Жүректегі лүпілді шынашақтың сол дірілінен анғартып, тағы да менің қолым, соқырдың алақанындай боп, алпыс екінші бөлменің есігін ақырын бір сипап өтті. Содан соң саусақтар бүгіліп, бірінен-бірі сүйеу, қолдау тапқандай иықтаса жұмылып барып, тақтайды тықылдатты.– Кіріңіз, кіріңіз, - деп екі рет қайталап айтқан қыз дауысы естілді. Мен есікті жайлап ашып, ішке кірдім.
Үстел басында Меңтай көйлегін үтіктеп жатыр екен. Мені көргеннен кейін:
– О, ағай, жоғарылаңыз, төрлетіңіз, – деп үтігін шетіне шоқитып қоя салды. Меңтай үстіне көп жуылғандықтан бұрынғы қара көк түсі бозғылттанып кеткен көнетоздау спорт костюмін киіп тұр екен. Ескілеу болғанмен етпен ет боп жабысқан осы бір жарасты киім қыз мүсінінің мүшелерін айқындап, адамды одан сайын ынтықтыра түсетіндей. Оның есесіне бағанағы ақ мойын, ақ білек, уыз кеуде біржола жасырынып, бүркеліп қалған. Мен сол бір сұлу картинаны іздегендей тамсанып, төсекке қарадым. Тап-тұйнақтай боп жиналған үй іші маған жанды ерітер тамаша картинаның бос қалғандай үңірейіп тұрған сияқты боп көрінді.
Көйлегін қоя салып Меңтай, екі қолын қатарластыра ілгері созып маған қарай жүрді.
Ағай, сіздің Жаңа жылда бақытты болуыңызға, ойға алған мақсаттарыңыздың бәрі түгел орындалуына шын жүректен тілектестік білдіремін! - деп кішкентай әсем алақандарының арасы, менің қолымды қысты.
– Егер шын тілектес болсаң, онда ойға алған бар мақсатым сенсің ғой, Меңтай», – дедім мен ішімнен. Бірақ, оны сыртыма шығарып айта алмадым.
Рахмет, Меңтай, мен де сізге соны тілеймін! – дедім оның қолын мен де қос қолдай қысып, қысып емес-ау, жас баланың ұстағандай мәпелеп.
Меңтай маған еркелей қарады. - Ағай, бір өтінішім бар, айтайын ба?
Айтыңыз, – дедім «ол не өтініш болды екен?» деп жүрегім лүп ете қалып.
Айтсам, бүгіннен бастап мені «сіз» демей, «сен» деп атаңызшы. Жарай ма?
– Неге?
– Мен сізді туған ағайымдай жақсы көремін, – деді Меңтай еркелей үн қатып. – Ал «сен» демей, маған «сіз» десеңіз, бөтен адам сияқтанып кетесіз.
Меңтай осылай деп, оң иығына қарай басын қисайтты. Үстіне спорт костюмін киген Меңтай маған бұл сәтте көз қарықтырар бөтен үйдің бойжеткенінен гөрі еркекшора боп өскен тентектеу өз бауырым тәрізденіп кетті.

ВЫ ЧИТАЕТЕ
Махаббат қызық мол жылдар
Любовные романыМахаббат қызық мол жылдар - Әзілхан Нұршайықовтың 1970 жылы шығарған романы. Шығарма екі жастың арасындағы махаббат туралы баяндайды. Автор соғыстан он екі мүшесі түгел болып келген жас солдаттың өмірі, ойларын жасырмай, көпшілікке паш етеді. Оның 3...