Соңғы үміт оты

12 0 0
                                    

Бір сағат бұрын.

Джису көтеріңкі көңіл-күймен үйіне бара жатты. Бірақ үйіне жақындаған сайын Джинённің үйде жоқ екені, әкесімен жалғыз қалғаны есіне түсе бастағандай. Джису іштей әкесінің үйде болмағанын тілей бастағандай, бірақ үйдің ішіндегі жанып тұрған жарық бар үмітін өшіргендей болды. Үйге кіргісі келмеді, бірақ ертең мектепке баратын болғандықтан, киімдерін алып, бірден шығып кеткісі келді. Үйге жақындап, терең тыныс алып, ішке кірді. Асханада отырған әкесіне қарамастан өз бөлмесіне кіріп, киімдері мен кітаптарын жинай бастады.

-Эййй! Сен қызға мұнда кіруге кім рұқсат берді! Мен саған кет демедім бе?! Неге қайтып келдің?!-әкесі айғайлай қыздың бөлмесіне кірді.

-Сен үшін келмедім! Бұл жерде қалатын да ойым жоқ!-Джису дәптерлерін сумкасына сала, шықпақ болды.

-Ха! Қайырымсыз! Некесіз туғаныңмен қоймай, маған мінезіңді көрсетесің ғой!-әкесі қызға жаман қарап, орындығына теңселіп барып отырды. Джису әкесінің сөзінен соң, тұрған орнында тоқтап қалды. Иә, өзінің әкесінің кім екенін білгісі келді. Неге оның анасын тастап кеткенін, неге өзін тастап кеткенін білгісі келді. Сөмкесін есіктің алдына тастай, еркектің жанына келді.

-Менің әкем кім?-қыз еркекке жоғарыдан төмен қарап тұрды. Еркек көздерін қызға көтерді. Жымысқы күле:

-Оны не істемексің?! Егер сен оған керек болсаң, бұл жерде тұрмас едің ғой!-бұл сөздер Джисудың жүрегін дір еткізбей қоймады.

-Мен сенен жәй ғана оның кім екенін сұрадым!

-Сону! Ли Сону! Сенің анаңды зорлап тастап кеткен байдың жолы болмағыр баласы,-осы сөздерден жымысқы күле алдында тұрған қызға қарады. Джису не естігенін түсінбеді. Ойында тек бір сөз айналып жүрді, ол "зорлап". Сонда ғана Джису өзінің ешкімнің қалауынсыз дүниеге келгенін түсінді. Оны ешкім қаламаған, ол жәй ғана қателік. Зорлықтан пайда болған қателік! Джису бұған сене алмай, алдындағы еркекті жағасынан алды.

-Өтірік! Бұның барлығы өтірік! Сен мені алдай алмайсың!-Джису айғайлай бастады. Өгей әкесі бұған шыдамай, қызды итеріп жіберді.

-Бұның барлығы шындық! Сен қателіксің! Анаңның қателігісің! Сені дүниеге әкелмегенінде бәлкім Джинён үшеуміз бақытты болар ма едік! Бірақ анаң мейірімді ғой, сонда да сені дүниеге әкелді. Әкелгеннен кейін де өсірді. Балалар үйіне апарудың орнына сені өсірді. Сен оның көзіне көрінген сайын, оның қателігін бетіне басып отыратын сүйелге айналдың! Көзге шыққан сүйелдей, жалғыз анаңның емес, Джинённің, менің бақытымды да ұрладың!- еркек әрине бұған Джисудың кінәсі жоқ екенін біліп тұрды. Бірақ өзінің ішіндегі күйікті жеңілдету үшін, қызды кінәләй берді. Қызды көргісі келмей, қолынан ұстай далаға сүйреп шығарды. Көшенің ортасына лақтыра, үйден қыздың сөмкелерін де алып шығып, қыздың бетіне лақтырды. Кітап салынған сөмке қыздың бетіне тиіп, қызарған ізін қалдырып өтті.

Вы достигли последнюю опубликованную часть.

⏰ Недавно обновлено: Mar 24, 2021 ⏰

Добавте эту историю в библиотеку и получите уведомление, когда следующия часть будет доступна!

Қателіктер!!!Место, где живут истории. Откройте их для себя