БЕЛ-БЕЛЕСТЕ

705 4 1
                                    

БЕЛ-БЕЛЕСТЕ

I

Күн түске жетпей-ақ Бақанас бойы қайнап, шыжып кеттi. Аспанда теңгедей бұлт жоқ. Бұл атрапта бұлт көрiнбегелi және бiр тамшы жауын жаумағалы талай күн болды. Шыңғыс сыртының өзге жайлауы қоңыр салқын, жауынды келсе, дәл осы Бақанас суынан оңтүстiкке қараған жақ өзгеше бiр бүк, ыстық болушы едi. Суы молдығына және көк шалғынымен қатар қарағанды, көкпектi, ақ от, қара отына қарап қоныс етедi. Әйтпесе мынау терiскейдегi қалың қара биiктiң арғы сыртынан артық жер жоқ.

Абай үй iшiнен қатты пысынап тысқа шыққанда, бұл маңдағы жан иесiнiң бәрi де ыстықтан мезi боп. Күйзелiп жүр екен.

Үлкен ақ үйдiң жанында жүндес сары ала төбет тiлiн салақтатып, аузын арандай ашып, қатты солықтайды.

Бойдақ жылқының бәрi жайылысты тастап, сонау биiк адырдың басына шығып ап үйездеп тұр.

Өрiстен қайтқан қоралы қой да су маңына шұбырып, бауырын сызға төсеп, бүйiрiн соғып жатыр. Жайылысты ойлар емес. Қумаса су қасынан тұрар емес.

Сиыр атаулы Бақанас суынан бөлiнген қара су, шалшық суларға кiрiп, көлбей-көлбей жатып апты. Бiрен-саран оқшау шыққан тайынша, құнажын болса, сәйгелдiң қуғынына ұшырап, құтырғандай жосып жүр. Құйрығын шаншып алып, қос танауы делдиiп, екi көзi дәл бiр сойғалы жатқандай аларып, ежiрейiп ап, жынданғандай жүйткидi.

Барлық жұрт түңлiктерiн жауып, iргенiң көбiн белдеуге шейiн шалқита көтерiп, түрiп тастапты.

Абай қайда барарын бiлмей, бiртүрлi мең-зең боп, есiнеп, iшi пысып тұрды да, өзенге қарай тартты. Мұрнының ұшы тершiп, басынан күн өтiп, Бақанастың ыстығына наразы боп, асығып келедi. Өзен жағасына келсе Оспан, Смағұл бастаған көп кiшiлеу балалар салқын, мөлдiр суда асыр салып, шулап, ойнап, мәре-сәре боп жатыр екен. Абай бұлардың қасынан оқшауырақ кетiп, жалғыз шомыла бастады. Осы жазда малтып үйренген. Бақанастың кең қара суын әрлi-берлi екi жүзiп өттi. Бойы қатты сергiп, көңiлденiп ап, ендi сүңги бастады.

Өзге балалардың шуында Абайдың жұмысы жоқ-ты. Бiрақ анадайдан Абайдың сүңгiгенiне қызығып тұрған Оспан, бар баланы ертiп келдi. Өзiн-өзi жалаңаш санына шапалақтап Абайға айқайлап:

– Сүңгi, сүңгi! Тағы сүңгi! Солай!– деп бұйырып келе жатып, бiр сәтте жолындағы Смағұлдың арқасына секiрiп мiнiп алды. Смағұл мұны лақтырып, түсiрiп тастаймын деп бұлқынып едi.

Абай жолыМесто, где живут истории. Откройте их для себя