Бақыт деген не?

47 4 2
                                    

Сеулдің қараңғы түндерінің бірі. Тоқтаусыз жүріп жатқан тіршілік. Сеулдің жарықтары қалаға ерекше әдемі көрініс беріп тұрды. Көшеден кетіп бара жатқан адамдардың кез-келгенін тоқтатып, барлығына "Бақыт деген не?" деген сұрақты қойып көрсек, әрқайсысының жауабы әртүрлі. Әрине, әркімнің өмірге деген көзқарасы әртүрлі. Бірі бақытты- ата-анам десе, бірі достарым дейді. Тағы бірі шынайы күлкі дейді. Бірақ Джисудың бұл сұраққа беретін жауабы бөлек болмақ...

-Бақыт деген не? Бақыт деген нәрсе осы өмірде бар екеніне сенімдісіз бе?  Менің ойымша бақыт деген нәрсе жоқ, бұл жәй ғана адамдардың ойлап тапқан қарапайым, алдамшы сөздері.

Джису мектептің шатырына шықты. Кеш болғандықтан мектепте ешкім болмады, жиекке жақындап алыстан нүкте болып көрінген жарықтарға қарап тұрды. Бәрін тастап кеткісі келген уақыттарды есіне алды, бірақ дәл осындай сәттерде ойына тек анасы мен інісі Джинён ғана келеді. Қыз жарықтарға ұзақ қарап тұрды, тыныштық, қыздың бетіне қыстың қатты ызғарынан қалған көктемнің салқын желі соғып тұрды. Көзін жұмып, қаланың түнде шығып жатқан дыбыстары мен желдің дыбысы барлығы қыздың ішкі жан дүниесіне ерекше тыныштық беріп тұрды. Бір сәт бұл тыныштықты бұза, телефон шырылы естілді. Джису қалтасынан телефонын шығара, экранға мән берді. "ДЖИНЁН" деген жазуды оқи сала, ішкі жан дүниесі орнаған тыныштық бір сәтте бұзылды. Телефонды алып, құлағына апарам дегенше мыңдаған сұрақтар мен олардың табылмайтын жауаптарын ойлап өтті. Қыз телефондағы жігіттің қорыққан даусын ести сала:
-Джинён, ол келді ме?
-Ну...наа мен қорқамын...
-Джинён бөлмеге бар, есікті іштен құлыптап отыр. Мен қазір барамын!-Джису телефонды қоя сала, мектептен тезірек шығуға тырысты. Бар күшін сала жүгіре кетті. Әр сыныптың жанынан жүгіре өтіп, бұл дәліздің соңы жоқтай көрінді. Мектептен сыртқа шығатын жолының бәрі жабықтай көрінді. Джису тезірек үйіне жетуді қалады. Ойынан Джинёнді шығара алмады, оның даусын, оның дірілдеп отырғаны көзіне елестеп жатқандай. Джису қаншама ойлармен мектептен ақыры шықты. Көше бойымен, бар күшін салып жүгіріп келе жатыр, байқамай соғып өткен адамдарға қарамастан жүгіре берді. Олардың айтып жатқан сөзін естісе де, олардың сөзінен Джинён маңыздырақ болды. Бағдаршам жанына келіп тоқтады. Қызыл түс, бүгін барлығы Джисуды тоқтату үшін барлығын жасайтындай көрінді. Джису жасыл түсті күтуге шыдамы жетпеді. Тек ойлағаны "Джинёнға бірнәрсе болып қала ма?" Осы оймен қызыл түске қарамастан келесі бетке жүгіре бастады. Көліктердің тежегішті басып шығарып жатқан дыбыстарын анық естісе де қарамады. Көліктен адамдар түсе, Джисуға айғайлай бастады. Джису оларға да мән бермеді. Жолдың келесі бетіндегі жасыл түстің жануын күтіп тұрған адамдардың, өзіне қадалған көз қарастарын сезсе де, оларға жеткенде бәрін итере, өз жолын тазарта бастады. Джису демінің тарылып бара жатқанын сезіп келеді, оттегі жетпей жатыр, бірақ тоқтап дем алуға да уақыт жоқ. Көшенің де соңына жақындап қалды. Осы көшенің бұрылысындағы, кішкене үйдің ішіндегі, жатын бөлмеде бір бұрышта тығылып, аяқ-қолы дірілдеп өзін күтіп отырған Джинён бар. Тезірек жетіп, оны құшағына басып, "Джинён,  қорықпа мен жаныңдамын!" деген сөзді айтуға асықты. Көшеден бұрыла, кішкене үйдің кішкене қақпасын аша, ішке жүгіре кірді. Кіре сала, әкесінің Джинёнді жағасынан ұстап ұрып жібергенін көрді. Джису бұны көре сала, жерге құлаған Джинёнға жүгірді. Бар болғаны 12-дегі Джинённің қызарған бетіне қарады. Джинёнді орнынан тұрғыза, бірден бөлмеге кіргізіп жіберді. Әкесінің өзіне қараған көз қарасын сезді. Әкесіне бұрыла:

Қателіктер!!!Место, где живут истории. Откройте их для себя