарында сезбей қалды. Тэён әрдайым өзін Дженниге лайық емеспін деп ойлайтын, бірақ екеуінің сезімдері шынайы болса, бар ауырпашылықты жеңіп шыға аламыз дейтін. Бірақ өзінің сезімі жауапсыз екенін сезіп, Тэён бір сәтке сезінуден қалды. Тэён есін жия, қыздың қолдарын белінен ала қыздың жасаурап тұрған көзіне қарады.

Қателіктер!!!Место, где живут истории. Откройте их для себя